Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Алғыс хат


Алғыс қалдыру үшін >>

Ақ халатты абзал жан-дәрігер болу-ең ұлы әрі қастерлі мамандық. Тіршілік үшін судың маңызы қандай болса, дәрігерлердің де адамдар үшін мәні зор. Мен №8 емханасының 48 участкісіндегі-Омарова Гульферизатқа алғысым шексіз. Тоғыз жылдан бері демікпе ауруымен аурамын. Өмір деген кімге де болса қымбат. Ауруым жаныма батып, тылсым дүниеден баз кешкен кезімде дәрігерім-Гульферизатқа барғанда, жылы жүзімен, парасатты қарым-қатынасынан қуат аламын. Өз ісіне сүйіспеншілікпен қарайды. Жауапкершілігі өте жоғары. Тиісті дәрігерлерге жіберіп, егжей-тегжей саралап, қайта-қайта бақылайды, әрі барлығын жүйелеп түсіндіреді. Ыстық ықыласынан-ақ ауруында ұмытасың. Медбикелері-Жайлаубай Исмарал,Нурумбаева Камила істерінің ұқыпты,жанашыр,пациенттерін жылы жүзбен қарсы алып, дәрігердің нұсқауын уақытылы жазып,үлкен мән береді. Еңбектері ерен. Сіздерге ауыр да жанкешті, мәртебелі жұмыстарыңызға табыс тілеймін! Отбасымыз амандық, денсаулықтарыңыз мықты болып, емделушілеріңіздің сый-құрметіне бөлене беріңіздер!

– Шайкенова Майра Кульмаганбетова, 26.06.2024


Мен Маңғыстау обл Жаңаөзен қаласы. Қызылсай аулының тұрғынымын. Қызылсай емханасының ақ халатты абзал жандар дәрігер Ужазова Алтын Ә.медбикесі Ембердиева Қанапияға шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Дәрігер өз ісіне ұқыпты, жанашыр, өз пациенттерін жылы жүзбен қарсы алады. Біздерге уақтылы дәрілерін беріп тұрады. Қабылдау кезінде барлығын жүйелеп түсіндіреді. Сіздердің кәсіби мерекеңізбен құттықтаймыз! Осы емханада қызмет жасайтын ақ халатты жандарға мың алғыс! Дендерің сау болсын. бала —шағаңыз аман болсын! Біз біргеміз!

– Жүсіпов Аманқос Ж. Усенбаева Зиба, 14.06.2024


Мен алғысымды гематолог дәрігер Есжанов Е.Е білдіремын. Дәрігер өз ісіне ұқыпты, жанашыр қолынан келгенше көмек берді. Қабылдау кезінде барлығын жүйелеп түсіндіріп, сұрақтар қойып қайталап сұрады, жалпы нағыз жан ашыр дәрігер. Осындай дәрігерлер көп болсын, науқастар аз болсын дегім келеді. Есжанов Е.Е жұмысына сәттілік, денсаулық тілеймін!…

– Амиров Керимхан Абуталипович, 29.03.2024


Хотим выразить большую благодарность врачам и всему медицинскому персоналу УДП за оличную работу, высокий профессионализм и сердечность. Мы обслуживались в Вашем учереждении два года. Особую благодарность хочется выразить врачу терапевту Кенжиной Турар Айткалиевне и мед.сестре Салтанат! Это чуткие, добрые, интеллегентные люди, знающие свое дело.

– Сыздыков Куаныш Ныгманович, 15.01.2024


Құрметті ак халатты абзал жандар!Құрметті достар! 2023 жыл қорытындысы бойынша Сіздерге деген шексіэ ризашылығымызды білдіруді жөн көрдік.Осы орайда,ұжымның кейбір бөлімдері мен маманларды атап өтуге лайықты деп санаймыз.Олар дәрігер Гүлжамал Әбдіқадырқызы Қалибековаға, №6 терапия бөлімінің  меңгерушісі, дәрігер Гүлайым Жәділқызына, осы бөлімнің дәрігерлері Айнұр Әскербекқызы Амерқұловаға, Гүлім Амангелдіқызы Асқароваға, осф бөлімнің орта буын медқызметкерлеріне, поликлиника дәрігерлері Гүлжан Уахитқызы  Сейдахметоваға, мед бикесі Жанар Раймбаеваға,20 учаске дәрігері Ақмарал Сансызбайқызы Жұбатхановаға, медбикесі Гүлнара Қабдрзаққызы Сейфулинаға, дәрігер Гүлім Болатқызы Айдарбековаға,УДЗ дәрігері Ермухаметова Гузялияға, медбикесі Жанар Нұрмағамбетоваға шын көңілден  алғыс білдіреміз. Жаңа жылда Сіздерге зор денсаулық, табыс тілейміз.Құрметпен, мемқызмет ардагері Ибеков Тастемир Бакирович.

– Ибеков Тастемир Бакирович, 27.12.2023


Жалпы емхана дәрігерлері мен қызметкерлеріне шексіз алғысым бар. Өте сыпайы,білімді. Әр пациентке қамқорлық пен қарап, барлық ем-шараны жасауға ықпал етті.

– Жаруллин Мендигерей, 02.11.2023


Хочу выразить свою благодарность и признательность врачу гинекологу Дихтярь Татьяне Михайловне. За её профессионализм и чуткое отношение к пациентам. Знаю Татьяну Михайловну очень долго, она прекрасный, добрый и вежливый человек. Всегда стараюсь попасть к ней на прием. Мое большое уважение к этому замечательному доктору.

– Галихина Наталья Григорьевна, 01.09.2023


Сердечно благодарю врача УЗИ Шукумову Марал Мухтаровну за её добросовестный труд, профессионализм, доброе отношение к пациентом, внимательность и точность в проведении исследования. Более 25лет лечусь в вашей больнице и всегда стараюсь записаться к Марал Мухтаровне. Хочу пожелать всему коллективу поликлиники профессионального роста, здоровья и всех жизненных благ.

– Галихина Наталья Григорьевна, 01.09.2023


Өмірдің арашасы – дәрігер. Ал дәрігердің Жылы ықылысы мың дәріден де артық. Мен осы емханнаның қызмет көрсету сапасына өз алғысымды білдіргім келеді. Емдеу шарасы кезіндегі тексеру өте жақсы ұйымдастырылған, кезек күттірмей белгіленген тәртіппен өту ыңғайлы екен. Дәрігерлер де асықпай мұқият қарауға мүмкіндіктері бар. Қаралуға келген кісімен түсінісушілік ортады.
Әсіресе ыстық ықыласымен қарсы алатын терапевт дәрігер Аманова Қымбат Аманбаевнаға және администратор Толеубаева Лаураға ерекше алғысым шексіз.
Жұмыстарыңыз алға баса берсін, еңбектері өрлей берсін, орындарыңыз төрлей берсін. Рахмет сіздерге!
Сланбек Айгүл Көшкінбайқызы
20.07.2023ж

– Сланбек Айгүл, 24.07.2023


В первых строках своего благодарственного письма, хочу поблагодарить весь коллектив Больницы Медицинского Центра Управления делами Президента РК, с которым я имел честь взаимодействовать по Воле Всевышнего АЛЛАХА.
Однако особую благодарность за чуткость восприятия нужд пациентов, их болезненного состояния, безраздельное отношение ко всем пациентам клиники хотел бы выразить врачам и коллективу отделения неврологии, которые исполняют свой профессиональный долг под чутким руководством Заведующего отделением Аймагамбетовой Венеры Канатовны, чей наставнический опыт и профессионализм позволяют осуществлять по истине прорывные достижения.
И, наконец, высшую степень благодарности за чуткость, высокий профессионализм, морально-психологическую поддержку, высокие Человеческие (с большой буквы) качества хочется выразить непосредственно моему лечащему врачу - ОСПАНОВОЙ ЖАНАР БАХЫТЖАНОВНЕ!!!
Находясь в тяжелом и крайне болезненном состоянии (воспалении мозга), я попал на лечение к этому замечательному доктору, который проявил все свои наилучшие качества специалиста и, по воле Всевышнего АЛЛАХА, сделал "чудо" - блокировал дальнейший рост воспаления, определил курс дальнейшего лечения и направил вектор моей последующей реабилитации.
Огромное человеческое спасибо, Уважаемая Жанар Бахытжановна!!!

С уважением и самыми наилучшими пожеланиями,
Нурлан Калиевич Смагулов - Министерство иностранных дел РК

– Смагулов Нурлан Калиевич, 17.07.2023


Мен, 15 учаскенің пациенті Яшкурова Орис Яшкуровна невропотолог дәрігер Ырысты Өтеубаевна Сүтбаеваға және медбике Динара Сейтжановна Канаеваға өзімнің алғыс сезімімді білдіргім келеді. сы жылдың 30 сәуірінде есімнан танып құлап қалып, "жедел жәрдемнәң" көмегімен есімді жыйып, одан соң невропоьлогқа көрігдім. Сүтбаева Ы. Ө барлық зерттеулік шараларды тездетіп жүргізіп, маған тездетіп нейрохирургтың кеңесіне жүгінуді талап етті. Және басымның ми тамырында аневеризм левой ВСА-ның бар екенін айтты. Маған қауіпті бұлаурудың тездетіп ота жасалуына келісуді сұрады. Мен Сүтбаеваның айтуы бойынша Диагностикалық нейрохирурхия орталығының нейрохирургтеріне барып, жеделдетіп операция жасатуға келістім. операция сәтті өтті. Қажетті құжаттарды тездетуде, маған кеңес беруді Динара Сейтжановна мен Ырысты Өтеубаевна нағыз жанашыр дәрігер екенін байқатты. Сондықтан,ҚР Президенттік іс басқармасынының медициналық орталығының директоры В.В. Бенберинге осындай мамандарға әрқашан қолдау көрсетіп, алғыс жариялауын сұраймын.

– Яшкурова Орис Яшкуровна, 05.07.2022


Мен Акушер гинекологиялық бөліміндегі акушер-гинеколог Калдыбаева Жанар Есенгелдыевнаға және мейірбике Мадина Серікбайқызына үлкен Алғыс айтқым келеді. 9 ай бойы осы кісілердің қарауында болдым, қарап қана қоймай менімен бірге уайымдап, білмеген нәрселерімнің барлығын түсіндірді. Өмірге дені сау сәби алып келуіме алдымен Алла одан кейін осы кісілер себепші болды
Еңбектеріңіз жана берсін!

– Жакыпбекова Жансая, 24.06.2022


Мен осыдан бір жыл бұрын Сіздердің емханада ем алдым.Дәрігерім Венера Қанатқызы болды,Сізге алғысым шексіз. Мен Қызылорда қаласының тұрғыны мын,маған бир жыл бойы толық диагноз қоя алмай қиналдым,Венера Канатқызы толық диагнозымды қойып сол бойынша ем-шара жүргізді.Өз ісінің шебері,дәрігер әрі психолог десем де болады. Әрбір пациенпен жарты сағаттан аса отырып сөйлескен дәрігер көрмеппін. Венера Канатқызы сіз мені емдедіңіз,әрі қарай өмір сүруге үлкен мотивация бере алдыңыз.Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын деген қазағым,еңбігіңіз жана берсін,әрқашан абыройлы болыңыз,білікті және жауапкершілігі мол дәрігерсіз халықтың алғысына бөлене беріңіз.
Құрметпен Алибаева Индира Жолдасбекқызы

– Алибаева Индира , 21.06.2022


Бүгінгі Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні Президент Іс басқармасының медицина Орталығының онколог дәрігері Ахметов Кенжебек Рабилбековичті семьямыздың атынан кәсіби мерекесімен құттықтаймыз.Білікті дәрігер, абзал азамат, емделушілерге жан жылуын шынайы көңілден арнап жүрген ақ халатты абзалжанға амандық,аброй тілеймін. Құрметпен қоғам қайраткері Республикалық Жалаңтөс Баһадүр қорының президенті Нажмадин Түрікпенұлы Мусабаев.

– НАЖМАДИН ТҮРКБЕНОВЧ МУСАБАЕВ, 19.06.2022


Көптен күткен жүктілік болғандықтан есепке тұрарда қандай дәрігерлерге қаралатыным алаңдатпай қоймайды.Бағыма қарай, жауапкершілігі мол өз ісінің мамандарына жолықтым. Осы ретте акушерлік-гинекологиялық бөлімше қызметкерлеріне, атап айтқанда, терапевт, психолог,УДЗ бойынша мамандарға және жас та болса білікті акушер-гинеколог Жанар Есенгелдіқызына, мейірбике Мадина Серікбайқызына ерекше алғысымды білдіргім келеді. Мерекелеріңіз құтты, еңбектеріңіз жемісті болсын!!!

– Сералина Жанна, 17.06.2022


Мен Атырауда диагноз қоя алмаған соң арнайы осы Ауруханаға келдім. Өзімді 2013 жылы АКШ жасаған сүйікті дәрігерім Ермагамбет Муканович Қуатбаев осында жасайды екен. Келгенде қиналып келсем де оны көргенде бар қорқынышым сейіле бастады. Ол өзінің туғанындай қабылдап ақылын айтып,ақылы емделуге 2-Терапияға жолдады. Бөлімше бастығы Гүлбану Жақсыбаевна да керемет дәрігер екен,жан-жақты қарап, тексеріп, нақты диагноз қойды,ақыл-кеңесін беріп ақылы емге жатқызды.Сол күннен бастап өзі қадағалап, тездеп ем берді.Осы екі дәрігердің адамға деген дария көңілдері,ашық мінездері,науқасқа деген кең пейілдерін-мен еш жерден көрген емеспін. Жандарын салып ем жасаудың ең озық үлгісін мен осы дәрігерлерден көрдім. Уақыт оздырмай ота жасатты,одан соң да жаныма жиі келіп жағдайыды сұраумен болды.Емші дәрігерім Зарина Исмагулова да бір айналайын дәрігер екен, әр емді тәптіштеп түсіндіріп отырды.Осы үш ақ халатты абзал жандардың көмегі тиіп елге жазылып қайттым. Әлі де арасында телефонмен кеңес алып отырамын. Осындай жандарды жанына жинаған Аурухана директорына да мың Алғыс.Алғыс арқалап жүрген ос аталған үш дәрігеріме қандай мақтау, награда берсе де артық болмас еді.Атыраудың Құрметті Еңбек Ардагері- Карим Бақриденов.10.06.2022.

– Бақриденов Карим Бақриденұлы, 13.06.2022


Бүкіл Больницанын ұжымына алғысымды білдіремін.

– Гульмира, 13.06.2022


Саламатсыздар ма! 2022жылдын 15 сауири куни, сагат 10дын шамасында баламнын аягы куйип Атырау облыстык балалар емханасынын травматология болимине тускен болатынбыз.. Сол кеште бизди кабылдап алган даригерлер Сергей Тимофеевич жане Елдар Жайыккалиевичке алгысым шыксиз! толыктай карап, сол жерде алгашкы комектерин аямай, оте жогаргы денгейде даригерлик комегин корсетти. Баламнын толыктай сауыгып кетуине колда бар мумкиндигин толык жане киршиксиз орындаган емдеуши даригеримиз Руслан Оракулына улкен алгысымды айткым келеди. Тагы да Ага мейирбике Гулбаршын Ермекбаевнага, перевязка жасап, емимизди уакытылы жасап журген Загипа, Инкар медбикелерге, Жанар апа, Нургул апаларга алгысым шексиз. Осы жогарыда айтылган ак халатты абзал жандардын оз жумыстарына укыпты жане улкен жауапкершиликпен карайтынын айткым келеди. Сиздерге енбектеринизге табыс, отбастарынызга аманшылык тилеймин! Елимиздин салауатты омир суруге коскан улестеринизге мында бир рахмет! истеринизге береке берип, Алла разы болсын!!! Тулебаев Хакназардын мамасы

– Байхатова Гульнара Сулейменовна , 01.05.2022


Барокамера бөлімінің ұжымына,олардың еңбектеріне мың алғыс,өйткені олар өз жұмыстарыеа өте ұқыпты, үлкен жауапкершілікпен қарайтынын айтып. Сіздерге еңбектеріңізде табыс,от бастарыңыздарға бақыт тілеймін.

Еліміздің салауатты өмір сүруге қосқан үлестеріңе мыңда бір рахмет.

Қожан Т.Ә.

                                                          


Барокамера бөлімінің қызметкерлеріне шексіз алғысымды білдіргім келеді. Мен Асанова Тұрған Нуртайқызы (зейнеткер) қатты ауырып осы емханада ем қабылдадым. Менің ден – саулығымның түзелуіне көп әсері бар деп дәрігерім осы барокамераға жіберді. Мұнда келіп, дәрігерлердің шынайы жарқын жүздерін. Кішіпейілділігін көріп дән риза болдым. Емнің бір бөлігі осы дәрігерлерден келіп жатқан сияқты. Оттегімен емдеу өте дұрыс сияқты.Өзімнің дұрысталып келе жатқанымды сезіндім. Осы бөлімнің қызметкелеріне рахметімді айта отырып,зор денсаулық, еңбектеріне жеміс тілеймін.

Рахмет сіздерге.


Қолда бар барлық қосымшаларды қоса алғанда осы электронды хабарлама «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК тиесілі құпия ақпаратты қамтуы мүмкін, және жоғарыда көрсетілген алушы үшін ғана арналған. Егер Сіз тиісті алушы болып табылмасаңыз, осымен жариялау, көшіру және таратуды қоса алғандағы кез келген әрекеттерге тыйым салынғанын ескертеміз. Егер Сіз осы хатты жаңылысып алсаңыз, өтінеміз, дереу жіберушіге хабарлап, өз жүйеңізден барлық қосымшаларды қоса алғанда осы электронды хабарламаны жойыңыз.


Мен Қайырбекова Наршагүл Қазбекқызы контингент (госслужащий) өзімді емдеп жүрген невролог Сутбаева Ырысты Отеубаеваға үлкен алғысымды айтқым келеді. Жұмысын жақсы атқаратын дәрігер. Алғысым шексіз, ол кісіге денсаулық, мол табыс тілеймін. Сонымен, қатар басқада дәрігерлерге рахметім айтқым келеді.


Қурметті Валерий Васильевич!

Сізді және Сіз басшылық жасап отырған ұжымыңызды «22-Наурыз -Жаңа жыл» мерекесімен шын жүректен қүттықтаймын!

Елбасының алға қойған міндеттерін орындау жолында сіздерге қажымас-талмас қайрат, табысты еңбек тілеймін!

Менің мереке қарсаңында ерекше тоқталып кеткім келіп отырғаным, бізді, кейінгі уақыттарда Сіз басшылық жасап отырған үжымда ұлттық- идеологиялық түсінігі мол, өз міндеттеріне терең бойлап жүмыс істейтін дәрігерлердің ауыруымызды сейілтіп науқастардың сауығып кетулеріне қолда бар мүмкіндіктерін толық және кіршіксіз атқарулары.

Мен мұндай мамандарыңыздың қатарына «Қалыпқа келтіру емі және оңалту Орталығының» төмендегі дәрігерлерін:

-      Мәдинат Амантайқызы Жүнісова - Орталық жетекшісі,

-      Гүлмира Амантайқызы Жакенова - Емдеу жетекшісі,

-      Дүзельбаева Бақыткүл Темірбековна - Дәрігер - реабилитолог,

-      Гүлнәр Шәріпқызы Қажыбаева - Инемен емдеу тобының жетекшісі,

-      Қалиева Айжан Тоқанқызы - Эрготерапия мейірбикесі,

-      Жансейіт Нұрбек- Гимнастика бойынша нүсқаушысы,

-      Еркін Қарғин - Бассейндегі нүсқаушысы,

жатқызбақпын.

Үстіміздегі жылдың ақпан айында мен ауырып «Иықтың басқа зақымдануы» диагнозымен, тағайындалған физикалық емдерді:

-жеке емдік дене шынықтыру,

-иық буынының белсенді-пассивті дамуы,

-иық белдеуінің бүлшық еттерін нығайту емдік шараларын қабылдадым.

Мен емделіп жүрген сәттерімде Орталықтың меңгерушісі Мәдинат Амантайқызы Жүнісованың жэне Емдеу жетекшісі Гүлмира Амантайқызы Жакенованың жалпы жағдайға түбегейлі көңіл аударып оған алаңдаушылық жасап, өз мамандарымен кеңесе отырып нақтылы да ашық жағдайда орындаған инабатты іс-шараларына өте ризашылығ үмытылмас сезімдемін.

Мен әсіресе алғашқы сәттен бастап денсаулығымдағы проблемалық деталдарды зерттеп-саралап, емделуіме тұрақты түрде кеңес беріп отырған Дәрігер - реабилитолог Бақыткүл Темірбекқызы Дүзельбаеваны ерекше қүрметпен атап өтемін!

Қадірлі Валерий Васильевич!

Бүгінгі мәні зор мереке үстінде Сізге жэне үжымыңызға бар жақсылықтар мен табыстар тілей отырып Сізден:

- Орталықтың меңгерушісі - Мәдинат Амантайқызы Жүнісоваға,

- Емдеу жетекшісі - Гүлмира Амантайқызы Жәкеновага,

-Дәрігер-реабилитолог - Бақыткүл Темірбекқызы Дүзельбаевага, -Инемен емдеу жетекшісі - Гүлнәр Шәріпқызы Қажыбаевга, жэне дәрігер мамандары: Қалиева Айжан Тоқанқызына, Жансейіт Нүрбекке, Еркін Қарғинге

«Наурыз» мерекесі қарсаңында марапат жасалып, сыйақы беріліп және олардың еңбегі өзге мамандарга үлгі болуын сүраймын!

 Қүрметпен,

«Қүрмет» орденінің иегері, зейнеткер

Өмірбай Абайдилдин


Мен Жанабекова Бейбиткул Мауленовна сіздің полик - ның УЗИ врачы Ахметжанова Айжан Ахметжановна, медсестра: Сыздыкбаева Дамеш Ергалиевнаға өз алғысымды айтамын. Бұл кісілер өз ісінің маманы, жұмысына ұқыпты, білімді, саналы, ауруларменен тілтабыса білетін кісілер екен. Бақыт, денсаулық тілеймін.


Құрметті Валерий Валисьевич!

Сізге және барлық ұжымға алғысымды білдіруге рұқсат етіңіз, әсіресе тіркеу бөлімінін мамандары Гульшат Мукашева, Айсұлу Ақылжанова, Мөлдір Мақсұт, Асем Нұрлыбаева, Алтынай Макишева, Карина Сертаеваларға және №28 тіркеу кабинетінің мамандары Жанна Оспанова, Гульмира Демеуова, Алия Мукашеваларға, сонымен қатар мейірбике Айгерім Камиева, Азиза Нугмановаларға өздерінің функционалдық міндеттерін өте жақсы орындайтыны, кәсібилігі мен жеделдігі үшін ризашылығымды білдіремін.

Еңбектерініз адамдарға тек қуаныш пен шипа сйласын. Сіздердің отбасыларыңызға амандық, десаулық, күш, бақыт және табыс тілеймін.

Құрметпен, Д. Н. Ганиев


Мен, Төлепбергенов Ерик Сексенұлы сіздердің өте тамаша дәрігерлеріңізге мыңда бір алғыс айтамын, атап өткенде Сарбалинова Гульжан Қонапияқызына және медбейке Жылқайдарова Мира Қалибекқызына. Болашақта сіздердің ұжымдарыңызға үлкен табыстар тілеймін. Құрметпен Төлепбергенов С.


Өмірдің арашасы – дәрігер. Ал дәрігердің ықылысы мың дәрігерден артық. Келген сайын ыстық ықыласымен қарсы алатын жүрегі алтын, жүзі жарқын, адамдығы ерекше Мәдика Мейірімқызы Мұқатайға айтар алғысым шексіз. Ал Бәтия Сатбайқызы бүкіл медбикелердің ішіндегі нағыз алтыннан қымбат адам. Мендегі өтініш осы екі жанға келген сайын қабағы қатыққы жанның өзі күліп шығады. Бұл кісілерге емхана басшылығы марапатқа ұсынса деген ойым бар. Өйткені адамға жылу берген, ықылас  танытқан халыққа жақын докторм –  әлемдегі ең тамаша дәрігерден білемін. Құрметпен Әкім Ысқақ.

Мен Жұмаханова Құралай  осы емхананың гинеколог– дәрігері Алдаберген Гүлмира Сериковнаға  алғыс білдіремін.  Ол кісі, өз ісінің шебері. Анализге қарамай– ақ бәрін дұрыс айтып береді. Кейін анализ тапсырғаннан кейін айтқаны дәл солай болғанда өзің таң қаласын. Дәрігер – тек маман емес, жанның да емшісі десек, Гүлмира Серикқызы адам жанын да  бірден ұғып тұрады. Қолы да, сөзі де алтын осындай дәрігерлердің барына мың шүкір. Гүлмира Серикқызы сияқты өз ісінің маманы бар осы клиника басшылығы мен ұжымына сәттілік тілеймін. Еңбектерініздің жемісін көре беріңіздер! Ізгі ниетпен, Құралай Жұмаханова.

Алдын ала тексеру өте жақсы ұйымдастыру жағдайына қойыпсыздар, кезек күттірмей белгіленген тәртіппен өту ыңғайлы ұйымдастырылыпты. Дәрігерлер де асықпай мұқият қарауға мүмкіндіктері бар. Қаралуға келген кісімен түсінісушілік ортады. Жұмыстарыңыз алға баса берсін, еңбектері өрлей берсін, орындарыңыз төрлей берсін. Рахмет сіздерге!

Әбсаттаров Муталап


Құрметті Валерий Васильевич

Сізге және Сіз басшылық жасап отырған ұжымға, әсіресе тіркеу бөлімінің мамандары Гүлшат Мукашева, Айсұлу Ақылжанова, Мөлдір Мақсұт, Әсем Нұрлыбаева, Алтынай Мәкішева, Карина Сертаеваларға және № 28 тіркеу кабинетінің мамандары Жанна Оспанова, Гүлмира Демеуова, Әлия Мұқашеваларға, сонымен қатар дәрігерлерді үйге шақыру қызметін жүзеге асыратын мейірбекелер Әйгерім Камиева, Әзиза Нугмановаларға өздеріне жүктелген міндеттерін жоғары сапалы деңгейде атқарып, медицина орталығына келушілерге сапалы қызмет көрсеткендері үшін өз ризашылығымды білдіремін.

Сіздердің ерен еңбектеріңізге, жақсы мейірімді жүректеріңізге алғысым шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздердің отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш- жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілеймін. Біліктіліктеріңізді одан әрі шыңдап, биік шыңдардан көрінулеріңізге тілектеспін.

Құрметпен, Каримов Н.С.


Құрметті, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Бақармасының Медициналық орталығы ауруханасының Соматикалық бөлімінің кызметкерлері! Бүкіл әлем халқының үрейін алған пандемиядан халқымыздың денсаулығын сақтау үшін тынымсыз еңбек етіп, Ауған соғысы ардагерлеріне мадициналық көмек көрсеткен ақ желеңді абзал жандарға алғысымды білдіремін. Сіздер мамандық алдындағы адалдық, отансүйгіштік қасиеттеріңіздің арқасында әр адамның өмірі үшін аянбай еңбек етіп келесіздер. Әр саулығып кеткен пациент с олардың отбастары мен жақындарына мереке мен қуаныш сыйлайтын сіздердің жеңістеріңіз. Сіздерге мықты деңсаулық, кәсіби өрлеу, отбасыларыңызға бақ – береке тілеймін. Құрметпен, Халық ҚаҺарманы, генерал – лейтенант Б. Ертаев.


Құрметті Валерий Васильевич!


          Сізді және Сіз басшылық жасап отырған ұжымыңызды келе жатқан «Жаңа -2021 Жыл» мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

            Елбасының алға қойған міндеттерін орындау жолында сіздрге қажымас-талмас қайрат, табысты еңбек тілеймін!

            Менің «Жаңа -2021 Жыл» мерекесі қарсаңында ерекше тоқталып кеткім келіп отырғаным, кейінгі кездерде Сіз басшылық жасап отырған кәсіпорын қызметкерлерінің парасатты сезімімен, қызмет бабымен айналысатын жандардың назарына ерекше көңіл бөліп, олардың жағдайын және қиналысын түсініп, мәселелерінің жылдам да, спалы орындалуына белсене еңбек етіп жүрген дәрігерлердің көбейе бастауы. Бізді, кейінгі уақыттарда медицина саласында, оның ішінде Сіздің басшылық жасап отырған кәсіпорында ұлттық-идеологилық түсінігі мол, өз міндеттеріне терең бойлап жұмыс істейтін жас қазах дәрігерлердің көбейіп келе жатқаны қуантады.

         Мен мұндай қызметкерлеріңіздің қатарына, сіздің Кәсіпорыныңызға қарасты «Емдік дене шынықтыру» бөлімшесінің дәрігерлері:

- Мадинат Амантайқызы Жүнісова - орталық жетекшісі,

- Кулмира Амантайқызы Жакенова – үйлестіруші дәрігер,

- Жанат Шәріпқызы Қазыбаева – инемен емдеу дәрігері,

- Қалиева Айжан Тоқанқызы – эрготерапия мейірбикесі,

- Жансейіт Нұрбек - емдік дене шынықтыру нұсқаушысы сияқты парасатты дәрігер мамандарыңызды жазбақпын.

           Жоғарыдағы мамандар осы жұмыстың қыры – сырына жетік, өз еңбектерін еліміздің халқының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қызмет жасап, жұмысының негізгі мақсатын олардың сана сезіміне терең ұғындырып, « емделуші және дәрігер» ұғымына ұлттық кейіпте ерекшеліктер енгізіп, олқылықтарға жол бермеу жолында үлкен ізденіс үстіндегі мамандар екендігін аңғартты.

               Мен емделіп жүрген сәттерімде, әсіресе бөлімше жетекшісі Мадинат Амантайқызы Жүнісованың менің денсаулығымдағы проблемалық деталдарды саралап, оған алаңдаушылық жасап, өз мамандарымен кеңесе отырып нақтылы да ашық жағдайда орындаған инабатты іс – шараларына өте ризашылық сезімдемін.

          Мен сөзім соңында, еліміздің медицина саласында саналы да сапалы қазақ азаматтары мен азаматшаларының көбейіп қалыптасып келе жатқанына қуаныш сезіміді білдіріп, Сіздерді алдағы келе жатқан «2021 Жаңа Жылдарыңызбен» құттықтап және еңбектеріңізге жеміс тілей отырып, мамандарыңыздың осындай алдағы келелі, жақсы жақсы ізденістерге талпынып тұрған сипатын бос жіберуге болмайтыныдығын және оны одан әрі жандандырып, өзге мамандарға үлгі болуы қажет деп санаймын!

                                  Біреулердің өнегелі бір ісін,

                                     Көре тұра көрмегендер құрысын!

                                     Нең кетеді жақсы десең жақсыны,

                                     Нең кетеді дұрыс десең дұрысты?!

                                                                 (Қадыр Мырзалиев)

Құрметпен,

«Құрмет» орденінің иегері, зейнеткер               Өмірбай Әбәйділдин



Аурухана серіктестері