Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасының Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиясы
Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия (бұдан әрі-БЖК) субъектілер мен зерттеушілердің құқықтарын, қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қорғауды, сондай-ақ объектілері адам немесе жануар болып табылатын ғылыми зерттеулер материалдарын әдептілік және адамгершілік-құқықтық бағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган жанындағы тәуелсіз сараптамалық орган болып табылады.
БЖК мақсаты: биомедициналық зерттеулерге қатысатын адамның құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау.
БЖК міндеттері мен функциялары:
- клиникалық қатысушылардың денсаулығын, құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- зерттеулер, медициналық-биологиялық эксперименттер, кепілдіктерді қамтамасыз ету;
- олардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты. Осал субъектілердің қатысуымен жүргізілген зерттеулерге ерекше назар аудару;
- ғылыми эксперимент объектілері болып табылатын жануарларға жауапкершілікпен қарау;
- әдеп мәселелері бойынша кеңес беру және тиісті клиникалық, зертханалық тәжірибені жүзеге асыратын тындырымды зерттеушілерді қорғау;
- жоспарланған, ағымдағы және аяқталған клиникалық және эксперименттік зерттеулерді әдептік және моральдық-құқықтық бағалауды жүзеге асыру;
- клиникалық және эксперименттік зерттеулер басталғанға дейін, жүргізу барысында немесе аяқталғаннан кейін туындаған даулы мәселелерді қарау;
- жануарларға ғылыми эксперименттер жүргізудің әдептілігі, орындылығы және мүмкіндігі, негізділігі мен жануарға келтірілетін зиянды азайту мәселелерін қарастыру.
ТӨРАҒА
Аян Сүлейменұлы Абдрахманов - медицина ғылымдарының докторы, профессор, FHRS, FESC, FEHRA, MBA; «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ РМК аритмология бөлімшесінің меңгерушісі.
«Қазақ аритмологтар қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті, European Heart Rhythm Association ұлттық қоғамдары комитетінің мүшесі, Жібек жолы елдерінің - Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Грузия Жүрек ырғағы қоғамының вице-президенті.
ТӨРАҒАНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бақытжан Рысқұлұлы Бимбетов – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ РМК бас гастроэнтерологы, гепатологы. Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей гастроэнтерологиялық қауымдастығының, бауырды зерттеу жөніндегі еуропалық қауымдастығының, Украина панкреатологтар қоғамының, Түркі әлемі трансплантологтары қоғамының және Қазақстан фотодинамикалық қауымдастықтың мүшесі болып табылады.
БИОЭТИКА ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ХАТШЫСЫ
Балжан Серікбайқызы Қасиева - медицина ғылымдарының магистрі, «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ РМК Ғылым және инновациялар бөлімінің жетекші маманы.
Университетте «Дәлелді медицина», «Ғылыми зерттеулер менеджменті» және т.б. пәндер бойынша сабақ беруде 5 жылдық тәжірибесі бар.
Байланыс телефоны: +7 7172 70 80 90, ішкі 8132
E-mail: Kasieva@bmc.mcudp.kz