Медициналық статистика бөлімі
Сапаны басқару және ауруханаішілік аудит бөлімі
Орталықтандырылған стерилизациялық бөлімшесі
Инновациялық менеджмент бөлімі
Авдеев Андрей Владиславович – инновациялық менеджмент бөлімінің бастығы, медицина ғылымдарының магистрі, "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша 2-ші санат.
Медициналық технологияларды бағалау жөніндегі халықаралық қоғамның (HTAi) және халықаралық фармакоэкономикалық зерттеулер қоғамының (ISPOR) мүшесі болып табылады.

Халықаралық қатынастар бөлімі
Халықаралық қатынастар бөлімі - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының (Аурухана) құрылымдық бөлімшесі. Бөлім медициналық туризмді, халықаралық ынтымақтастықты және шетелдік медициналық ұйымдармен серіктестікті дамытады.
Бұл саладағы басты мақсат - диагностика, емдеу және оңалту, әлемдік медициналық жүйеге интеграциялау саласында кәсіпорынды халықаралық деңгейге шығару.
Госпитальдық сервис бөлімі
Аубәкірова Лейла Зейнуллақызы – госпитальдық сервис бөлімінің бастығы. Жалпы медициналық өтілі 25 жыл. Жоғары медициналық және жоғары экономикалық білімі, Moscow Business School "Медициналық клиниканың сервис стандарты" (2015 ж.) сертификаты бар.
Марапаттары:
"Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" төс белгісімен (2007ж.).

Маркетинг және жарнама бөлімі
Маркетинг және жарнама бөлімінің негізгі міндеттері
-
Жарнамалық қызметті ұйымдастыру
-
Жарнамалық бағыт бойынша аурухана кәсіпорнының жұмысы
-
Жұртшылықпен байланысты қалыптастыру және қолдау бойынша іс-шараларды әзірлеу
-
Маркетингтің жарнамалық және сервистік стратегиясын қалыптастыру арқылы нарықтық мінез-құлықтың стратегиясы мен тактикасын әзірлеу
-
Нарық пен бәсекелес қызметтерді талдау, баға мен сапа арақатынасын ескере отырып, кәсіпорынның медициналық қызметтерінің бағасын қалыптастыру
-
Маркетинг және жарнама қызметінде сапа менеджменті жүйесін енгізу және жұмыс істеп тұрған жағдайда қолдау

Ақпараттық технологиялар бөлімі
Ақпараттық технологиялар бөлімі ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім штаты 14 адамнан тұрады: бөлім бастығы, аға инженер-бағдарламашы 2 бірлік, Инженер-бағдарламашы 5 б., бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу жөніндегі инженер 5