Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

«Денсаулық» бастауыш партия

«Денсаулық» бастауыш партия ұйымы 2003 жылғы 11 сәуірде «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК-де БПҰ мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы қалалық «Amanat» партиясы филиалының «Бірлік» филиалының «Денсаулық» бастауыш партия ұйымы құрылды.

Астана қаласындағы «Amanat» партиясы қалалық филиалының «Бірлік» филиалының «Денсаулық» БПҰ төрайымы Ысқақова Гүлжан Естайқызы.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде тоғызқұмалақтан турнир өтті. 

Осы турнирде Қазақстан Республикасы Президентінiң Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы спортшалары Акдаулетов Адильхан және Абдрахманов Ерик командалық және жекелей сында бірінші орын алды. Жалпы тоғызқұмалақ турнирі дене шынықтыру және спорт арқылы салауатты өмір салтын насихаттауды және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы жүйесіндегі қызыметкерлерді белсенді, саналы спорттық шараларға қамтуды мақсат етеді.

2023 жылдың 23 қыркүйек айында ұлттық спортымызды насихаттаған керемет шара өтті. ҚР Президентінің Іс басқармасы мен бағынысты ұйымдары қызметкерлері тоғызқұмалақтан шеберлік байқасты. 10 команда бақ сынаған тартысты бәсекеде ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ауруханасы Ерік Әбдірахманов пен Әділхан Ақдәулетов екінші орынды иеленді.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ауруханасы жанындағы Аманат партиясы бастауыш ұйымының мүшелері Ақмола облысы Малотимофеевка ауылындағы Арнаулы әлеуметтік қызмет орталығында болып 120 мың теңге көлемінде аса қажетті күнделікті тұтынатын тауарларды ұсынып қайырымдылық көмек жасады.



Аурухана серіктестері