логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

№ 3 хирургиялық бөлімше (Травматология)

Бөлімше туралы

Бөлімшесі тірек-қимыл аппараты аурулары және шығу тегі мен күрделілігі әртүрлі жарақаттарға шалдыққан пациенттерге, соның ішінде шұғыл түрде көмек көрсетеді. Бөлімше қуатты диагностикалық кешенмен, заманауи операциялық және оңалту кешенімен жабдықталған.

Клиникада көп жылдық тәжірибесі бар жоғары және бірінші санатты мамандар жұмыс істейді, олар кез келген сырқаттың оңтайлы емін табады. Емдеу әдісі аурудың ерекшеліктеріне байланысты әр пациент үшін жеке таңдалады. Біз медициналық көмекті ең жоғары деңгейде - заманауи еуропалық стандарттарға сәйкес ұсынамыз.

Бөлімшеде 25 төсек-орын бар. Пациенттер халықаралық стандарттар негізінде жасалған жайлы палаталарда емделеді. Бөлімше мамандары әлемнің жетекші клиникаларында оқып, хирургиялық емнің ең заманауи технологияларын меңгерген. Мейірбикелер практикалық дағдыларды жақсы меңгерген және жоғары сапалы медициналық көмек көрсетеді.

Бөлімше қызметтері 

  • тізе буынын эндопротездеу, ұршықбуынды эндопротездеу
  • тізе буынын және ұршықбуынды ревизиялық эндопротездеу
  • тізе буынын артроскопиялық зерттеу
  • артроскопиялық емдеу: менискі, айқыш байлам зақымдануы, карпальды туннель синдромын емдеу
  • иық буынының ойнамалы шықпасы кезінде артроскопиялық жолмен тұрақтандыру (Латарже артроскопиялық әдісі), буын шеміршегінің зақымдануы, тізе буындарының деформациялаушы артрозы, тізетобық тұрақсыздығы (шығып кетуі)
  • ұршықбуынның зақымдануын артроскопиялық жолмен емдеу
  • тобық, шынтақ буындарының құрылымдарының зақымдануын артроскопиялық жолмен емдеу
  • Ахиллово сіңірінің жыртылуын емдеу
  • аяқты ұзарту және аяқтың қисаюын түзету
  • бас бақайдың вальгус деформациясын емдеу (бас бақайдағы «сүйек», «төмпешіктер»)
  • аяқ-қолдың әртүрлі локализациядағы сынықтарын, бұғана сынығын/шықпасын емдеу.
  • металл конструкцияларды алып тастау
  • тобық буынын артродезиялау
  • қол жарақаттарының салдарын емдеу 

Операциялар

  • Әртүрлі модификациялардағы буындардың байланыс аппаратының артроскопиялық пластикасы
  • Буындардың ішкі компоненттерінің, оның ішінде айқас буындардың құрылымдарын артроскопиялық жолмен қалпына келтіру
  • Патологиялық компоненттерді (хондромды денелерді, «буынды бұлшықеттері» және т.б.) артроскопиялық жолмен алып тастау
  • Аяқ-қол сүйектерін қайта қалпына келтіру және пластикалық манипуляциялар
  • Диагностикалық артроскопия, буындардың емдік лаважы
  • Бақай бурситін және бақайдың басқа да деформациясын кесу және емдеу
  • Менискілерді лазерлік артроскопиялық жолмен вапаризациялау, ішінара синовэктомия
  • Сүйектің зақымданған жерін немесе тіндерін жергілікті кесу
  • Бұлшықетке, сіңірге, фасцияға және синовиальді қапшаға, оның ішінде қолға жасалатын манипуляциялар
  • Әртүрлі локализациядағы сынықтардың метал-стеосинтезі
  • Жараны бастапқы хирургиялық өңдеу
  • Аяқ-қол саусақтарының сіңірінің пластикасы
  • Сүйекке имплантталған құрылғыларды алып тастау
  • Үстірт орналасқан метал конструкцияларды алып тастау
  • Күрделі метал конструкцияларды алып тастау
  • Тізе буынын эндопротездеу
  • Ұршықбуынды эндопротездеу
  • Буын блокадасы (дәрі-дәрмексіз)
  • Буын блокадасы (дәрі-дәрмекпен)
  • Мойын және бел омыртқасының блокадасы
  • Дәрі-дәрмек құнынсыз ішкі артикулярлық енгізу
  • Дәрі-дәрмек құнымен ішкі артикулярлық енгізу
  • Дислокация мен сынықтарды түзету
  • Гипспен таңу (Дезо)
  • Қолды Скотчкастпен гипстеп таңу
  • Қолды гипстеп таңу
  • Аяқты Скотчкастпен гипстеп таңу
  • Аяқты гипстеп таңу
  • Жақпа маймен компресс қою
  • Кетоналмен жансыздандыру
  • Буын пункциясы
  • Илизаров аппаратын алып тастау
  • Гипсті алып тастау
  • Иілгіш бинтпен таңу

ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯ: ЖЫЛДАМЫРАҚ, АЗЫРАҚ, КҮШТІРЕК

ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯДАҒЫ АЗ ИНВАЗИЯЛЫҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Хирург барлық манипуляцияны ұзындығы 5 миллиметр болатын екі тілік арқылы ғана жүзеге асыратын операцияны елестете аласыз ба? Бүгінгі таңда медицина емдеу мен диагностика саласындағы өз шекараларын кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар оны әдемі жасауға ұмтылуда: осылайша, пациенттің денесінде белгілі бір манипуляцияларды орындағаннан кейін іздер мен тыртықтар қалмайды, ал қалпына келтіру әлдеқайда жылдам жүреді. Мұндай операцияларды кәсіби тілде «аз инвазиялық» деп те атайды. Бүгінде олар хирургияның көптеген салаларында, соның ішінде Президенттік клиникадағы ортопедия мен травматологияда да орындалуда.

ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАНЫҢ ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯСЫ ҚАНДАЙ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҰСЫНАДЫ?

Аурухананың травматолог-ортопедтері жарақаттары бар және буындары ауыратын пациенттерге 30-дан аса түрлі операцияларды орындайды:

- тізе буынын эндопротездеу, жамбас буынын эндопротездеу;

- тізе буынын артроскопиялық тексеру;

- артроскопиялық емдеу: менискілердің, тізенің айқыш байламдарының жарақаты, карпаль каналы синдромын емдеу;

- иық буынының ойнамалы шығуы кезінде иықты, буын сіңірінің жарақаты, тізе буынын деформацияға ұшырататын артроз, тізетобықтың тұрақсыздығы (буынның таюы) кезінде артроскопиялық тұрақтандыру;

- ахилов сіңірінің үзілуін емдеу;

- аяқтарды ұзарту және аяқтың қисықтығын түзету;

- аяқтағы бірінші саусақтың вальгустық деформациясын емдеу (үлкен саусақтағы «сүйек», «түйін»);

- жоғары, төменгі аяқ-қолдардың сынығын, бұғананың сынығын/шығып кетуін емдеу;

- метал құрастырылымдарын алу;

- тобықбуынын артродездеу;

- қол жарақатының салдарын емдеу.

ДОКТОРЛАР ҚАНДАЙ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНАДЫ?

Травматология және ортопедиядағы жеңілдеу және аз инвазиялық технологиялардың бірі артроскопия болып табылады. «Артро» дегеніміз – буын, скопия – қарап-тексеру, яғни манипуляцияның атауын «буынды бейне камераның көмегімен тексеру» деп аударуға болады.

Президенттік клиниканың докторлары артроскопияны тізе, иық және жамбас буындарына орындайды. Бұл операциялар буынға ұзындығы жарты сантиметр кішкентай тесіктер арқылы жасалады. Дәрігерлер бейне камераны (артроскоп) енгізеді, бұл оларға буындардың барлық бөлімдерін қарауға және өткізуге көмектеседі.

Артроскопиялық операциялар жетекші әлемдік өндірушілердің эндоскопиялық жабдықтарында («Karl Storz», «Karl Zeiss» Germany), электронды-оптикалық түрлендіргіштерде («Siemens» Germany) жүргізіледі, ірі буындарды алмастыру және сүйектердің сынуы кезінде метал-стеосинтездеу үшін медициналық мақсаттағы бұйымдар қолданылады («DePuy J&J» USA; «Medtronic» USA; «Stryker» USA; «B.Braun-Aesculap» Germany).

БІЗГЕ НЕ ҮШІН ЖҮГІНУ ҚАЖЕТ?

Біздің Ауруханада пациентке емдеуді ғана емес, сондай-ақ операциядан кейін оның қалыпты өмірге тезірек оралуын және манипуляциядан жақсы нәтиже алуды ұсынамыз. Бұл үшін біздің бөлімше (травматология, ортопедия және көз микрохирургиясы) Президенттік клиниканың Қалпына келтіру емі және оңалту орталығымен тығыз жұмыс істейді, ол жерде біздің пациенттеріміз физиотерапевтердің, емдік дене шынықтыру дәрігерлерінің қызметтеріне жүгіне алады, сондай-ақ Ауруханадан шықпай, қалалық сауықтыру кешенінде қалпына келтіру емшараларын қабылдау мүмкіндігіне ие болады. Осылайша, біз тек операцияны сапалы жасап қана қоймай, сондай-ақ пациенттің аяғына жылдам тұрып кетуі үшін кешенді қалпына келтіру қызметін ұсынамыз.

Бөлімше дәрігерлері

Искаков Булат Серикович.JPG Болат Серікұлы Искаков
Бөлімше меңгерушісі
Жоғары санат
Жұмыс өтілі 16 жыл
Баймухаметов Аскар Турсынович.JPG Асқар Тұрсынұлы Баймұхаметов
Травматолог-ортопед дәрігер
Жоғары санат
Жұмыс өтілі 19 жыл
Ачилов Тимур Таирович.JPG Тимур Таирович Ачилов
Травматолог-ортопед дәрігер
Жоғары санат
Жұмыс өтілі 15 жыл
Джума-Ахунов Мухитдин Абдуллаевич.JPG Мухитдин Абдуллаевич Джума-Ахунов
Травматолог-ортопед дәрігер
Жоғары санат
Жұмыс өтілі 13 жыл
Әнуарбек Лесбайұлы Кулчаров
Травматолог-ортопед дәрігер
Бірінші санат
Жұмыс өтілі 13 жыл

Аурухана серіктестері