Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Азаматтардың жедел медициналық көмек қызметіне жүгіну қағидалары

Құрметті пациенттер!
«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК-нің жедел медициналық жәрдем бөлімшесі тіркелген халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетеді. Тәулік бойы 70-79-03 (04) телефондары бойынша хабарласуға болады.
Жедел медициналық жәрдемді шақыруға арналған көрсетілімдер туралы пациентке арналған ақпарат. 

ҚР ПІБ МО Ауруханасының құрметті пациенті!
ҚР ПІБ МО Ауруханасы емхананың жұмыс уақытында жұмыс күндері сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күндері сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін, өмірге қауіп төндірмейтін жағдайлардағы шақыртуларға емхана қызмет көрсететінін хабарлайды, емхананың телефоны 70-79-08, 70-80-90 (Call center). 

Емхананың дәрігерлер бригадасын шақыруға көрсетілімдер тізбесі (дәрігерді үйге шақыру) 
(«Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына сәйкес):

Науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей қаупі жоқ жіті аурулардан немесе созылмалы аурулардың өршуінен туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуларынсыз пациенттің жай-күйі 1 Жіті аурулар немесе өмірге қауіптің айқын белгілерінсіз созылмалы аурулардың асқынуы
2 Терінің және теріастының жіті қабынған және аллергиялық аурулары
3 Жеңіл жарақаттар (терең емес жарақаттар, күйіктер, соғып алу, жара)
4 Созылмалы аурулардың салдарынан ауырсыну синдромы
5 Құсу + сусызданудың жеңіл белгілерімен сұйық нәжіс
6 Жүкті әйелдердің құсуы (12 аптаға дейін)
7 Несеп шығару жүйесі ағзаларының созылмалы ауруларынан туындаған несептің жіті жүрмей қалуы
8 Қан аралас несеп
9 Босанулардан, жасанды түсіктерден кейінгі қабыну аурулары
10 Тыныс алу жолдарынан басқа бөгде денелер
11 Медициналық-санитариялық алғашқы көмек немесе стационар жағдайларында медициналық манипуляцияларды жүргізуді талап ететін өзге де жағдайлар
12 Жануарлар мен жәндіктердің тістеп (шағып) алуы
13 Артериялық гипертензия (криздің асқынуынсыз)
14 Өздігінен түспейтін жоғары температура

Жедел медициналық жәрдемнің мамандандырылған дәрігерлік / фельдшерлік бригадалары «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына сәйкес, шақыртулардың жеделділік 1-3 санаттары бойынша жіті аурулар мен өмірге қауіп төндіретін жай-күйлер кезінде, сондай-ақ оқиға орнында және (немесе) медициналық ұйымға бара жатқан жолда денсаулыққа елеулі зиянды болдырмау үшін шұғыл және шұғыл медициналық көмек көрсетід. 

Жедел медициналық жәрдем бригадасы дәрілік заттарға рецепт жазбай, еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақтарды бермей, қайтыс болу фактісін куәландыруды жүргізбей және қайтыс болу туралы қорытынды бермей, алкогольдік және есірткілік мас болу тұрғысынан куәландыруды жүргізбей шақыруға қызмет көрсетеді!
ЖМЖ бригадасын негізсіз шақыру (жедел жәрдем шақыруына көрсетілімдердің болмауы) ағымдағы тәртіппен талданады және жұмыс орнына беріледі.
Емхана әкімшілігі  емхананың жұмыс уақытында жоғарыда көрсетілген жағдайлар бойынша емхана дәрігерлерін шақыруды немесе учаскелік терапевтке қабылдауға келуді сұрайды.


Аурухана серіктестері