Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Ерлер денсаулығы орталығы


Президенттік клиниканың Ерлер денсаулығы орталығы – бұл пациенттерді диагностикалау, емдеу және оңалтудың комбинациясы болып табылады. Енді бұл кезеңдердің барлығы бір жерге шоғырланып, дәрігерлердің бір командасының бақылауында болады.

Қазіргі таңда Президенттік клиника заманауи зертханалық, диагностикалық және емдеу базаларымен, заманауи операциялық блоктармен және жабдықтармен, сондай-ақ көп салалы оңалту блоктарымен қамтылған.

Орталықтың міндеті – ерлердің жыныстық жүйесінің қабыну ауруларын, эрекциялық дисфункцияның түрлі формаларын, қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясын және простата обырын диагностикалаудың жаңа әдістерін енгізу және дамыту, сондай-ақ несеп-жыныс жүйесінің аурулары бар пациенттерді оңалту мен алдын алудың кешенді әдістерін әзірлеу. Бұның бәрі еліміздегі ерлердің өмір сүру сапасын жақсарту және ұзарту мақсатында жасалады.

Ерлер денсаулығы орталығының дәрігерлеріне қабылдауға 8 (7172) 70 80 90 телефоны бойынша жазылуға болады, қабылдау уақыты 08:00-ден 18:00-ге дейін.


Аурухана серіктестері