Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90

КТ және МРТ

Бөлімше туралы
Магниттік-резонанстық томография - ішкі ағзаға тікелей кіргізбей, адам ағзаларының жай-күйінің егжей-тегжейлі көрінісін алуға мүмкіндік беретін зерттеу әдісі. Құрылғының жұмыс принципі магнит өрістеріне негізделгендіктен, иондаушы сәулелену болмағандықтан зерттеу процесі мүлдем қауіпсіз.
Қазіргі уақытта магниттік-резонанстық томография адамның орталық жүйке жүйесінің, тірек-қимыл аппаратының, буын және басқа да жүйелерінің ауруларын зерттеу мен диагностикалаудың ақпаратты жан-жақты беретін әдістерінің бірі болып табылады.

Бөлімше қызметтері
  • Мидың магниттік-резонанстық трактографиясы - in vivo мидың өткізгіш жолдарының бағыты мен тұтастығын визуализациялауға мүмкіндік беретін диффузиялық-тензорлық магниттік-резонанстық томографияға негізделген диагностикалық әдіс.
  • Трактография созылмалы ми ишемиясы, мотонейрон аурулары, шашыраңқы склероз, жіті таралған энцефаломиелит, ми ісіктері және орталық жүйке жүйесінің дамуындағы ауытқулар, кортикалды инфаркт кезіндегі аксоналды зақымдануды диагностикалауда қолданылады.
  • Эпилепсия және селкілдек синдромы кезіндегі магниттік-резонанстық нейровизуализация. Пациентке ем жүргізу тактикасын анықтау және оны емдеу тәсілін (хирургиялық немесе консервативті) таңдау үшін ми құрылымындағы патологиялық ошақты («эпи-ошақ» деп аталатын) анықтауға мүмкіндік береді.
  • Мидың 1Н магниттік-резонанстық спектроскопиясы. Протонды спектроскопия инвазиялық емес in vivo түрінде мидың химиялық құрамы – негізгі метаболиттер туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Бұл әдіс аурудың ерте кезеңдерінде ми құрылымындағы патологиялық өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.
  • Магнит өрісінің күші 3,0 Тл болатын магниттік-резонанстық томографтағы (МРТ) Pi-RADS v2 көп параметрлік бағдарлама.
  • Қуық асты безінің қатерлі ісігі 4-7% жағдайда  урологиялық белгілері және анамнезінде несеп-жыныс жүйесінің аурулары болмаған 50 және одан жоғары жастағы ерлерде анықталады.
  • Бұл әдістеме Қазақстанда алғаш рет «ҚР ПІБ МО» Ауруханасының базасында енгізілді және осы күнге дейін біздің республикамыздың аумағында жалғыз болып табылады, жоғары дәлдікпен динамикалық контрасты зерттейтін бағдарламаны қолдану 90-95% дейін шынайылықпен қатерлі сипаттағы қуықасты безіндегі патологиялық ошақтарды анықтауға мүмкіндік береді.
  • Магниттік–резонанстық энтерография - бұл жіңішке ішек ауруларын диагностикалаудың инновациялық әдісі, қазіргі кезде оған бәсеке болатын зерттеу әдістері жоқ, ол жіңішке ішектің жағдайы мен қоршаған талшық туралы инвазивті емес жолмен, күрделі зерттеулерсіз және көптеген талдауларсыз ақпарат береді.

Бөлімше дәрігерлері

Ельшибаева ЭС_.jpgЕльшибаева Эльмира Сериккалиевна
Бөлімше меңгерушісі
PhD
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 33 жыл














Берестюк ИН.jpgБерестюк Игорь Николаевич
КТ және МРТ дәрігер
Жұмыс өтілі 21 жыл













Дунь АП_1300.jpgДунь Александр Павлович
КТ және МРТ дәрігер
Бірінші санатты дәрігер
Еңбек өтілі 18 жыл














Қапи РУ.jpgҚапи Райма Уәлиоллакызы
КТ және МРТ дәрігер
Медицина магистрі
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 22 жыл













Марденқызы Д.jpgМарденқызы Дамиля 
КТ және МРТ дәрігер
Бірінші санатты дәрігер
Еңбек өтілі 17 жыл














Сайфуллақызы М.jpgСайфуллақызы Меруерт
КТ және МРТ дәрігер
Медицина магистрі
Бірінші санатты дәрігер
Еңбек өтілі 18 жыл













Суйгенбаева АЖ.jpgСуйгенбаева Айгерим Жорабековна
КТ және МРТ дәрігер
Бірінші санатты дәрігер
Еңбек өтілі 16 жыл













Бөлімше байланыс құралдары
8 (7172)  70 78 88
8 (7172)  70 79 36

Бөлімше жұмыс кестесі
Дс-Сб:  8:00 - 20:00

Аурухана серіктестері