Денсаулық мектептері
Денсаулық мектебі – бұл халықтың нысаналы топтарын осы топ үшін денсаулықты нығайту мен сақтаудың басым мәселелері бойынша оқытудың ұйымдық нысаны.
Мектептің мақсаты – пациенттердің уәждемелерін арттыру және дәрігердің ұсынымдарын орындауын жақсарту, емдеу, оңалту және профилактикада дәрігермен әріптестік қарым-қатынасты қалыптастыру.
Пациент мектебінің идеясы – пациент пен медицина қызметкерлерінің өзара жауапкершілігі, денсаулықты қолдау және жақсарту мәдениеті, қарым-қатынас мәдениеті, дәрігердің барлық талаптарын адал сақтау ғана емес, сонымен қатар өз жағдайының барлық нюанстарын қадағалай отырып, түзету енгізу мақсатында теріс және оң өзгерістер туралы емдеуші дәрігерді уақтылы хабардар ете отырып, ауруды дәрігерге дейінгі бақылау дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері: ауру, қауіп факторлары және прогрессивті ағымының жағдайлары туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, бұл науқасқа емделушілердің өздерінің және олардың жақындарының болашақта сауықтыру процесінде белсенді өмірлік ұстанымын неғұрлым нақты қалыптастыруға және ұзақ уақыт бойы ұсынымдар кешенін орындауға мүмкіндік береді.
Сабақ өткізу технологиясы. Презентация, бейнематериалдар, көрнекі құралдар, әңгіме, сұрақ-жауаптар, интерактивті қарым-қатынас, өзін-өзі көмек көрсетуге үйрету, мотивациялық сұхбат.
«Диабет» денсаулық мектебі
Сабақтың мақсаты - мектеп қатысушыларының қант диабеті түсінігін, оның келесі асқынулары: гипо – және гипергликемиялық жағдайы, гипогликемиялық кома, диабеттік табан, бұл паталогия кезінде нысана-органдары деп аталатын бірқатар органдардың: артерия, жүрек, бүйрек, ми, көздің зақымдануы туралы; бұл аурудың қауіп факторы және даму болжамы туралы; қандағы қантты өлшеу ережелері, пациенттің күнделігін жүргізу, диабетпен ауыратын науқастың тамақтануы туралы білуі.
«Сау жүрек, сау тамыр» мектебі
Сабақтың мақсаты - артериялық гипертензиясы және жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттердің өз аурулары, қауіп факторлары (ҚФ), асқынулар және алдын алу туралы хабардар болуын арттыру; сауығуға уәждемені, емдеуге бейімдікті және дәрігердің ұсынымдарын орындауын қалыптастыру; денсаулық жағдайын өзі бақылау, асқынулар мен дағдарыстар жағдайларында дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша, сондай-ақ олардың денсаулығына мінез-құлық ҚФ (тамақтану, қозғалыс белсенділігі, күйзелісті басқару, зиянды әдеттерден бас тарту) қолайсыз әсерін төмендету бойынша біліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
«Еркін тыныс» денсаулық мектебі
Сабақтың мақсаты – пациенттерді бронх демікпесінің даму себептері мен механизмдері туралы, СОӨА ауру ағымының сипаты, емдеу және алдын алу әдістері туралы ақпараттандыру. Дәрігер мен науқас арасында серіктестік қарым-қатынас орнату. Пациентті бронх демікпесімен өмір сүруге үйрету, оның ағымын бақылау білігі. Пикфлоуметрияның көмегімен демікпені өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізу.
«Белсенді ұзақ өмір сүру» денсаулық мектебі
Өлім-жітім (86%) және аурудың ауыртпалықтарының үлес салмағы (77%) әлеуметтік-маңызды аурулар тобына байланысты: жүрек-қантамыр, қатерлі ісіктер, өкпенің созылмалы аурулары, қант диабеті. Созылмалы аурулардың 87,5% себептерінің арасында қауіп факторлары (жоғары артериялық қысым, холестерин деңгейі, темекі шегу және алкогольді тұтыну, дұрыс тамақтанбау) болып табылады. Пациенттер аурудың алдын алуда немесе оларды тұрақтандыруда өз сауаттылығын арттыра отырып, өмір сүру ұзақтығы мен белсенді ұзақ өмір сүруге ықпал етеді.
Сабақтың мақсаты – емделушілердің аурулардың даму қаупінің мінез-құлықтық факторларын жеңу бойынша мақсатты әрекеттерге қабілетін қалыптастыру және алдын алу бойынша араласу жүргізу, халықты саламатты өмір салты дағдыларына үйрету, пациенттердің өз денсаулығы үшін жауапкершілігін қалыптастыру, дәрігердің ұсынымдарын орындауға бейімділігі.
«Сіз нәрестелі боласыз!» денсаулық мектебі
«Ламаза әдісі» сабағының мақсаты: ананың босану қабілетіне деген сенімділігін арттыру, ауыру және ауырсыну сезімдерін жоюға көмек көрсету, босану процесін жеңілдету және психологиялық қолайлы көңіл-күй орнату.
Сабаққа ерлі-зайыптылардың екеуі де қатысады, мультидисциплинарлық команда (гинеколог, терапевт, неонатолог, психолог) өткізеді.
Денсаулық мектебінің жұмыс кестесі
Денсаулық мектебін өткізу орны:
СӨС қалыптастыру орталығы
С2 блогы (2-қабат), каб. 01,
тел: 70-80-35
Денсаулық мектебі |
Өткізу күні мен уақыты |
ДМ жауапты |
||||
дүйсенбі |
сейсенбі |
сәрсенбі |
бейсенбі |
жұма |
||
«Сау жүрек, сау тамыр» |
15.00-16.00 |
кардиолог |
||||
«Еркін тыныс» |
15.00-16.00 |
пульмонолог |
||||
«Диабет» |
15.00-16.00 |
15.00-16.00 |
эндокринолог |
|||
«Белсенді ұзақ өмір сүру» |
08.00-16.00 |
СӨСҚО дәрігері |
||||
«Отбасын жоспарла!» |
14.00-15.00 |
гинеколог |
Анықтама үшін 70-80-35 телефонына хабарласыңыз