Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МО ауруханасында халықаралық сарапшылардың қатысуымен Республикалық конференция өтеді

  29.03.2023
ҚР ПІБ МО ауруханасында халықаралық сарапшылардың қатысуымен Республикалық конференция өтеді

2023 жылғы 30-31 наурызда ҚР ПІБ МО-да ғылыми-практикалық конференция өтеді, оған кардиология саласындағы халықаралық сарапшылар қатысады. Агрессивті кардиологияның заманауи трендтеріне арналған бұл конференцияда кардиохирургияға баса назар аудара отырып, жүрек-қантамыр ауруларын ең соңғы технологиялардың көмегімен диагностикалау мен емдеудегі заманауи жетістіктер талқыланатын болады. Кездесудің ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы. Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы «Кардиологтар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің және Еуразиялық аритмологиялық қауымдастықтың (EURA) қолдауымен өткізіледі.

«Агрессивті кардиологияның заманауи трендтері» ғылыми-практикалық конференциясына ҚР ПІБ МОА Бас кардиологы Әлия Жолдасбекова, ҚР ПІБ МОА Бас аритмологы Аян Әбдірахманов және ҚР ПІБ МОА директорының емдік жұмыс жөніндегі орынбасары Раушан Қарабаева жетекшілік етеді, сонымен қатар ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшылары мен қызметкерлері, Аурухана дәрігерлері және Ресей мен Германиядан арнайы шақырылған ғылыми қызметкерлер қатысатын болады.

Конференция шеңберінде әлемге әйгілі сарапшылар өзекті мәселелер бойынша баяндамаларын ұсынып, қатысушылармен тәжірибе бөліседі.

Іс-шара барысында негізгі қазақстандық және халықаралық спикерлермен телекөпір, күрделі клиникалық жағдайларды талдау, пікірталас клубы ұйымдастырылып, клиникалық ұсыныстарды талқылау жоспарланып отыр.


Аурухана серіктестері