Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Сапа менеджменті және пациент қауіпсіздігі қызметі

Қызмет туралы

Сапа менеджменті және пациент қауіпсіздігі қызметі – Ауруханада медициналық көмек сапасын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Аурухананың дербес құрылымдық бөлімшесі.

Негізгі міндеттері:

  • медициналық көмектің сапасын басқару бойынша Аурухананың қызметін үйлестіру;
  • пациенттің сұраулары мен үміттерін қанағаттандыруға бағдарлану;
  • көрсетілетін медициналық көмектің жоғары сапасына бағытталуы;
  • пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық қызметтерді көрсетудегі ақауларды азайту;
  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету тәртібін, пациент пен отбасы құқықтарын сақтау;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының, нормативтік-құқықтық актілердің және денсаулық сақтау саласындағы талаптарды сақтау;
  • әр қызметкерді медициналық көмектің сапасын және пациент қауіпсіздігін үздіксіз арттыру үрдісіне қатысуға ынталандыру;
  • медициналық қызметтердің сапасы және пациент қауіпсіздігі саласындағы міндеттер мен проблемаларды шешуде жүйелі тәсіл.
Егер, медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты проблемаларға тап болсаңыз, Сапа менеджменті және пациент қауіпсіздігі қызметіне хабарласыңыз. Қызмет сарапшылары Сіздің өтінішіңізге жедел жауап береді және мәселені Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес шешуге көмектеседі.

Жазбаша жолданымыңызды бірінші қабаттағы тіркеу орнында орналасқан «Шағымдар мен ұсыныстар» жәшігінде қалдыра аласыз.

Сізге Ауруханада медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмектесетін жолданымыңыз, пікірлер мен тілектеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз.

Сұлтанбекова Бибігүл Малғаждарқызы

Қызмет басшысы

PhD докторы

«Қоғамдық денсаулық сақтау, әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер

Біздің байланыс құралдарымыз:

Астана қ-сы, Мәңгілік Ел даңғ., 80, F блогы, 3-қабат, каб.55.

Телефоны: 8(7172) 70-79-69


Аурухана серіктестері