Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

«Отбасын жоспарлау» мектебі

Өзектілігі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемде балалы бола алмайтын 48 миллионға жуық жұп бар.

Отбасын жоспарлау - бала көтеріп, дүниеге дені сау бала әкелуге дұрыс дайындалуға бағытталған білім беру, медициналық және әлеуметтік іс-шаралар кешені. Отбасын жоспарлаудың заманауи әдістеріне тууды бақылау, репродуктивті көмекші технологиялар және отбасын жоспарлау бағдарламалары кіреді.  

Сабақтың мақсаты - жастардың отбасын жоспарлаудың заманауи ережелері, оның ішінде контрацепция әдістері туралы хабардар болу деңгейін арттыру; балалы болу уақыт аралығын анықтауға, контрацепция мен бедеулікті емдеудің қауіпсіз әдістерін дұрыс таңдауға және қолдануға үйрету.


Аурухана серіктестері