логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

№5 хирургиялық бөлімше (кардиохирургия)

Бөлімше туралы

Бөлімше кардиохирургия бейіні бойынша мамандандырылған көмек және жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетуге бағытталған. Бөлімше ең заманауи жабдықтармен жасақталған және халықаралық стандарттарға сәйкес соңғы медициналық технологиялар қолданылады. Бөлімше қызметкерлері – әлемнің үздік клиникаларында тағылымдамадан өткен жоғары білікті мамандар.

Кардиохирургия бөлімшесінде туа біткен жүрек ақаулары, жүре пайда болған жүрек ақаулары, жүректің ишемиялық ауруы, жүрек аритмиясы, терминалдық жүрек жеткіліксіздігімен ауыратын, сондай-ақ осы аурулардың комбинациясы кездесетін науқастар диагностикаланып, хирургиялық жолмен емделеді. Комбинацияланған технологиялардың көмегімен жүрек клапандарына, қолқа және қантамырларға біріктірілген операциялар жасалады.

Рентгенхирургтармен бірлесіп күрделі операциялар жасалады: сан артериясынан (кеуде қуысын кеспей) жүрек клапанын имплантациялау (TAVI), әр түрлі артериялық бассейндерді стенттеу. Инновациялық бағыттар – гибридті технологиялар, аз инвазивті жүрек хирургиясы. Гибридті операциялардың артықшылығы – операция уақытының қысқалығы, аз жарақаттау, бұл пациентке операциядан кейін аз уақытта оңалуға мүмкіндік береді. Жүрекке жасалатын аз инвазивті операциялар клапан аппаратына және жүректің қантамырларына қысқа жету жолы арқылы операцияларды қамтиды. Бұл операциялардың артықшылығы сөзсіз: ең алдымен, жарақаттың аз болуы, кеуде қуысының анатомиялық қаңқасы бұзылмайды, дәстүрлі операция әдістеріне қарағанда операциядан кейінгі асқыну саны, қан жоғалту, ӨЖЖ (өкпені жасанды желдету) ұзақтығы анағұрлым аз болады, жылдам оңалып, қалыпты өміріне орала алады.

Практикада қолданылатын барлық емдеу әдістері әлемдік медицинаның ең озық үрдістеріне сәйкес келеді.

Операциялар OR 1 жүйесімен жабдықталған операциялық бөлмеде жасалады. Бұл «Karl Storz» компаниясы әзірлеген интеграцияланған операциялық бөлме. Операциялық бөлмедегі барлық эндоскопиялық құрылғылар, бейне жүйелері және дерек көздері, сондай-ақ операциялық үстел немесе жарық көздері сияқты перифериялық құрылғылар пайдаланушыға ыңғайлы болуға бағытталған және операциялық бөлменің стерильді бөлігіндегі бір орыннан басқарылады. OR1 операциялық бөлмеде синергетикалық әсер болуын қамтамасыз етеді, осылайша клиника жұмысының тиімділігін арттырады. Жүрек-қантамыр жүйесінің әртүрлі бассейндеріне жасалатын біріктірілген операциялар С-доғалы «Arti-Zeego» роботталған ангиографпен жабдықталған, интраоперациялық компьютерлік томография жасау мүмкіндігі бар Қазақстандағы жалғыз гибридті операциялық бөлмеде және «Carto 3» навигациялық жүйесінде жасалады.

Операциядан кейінгі кезеңде пациенттің қалпына келуін жеделдетудегі маңызды факторлардың бірі – бөлімше жағдайы. Бөлімше электр жетегі бар төсек-орынмен, цифрлық теледидар, себезгі кабинасы, жеке дәретхана және ауа баптағышпен жабдықталған жайлы палаталармен (1 және 2 төсек-орындық) қамтамасыз етілген. Сервис пен жайлылық, медициналық қызметтің қауіпсіздігі мен сапасы жоғары болған жағдайда пациенттер медицина ғылымы мен техникасының ең заманауи жетістіктерінің нәтижелеріне сенімді бола алады.

Бөлімше қызметтері

Кардиохирургиялық операциялар

  • Жасанды қанайналым жағдайында коронарлық артерияны шунттау (дәстүрлі әдіс – стернотомия)
  • Жүрек коронарлық артериясын шунттау (дәстүрлі әдіс – стернотомия)
  • Жүрек маммарокоронарлық және коронарлық артериясын қысқа жету жолы арқылы (кеуде қуысын сол жағынан 7-10 см кесу) шунттау (MIDCAB)
  • Жасанды қанайналым жағдайында коронарлық артерияны шунттау, кеуде қуысын сол жағынан 7-10 см кесу (TCRAT)
  • Жасанды қанайналым жағдайында митральды қақпақшаның ақауларын түзету (пластика/протездеу)
  • Жасанды қанайналым жағдайында қолқа қақпақшасының ақауларын түзету (пластика/протездеу)
  • Үшжармалы қақпақшаның ақауларын түзету (пластика/протездеу)
  • Митральды және қолқа қақпақшаларының аралас зақымдануы кезінде ақауды түзету (пластика/протездеу)
  • Коронарлық арна мен жүрек қақпақшасы аппаратының аралас зақымдануы кезінде жасалатын операциялар
  • Жүрек қақпақшаларын қысқа жету жолы (MICS) арқылы протездеу
  • Инфекциялық эндокардитке жасалатын операциялар
  • Қысқа жету жолы арқылы жүрекшеаралық далда пластикасы (MICS)
  • Гибридті операциялар – АКШ (MIDCAB) + басқа артерияларды стенттеу
  • Қолқа хирургиясы: түбірін, көтермелі бөлімін, доғаны және тарамдарын реконструкциялау және протездеу
  • Жүректің коронарлық ауруы және жүре пайда болған жүрек ақауына шалдыққан науқастарда жүрекшелердің қосарласқан фибрилляциясын хирургиялық жолмен емдеу

Бөлімше дәрігерлері

Әлибек Арманұлы Тойбаев
Бөлімше меңгерушісі
Жоғары санат
Жұмыс өтілі 16 жыл









Денеев Ерлан Мухамбеткалиулы.JPG

Ерлан Мұхамбетқалиұлы Денеев
Кардиохирург
Бірінші санат
Жұмыс өтілі 12 жыл









Ыдырышева Арайгуль Кенесхановна.jpg

Арайгүл Кеңесханқызы Ыдырышева
Кардиохирург
Медицина ғылымдарының кандидаты
Бірінші санат
Жұмыс өтілі 23 жыл









Алибаева Назира Сериковна.jpg

Назира Серікқызы Әлібаева
Кардиолог
Екінші санат
Жұмыс өтілі 9 жыл


Аурухана серіктестері