Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

«Еркін тыныс» денсаулық мектебі

Өзектілігі. ДДҰ-ның бағалауы бойынша, әлемдегі 235 миллион адам демікпеден зардап шегеді. Ресми статистиканың деректері бойынша Қазақстан Республикасындағы бронх демікпесімен ауыратын науқастардың жалпы саны 100000 адамға шаққанда 2014 жылы 63,7, 2013 жылы – 56,3 болған. Ұсынылған мәліметтерден бронх демікпесі бар науқастар санының өсуі байқалады. Олардың ішінде ең үлкен үлес салмағы 0-14 жастағы балаларға тиесілі, тиісінше 2014 жылы 92,4 және 2013 жылы 75,2 құрады.

Сабақтың мақсаты – пациенттерді бронх демікпесінің даму себептері мен механизмдері, ӨСОА, ауру ағымының сипаты, емдеу және алдын алу әдістері туралы ақпараттандыру. Дәрігер мен пациент арасында серіктестік қарым-қатынас орнату. Пациентті бронх демікпесімен өмір сүруге, оның ағымын бақылауға үйрету. Пикфлоуметрияның көмегімен демікпені өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізу.



Аурухана серіктестері