Сапа менеджменті және пациенттер қауіпсіздігі орталығы
Сапа менеджменті және пациенттер қауіпсіздігі орталығы Ауруханада медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аурухананың дербес құрылымдық бөлімшесі.
Сапа менеджменті және пациенттер қауіпсіздігі орталығының негізгі міндеттері:
1) медициналық көмектің сапасын басқару бойынша Аурухананың қызметін үйлестіру;
2) пациенттің талаптары мен күтетін нәтижелерін қанағаттандыруға бағдарлануы;
3) көрсетілетін медициналық көмек сапасының жоғары болуына бағытталуы;
4) пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық қызметтер көрсетудегі кемшіліктерді төмендету;
5) кепілдендірілген көлемдегі тегін медициналық көмек көрсету тәртібін, пациент пен отбасының құқықтарын сақтау;
6) Қазақстан Республикасы заңнамасы, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтау;
7) әрбір қызметкердің медициналық көмектің сапасын және пациенттердің қауіпсіздігін үздіксіз арттыру процесіне қатысуын ынталандыру;
8) медициналық қызмет көрсету сапасы және пациенттердің қауіпсіздігі саласындағы міндеттер мен проблемаларды шешуде жүйелі тәсілді ұстану.
Егер, Сіз медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты проблемаларға тап болсаңыз, Сапа менеджменті және пациенттер қауіпсіздігі орталығына хабарласыңыз. Орталық сарапшылары Сіздің өтінішіңізге жедел жауап береді және мәселені Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес шешуге көмектеседі.
Сіз, бірінші қабаттағы кіреберісте және тіркеу бөлімінде орналасқан «Инциденттер, ұсыныстар мен шағымдарға арналған» жәшігіне жазбаша өтінішіңізді қалдыра аласыз.
Біз Ауруханамызда көрсетілетін медициналық көмек сапасын жақсартуға көмектесетін өтініш, пікіріңізді қалдырғаныңыз үшін Сізге алғысымызды білдіреміз.
Байланыс құралдарымыз: Астана қаласы, Е495 көшесі № 2, F блогы, 3-қабат, №53 кабинет.
Телефоны: 8(7172) 70 79 69
Сіз Аурухананың жұмысы туралы шағымдарыңыз бен ұсыныстарыңызды келесі электронды адрес бойынша жолдай аласыз: kense@bmc.mcudp.kz.