Иконка Call Center

Иконка для слабовидящих

Тіркелу

Ғылым және инновация бөлімі

Ғылым және инновация бөлімі Аурухана құрылымында 2025 жылдың ақпанынан бастап жұмыс істей бастады.

Бөлімнің миссиясы

Медицина саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді іске асыру және дамыту, медициналық көмек көрсетуге бағытталған жаңа бірегей және инновациялық технологияларды енгізу бойынша трансфертке жәрдемдесу.

Бөлімнің пайымы

Дәрілік препараттар мен технологияларды клиникалық зерттеулерді қоса алғанда, ғылыми медициналық зерттеулер саласында әдістемелік, консультациялық және инновациялық қолдауды жүзеге асыратын ғылым және инновациялар бөлімі.

Бөлімнің міндеттері

Қазіргі заманғы медицина ғылымы мен техникасының жетістіктерін ескере отырып, бейінді ғылыми зерттеулерді, денсаулық сақтау технологияларын трансферттеу мен енгізуді әдістемелік және әдіснамалық сүйемелдеу.

  • Медицина саласындағы жеке ғылыми жобаларды іске асыру;
  • Өзінің ғылыми зерттеулерін жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын тарту;
  • Дәрілік препараттардың клиникалық зерттеулерін дамытуға қатысу; 
  • ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде (ЖМК, ЖТМҚ, медициналық қызметтердің тарификаторы, бірегей технологиялар) ақы төлеу үшін тізімге қосуға өтінімдерді қалыптастыру және беру үшін клиникалық тиімділікті, қауіпсіздікті және экономикалық орындылықты ескере отырып, дәлелді медицина қағидаттары негізінде денсаулық сақтау технологияларын бағалау мен іріктеу.

Бөлімнің ағымдағы ғылыми зерттеулері

«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» ММ-мен 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 129/ПЦФ25 - 26 шарт шеңберінде «Ошақтық эпилепсияны диагностикалық іріктеу мен хирургиялық емдеудің кешенді инновациялық технологиясын әзірлеу» тақырыбы бойынша ЖТН BR28512409-26 ғылыми - техникалық бағдарламасын орындау.

Бағдарламаның мақсаты:

Диагностиканың инновациялық тәсілдерін енгізу, эпилепсияның дәрі-дәрмекке төзімді түрлерін емдеу әдісі, пациенттерді емдеу және қоғамға бейімдеу нәтижелерін жақсарту үшін операциялық емдеу әдістері.

Бағдарламаның міндеттері:

1. Эпилепсияның дәрі - дәрмекке төзімді түріне шалдыққан науқастарды диагностикалау, емдеу және әлеуметтік бейімдеу нәтижелерін оңтайландыру және ауруды алдын ала хирургиялық диагностикалау мен хирургиялық түзетудің негізделген жүйесін енгізу арқылы жақсарту. ОЭ ерте анықтауға, эпилептоид ошағын оқшаулауға және сақтауға шоғырланған диагностиканың оңтайландырылған әдістері резекциялық хирургияның дәлдігін қамтамасыз ету және операция нәтижелерін жақсарту (J. Engel бойынша сыныптарды бағалау) және пациенттерді әлеуметтік бейімдеу үшін олардың маңыздылығын айқындайды. Деректердің кешенді көпфакторлы интеграциясын ретроспективті (2017-2024жж. 100 пациенттің деректері) және проспективті (50 пациент) бағалау тиімді хирургиялық араласудың көмегімен ОЭ басқару кезеңдерінің сабақтастығының патогенетикалық негізделген жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оның негізінде әзірленген дәрілік терапияға төзімді ОЭ диагностикалық, іріктеу және хирургиялық емдеудің кешенді технологиясы пилоттық сынақтан өткізіліп, ПІБ МОА-ға енгізілетін болады.

2. Эпилептикалық ошақтағы құрылымдық өзгерістерді және неврологиялық бұзылуларды электрофизиологиялық, молекулярлық-генетикалық, патоморфологиялық және клиникалық деректердің динамикасын салыстыру арқылы зерделеу. Бұл талдау эпилептикалық ошақтардың құрылымдық негізін түсіну және клиникалық нәтижелермен корреляцияны анықтау үшін шешуші мәнге ие, эпилептоидтік ошақтың неғұрлым дәл орналасуын айқындау шарттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мақсатты таргеттік секвенирлеудің көмегімен ұстамалардың қайталануына немесе ремиссиясына байланысты процестерге қатысуы мүмкін гендердің сирек кездесетін және кең таралған нұсқалары анықталатын болады.

3. Эпилепсияның дәрі - дәрмекке төзімді түріне шалдыққан науқастарды өмір сүру сапасына және әлеуметтік бейімделуіне әсер ететін негізгі когнитивтік бұзылулардың құрылымын, айқындылығын және динамикасын зерттеу. Epitrack скрининг құралының көмегімен операцияға дейін және бір жылдан кейін назар аударудың және атқарушылық функциялардың нейропсихологиялық көрсеткіштерінің айқындылық дәрежесі мен өзгерістерін проспективті талдау. EpiTrack ауызша және көру - мотор механизмдері арқылы назар аудару мен когнитивтік функцияларды бағалауға мүмкіндік береді.

4. Емдеудің хирургиялық және баламалы әдістері үшін медикаментозды резистентті эпилепсияның ауыр түрімен ауыратын пациенттерді іріктеу жүйесін әзірлеу мақсатында құрылымдық және функциялық нейровизуализация деректерін бағалау алгоритмдерін әзірлеу. Операция алдындағы, хирургиялық тәсілдер мен операциядан кейінгі нәтижелердің тиімділігін бағалау өз деректерін халықаралық деректермен салыстыруға және анағұрлым күрделі жағдайларды хирургиялық емдеу үшін пациенттерді іріктеудің, сондай-ақ эпилепсияның қиын - қисынды нысандарын баламалы емдеудің патогенетикалық негізделген стандартын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

5. Хирургиялық дайындық пен жедел емдеуді ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістерін талдау және олардың нәтижелілігін салыстыру. Пациенттерді емдеудің күнделікті практикасына оңтайлы жүйені таңдау және енгізу. Осындай талдаудың нәтижелері, сондай-ақ іске асырылып жатқан бағдарлама шеңберіндегі жеке нәтижелер операцияға дайындықтың клиникалық хаттамаларын және операциялық емдеудің тиімді әдістерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

6. Пациенттердің клиникалық, генетикалық және нейровизуализациялық деректерінің цифрлық базасын әзірлеу. Базаның архитектурасы көрсетілген мерзімде деректерді енгізуді, оларды тиімді сақтауды, талдау үшін әртүрлі типтерді іздеуді қамтамасыз ететін болады. Ғылыми деректер болашақ ғылыми жетістіктердің жаңа бағыттарының көзі болады.

Бағдарламаны іске асырудың басындағы әзірлеменің технологиялық әзірлік деңгейі Ғылыми ұйымдар мен зерттеу университеттерінің технологиялық әзірлігін айқындау әдістемесіне (TRL) және олардың әзірлемелеріне сәйкес өндірісті игеру кезеңінің 7-тармағына сәйкес келеді (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті төрағасының 2023 жылғы 18 шілдедегі бұйрығына қосымша). Тәжірибелік өндіріс шеңберінде сертификаттау және өндіріс үшін қажетті құжаттаманы алу үшін барлық кезеңдер орындалады, клиникалық нәтижелердің халықаралық стандарттарға сәйкестігі расталады.

Осылайша, бағдарламаны іске асыру аяқталғаннан кейін технологиялық әзірліктің 7-8 деңгейі өтіп, клиникалық практика деңгейінде дәрілік терапияға резистентті фокальды эпилепсияны диагностикалық іріктеу және хирургиялық емдеу технологиясының өндіріске дайындығы қамтамасыз етіледі.

Бағдарламаның ғылыми жаңалығы мен маңыздылығы

ОЭ кезінде клиникалық практика деңгейінде тиімсіз симптоматикалық эпилепсияға қарсы медикаметозды терапияны патогенетикалық негізделген резекциялық хирургия технологияларымен уақтылы ауыстыру ОЭ резистенттік нысандары үшін қымбат тұратын препараттармен жеңілдікті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шығындарын едәуір азайтуға мүмкіндік береді.

Алынған нәтижелерде әзірленген стандарттар, клиникалық ұсынымдар, бірыңғай клиникалық басшылық шеңберінде медициналық көмектің әртүрлі деңгейлеріне арналған алгоритмдер Қазақстандағы дәрілік терапияға төзімді ОЭ диагностикасының, іріктеудің және хирургиялық емдеудің кешенді инновациялық технологиясына қолжетімділік проблемасын шешеді.

Зерттеу нәтижелерінің бәсекеге қабілеттілігі, бір жағынан, электрофизиологиялық, молекулярлық-генетикалық, патоморфологиялық және клиникалық деректердің динамикасын салыстыру арқылы эпилептикалық ошақтағы құрылымдық өзгерістерді және неврологиялық бұзылуларды бағалаумен негізделген.

Алдын ала жүргізілген отандық әдеби шолу бойынша Қазақстанда мұндай зерттеулер жүргізілген жоқ. Осылайша, практикалық денсаулық сақтау жаңа диагностикалық мүмкіндіктер туралы ақпарат алуы мүмкін. Бұдан басқа, қазақ популяциясындағы геномның құрылымдық вариабельділігінің болжамдық құндылығын бағалау жалпы патофизиологиялық байланыстар туралы білімді толықтырып, жаңа емдік тәсілдерді көруге мүмкіндік береді.

Жобаның алдыңғылардан негізгі айырмашылығы диагностикалық деректердің кешенді көпфакторлы интеграциясы негізінде тиімді хирургиялық араласудың көмегімен ОЭ басқару кезеңдерінің сабақтастығының патогенетикалық негізделген жүйесін қалыптастыру болып табылады. Мұндай тәсіл ғылыми ізденіс мүмкіндіктерін кеңейтеді және ОЭ патогенезінде жаңалықты көруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, көптеген факторлар - конфаундер ескерілетін 100 адамнан тұратын егжей-тегжейлі сипатталған зерттеу когортасы фенотиптік белгілердің сандық бөлінуінің шеткі нүктелеріндегі ең үлкен айырмашылықтарды пайдалана отырып, жаңа білім алуға мүмкіндік береді. ҚР ПІБ МОА контингентінен 25 мыңнан астам қазақ этносының арасында ОЭ эпидемиологиялық көрінісі зерттеу мүмкіндіктерін толықтырады. Қазақстанда мұндай зерттеулер жүргізілген жоқ.

Ғылыми - техникалық бағдарламаның
және уақытша ғылыми ұжымның жетекшісі:
Досов Мухит Абдимуратович - 8 705 294 27 17


Аурухана серіктестері