Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Серіктес клиникалармен өзара іс-қимыл және медициналық туризмді дамыту бөлімі

Бөлім туралы

Серіктес клиникалармен өзара іс-қимыл және медициналық туризмді дамыту бөлімі 2023 жылғы 01 мамырда Серіктес клиникалармен өзара іс-қимыл орталығы мен медициналық туризмді дамыту бөлімінің бірігуі арқылы құрылды.

Бөлімнің басты мақсаты

Серіктестік, жетекші шетелдік клиникалармен өзара іс-қимыл және медициналық туризмді дамыту арқылы Аурухананы үздік әлемдік практикалар клиникасы ретінде позициялау.

Бөлімнің міндеттері

  • Серіктес клиникалармен және ұйымдармен бірлескен жобаларды іздеу, ынтымақтастықты ұйымдастыру, өзара іс-қимыл жасау және іске асыру.
  • Медициналық туризмді дамыту.

Бөлім шетелдік және ұлттық клиникалармен, денсаулық сақтау ұйымдарымен, кәсіби қауымдастықтармен, өндіруші компаниялармен және дистрибьюторлармен келесі бағыттар бойынша ынтымақтастыққа дайын:

  • Серіктес клиникамен медициналық көмектің хирургиялық, терапиялық, диагностикалық, оның ішінде бірлескен жобаны әзірлеу және ұйымдастыру, тәжірибе алмасу, білім және практикалық дағдыларды беру бағыттары бойынша «кейстерді толық дайындауды» қалыптастыру және бірлесіп іске асыру
  • Бірлескен білім беру шеберлік сыныптарын, тағылымдамаларды ұйымдастыру және өткізу
  • МОА мамандарымен бірлесіп, МОА базасында және серіктес клиника базасында, оның ішінде телемедицина арқылы әртүрлі патологиясы бар пациенттерге консультация беру және емдеу үшін серіктес клиникалар мамандарының келуін ұйымдастыру.
  • МОА-да және серіктес клиникаларда қолданылатын жаңа медициналық технологияларды тарату және енгізу (технологиялар, емдеу стандарттары, медициналық жабдық, дәрі-дәрмектер және т.б. туралы ақпарат беру).
  • Тараптар арасында медициналық академиялық алмасуды қамтамасыз ету (бірлескен ғылыми форумдар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, медициналық журналдарда бірлескен жарияланымдар ұйымдастыру, өткізу).
  • Медициналық қызметтерді бірлесіп ілгерілету және имидж бен тартымдылықты арттыру мақсатында «Серіктес клиника» логотиптерін өзара пайдалану.

Бөлім басқа елдердің медициналық туристеріне сапалы және қауіпсіз медициналық қызмет алу үшін толық ұйымдастырушылық және әдістемелік қолдау көрсетеді.

  • медициналық туризмді дамыту саласында халықаралық ұйымдармен және компаниялармен өзара іс-қимыл жасау және ұйымдастыру;
  • медициналық туризмді дамыту мақсатында ақпараттық-медициналық турлар ұйымдастыру;
  • қызметтер мен мүмкіндіктерді жарнамалай отырып, дамыту

Күтілетін нәтижелер:

  • медициналық қызметтердің ең үздік әлемдік тәжірибесін қолдану;
  • жақын және алыс шетелдерден үздік (ТОП) мамандарды тарту;
  • сапа деңгейін арттыру және жоғары сапа деңгейіне сәйкес келу;
  • Аурухана үшін инвестициялар мен гранттар тарту;
  • кәсіптік дамуды іске асыру, кадрларды қайта даярлау сапасын және олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • медициналық туристер санын арттыру.

Бөлім мамандары:

Казбеков Кайрат Туреханович.jpg

Қазбеков Қайрат Төреханұлы
Бөлім бастығы
«Денсаулық сақтаудағы менеджмент» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатты дәрігер
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бакалавр

Асылбекова Құралай Қасымбекқызы
Бас маман
«Аударма ісі» мамандығы бойынша бакалавр
Телефон: +7-7172 -70- 79-98

Умралина Ақерке Сұлтанбековна
Жетекші маман
«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша МВА
«Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бакалавр
Телефон: +7-7172 -70- 65-26

Рапагатова Алтынай Шаймуратқызы
Жетекші маман
«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатты дәрігер

Телефон: +7 7172 70  79 99

Ізбасқанқызы Светлана
Жетекші маман
«Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі
«Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша бакалавр
Телефон: +7-7172 -70- 65-26

Бейсенова Құндыз Ботақызы
Маман
«Аударма ісі», «Менеджмент»
мамандықтары бойынша бакалавр
Телефон:+7-7172-70-78-80 (ішкі: 7113)

Ақдәулетов Әділхан Нұрланұлы
Маман
«Халықаралық экономика»,  «Құқықтану» мамандықтары бойынша бакалавр
Телефон: +7-7172-70-73-19

Байланыс деректері:

С2 блогы, 4-қабат, 57 кабинет

Телефон: +7-7172-70-80-14

Email: ccpk@bmc.mcudp.kz


L блогы, 6-қабат, 6.61 кабинет

Телефон: +7-7172-70-79-98

Email: international@bmc.mcudp.kz


Аурухана серіктестері