Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Call орталық пен медициналық тіркеу бөлімі

Бөлімше туралы
Медтіркеу бөлімі мен Сall орталығы ҚР ПІБ МО емханасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және тіркелген халық (17 802 адам), сондай-ақ ақылы және келісім-шарт негізіндегі контингентке қызмет көрсетеді. Тіркеу бөлімі ҚР ДСМ 08.09.2012 жылы № 557 "Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымның тіркеу орнының қызметі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығы бойынша жұмыс істейді. Тіркеу бөлімі Аурухананың бірінші қабатында А1.1. блогында орналасқан. Тіркеу бөлімінің орналасуы дөңгелек формасында болғандықтан көп пациенттердің қызмет алуларын қамтамасыз етеді. Тіркеу бөлімінде медициналық тіркеушілер қызмет көрсетеді. Медициналық тіркеушілер саны 5 амбулаториялық қабылдау жүргізетін дәрігерлерге 1 медтіркеуші ара қатысында ҚР ДСМ 07.04.2010 жылы № 238 "Денсаулық сақтау ұйымының үлгі штаттары мен штатты нормативтерін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес белгіленеді. Тіркеу бөлімінің жұмыс уақыты: сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін ауысым бойнша үзіліссіз. Бөлімшеде 19 қызметкер жұмыс істейді: 1 – аға медтіркеуші, 2 – ТДҚ бойынша мейірбике, 2 – аурухана куәлігін жазып беру бойынша мейірбике, 2 – анықтама бюросы мейірбикесі, 2 - әкімші, 10 - медтіркеуші. Медициналық тіркеу бөлімшесінің жұмысы учаскелік терапевттермен және ҚР ПІБ МОА емханасының тар шеңберлі мамандарымен тығыз байланыста жүргізіледі.

Медициналық тіркеу бөлімшесінің құрамында төмендегілер жұмыс істейді
  • Аурухананың анықтама бюросы
  • Еңбекке жарамсыздық парақтарын жазып беру бойынша кабинет
Бөлімше қызметтері
  • Тіркеу орны жұмыс уақытында үздіксіз байланысты қамтамасыз ететін көп арналы телефон байланысымен жабдықталған
  • Мамандардың қабылдауына бекітілген контингентті алдын ала жазылу 70-81-07, 70-80-91, 70-80-92 телефондары бойынша және ақылы қызметтер бойынша пациенттерге жазылу 70-81-08,70-81-09 телефондары бойынша жүргізіледі
  • Амбулаториялық картаны дұрыс жүргізу және сақтау
  • Амбулаториялық карталарды мамандарға іріктеп беру және жеткізуді қамтамасыз ету
  • Дәрігерді үйге 70-79-08 телефоны бойынша шақырылады
  • Консультанттардың консилиумға уақтылы келуін бақылау
  • Жұмыс орнында барлық мамандықтағы дәрігерлердің кестесінің және барлық бөлімшелердің телефон нөмірлері болуы тиіс
  • Белгіленген талаптарға сәйкес еңбекке жарамсыздық парақтарының, анықтамалардың бланкілерін есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ету
  • Дәрігер берген құжаттың негізінде пациентке еңбекке жарамсыздық парағын ресімдеу, мөрмен растау, сондай-ақ анықтамаларды тіркеу
  • Денсаулық сақтау бойынша бекітілген контингентке медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту амбулаториялық-емханалық қызметті реформалаудың қазіргі кезеңінде медициналық тіркеушінің стратегиялық бағыты болып табылады

Бөлімше мамандары

Макишева Алтынай Ахмедяновна.jpgМакишева Алтынай Ахмедяновна
Аға медтіркеуші                                                                                                       


Аурухана серіктестері