Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Респираторлық медицина орталығы

Респираторлық медицина орталығы

Тыныс алу ағзаларының аурулары – Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде ең көп таралған аурулардың бірі. Балалар, ересектер және егде жастағы адамдар бұл ауруға шалдығуы мүмкін. Көптеген жағдайларда аурулар мүгедектікке, адамдардың өмір сапасының төмендеуіне әкеледі, арты өлім-жітімге әкелген жағдайлар да аз емес. Респираторлық патологиясы бар пациенттерге көмек көрсетуді жақсарту мақсатында ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы басшылығының шешімімен пульмонология бөлімшесінің базасында респираторлық патология кезінде көмек көрсететін әртүрлі бейіндегі мамандарды біріктіретін Респираторлық медицина орталығы құрылды.

ҚР ПІБ МО ауруханасында бронх-өкпе патологиясы бар пациенттерге медициналық көмекті эндоскопиялық қызмет, КТ және МРТ диагностика бөлімшелері, функциялық диагностика және патоморфология бөлімшелері, клиникалық-диагностикалық және микробиологиялық зертханалар, физиотерапия және оңалту бөлімшелерінің көмегімен стационар мен емхананың пульмонологтары көрсетеді. Өз қызметін жүзеге асыру барысында қызмет мамандары ҚР өңірлерінің, ҚР ДСМ бас мамандарымен байланыс орнатып, әріптестік қарым-қатынасқа қол жеткізді.  Қызметке бас терапевт, пульмонолог, м.ғ.д. Р.А. Бакенова жетекшілік етеді.

Респираторлық медицина орталығында:

  1. Тіркелген контингентке және ҚР өңірлерінен келген пациенттерге (ақылы негізде) респираторлық медицинаның обструктивті, инфекциялық, аллергиялық, интерстициалды аурулар, оның ішінде идиопатиялық, дәнекер тінінің жүйелік аурулары, кәсіптік этиология, дәрілік, сәулелік әсер, бронх-өкпе дисплазиясы, ковидтен кейінгі бронх зақымданулары бағыттары бойынша көмек көрсетіледі.
  2. Өкпенің интерстициалды ауруларына шалдыққан пациенттерге консультациялық-диагностикалық және емдік көмек көрсетіледі.
  3. КТ және эндоскопиялық УД бақылаумен өкпе және кеуде ішілік лимфа түйіндерінің трансбронхиалды биопсиясы енгізілді және белсенді орындалады (EBUS – Қазақстанда тек ҚР ПІБ МО ауруханасында).
  4. Өкпенің көміртегі тотығымен диффузиялық қабілетін бір дем алу әдісімен зерттеу енгізілді (DLCO зерттеуі) және сәтті қолданылып келеді, бұл зерттеу әдісінің Қазақстанда және Орталық Азия өңірінде баламасы жоқ.
  5. Қазақстанда алғаш рет баламасы жоқ бодиплетизмография (БПГ) әдісі енгізілді, бұл тыныс алу механикасының бұзылуын егжей-тегжейлі зерттеуге, өкпе көлемі мен сыйымдылығын зерттеуге мүмкіндік береді.
  6. Жоғары білікті мамандардың кәсіби дағдыларының,  жоғары технологиялық жабдықтардың арқасында лимфангиолейомиоматоз, тубероз склерозы, альвеолярлық протеиноз, бронх-өкпе дисплазиялары сияқты өкпенің сирек кездесетін (орфандық) интерстициалды ауруларын анықтау мүмкіндігі бар.
  7. Тыныс алу ағзаларының туберкулезі, туберкулезді емес микобактериоздар, бронх-өкпе жүйесінің онкологиялық аурулары анықталады.
  8. Ұйқы зертханасы белсенді жұмыс істейді, онда тыныс алу мониторингі мен полисомнография жасалады, аппараттық емдеудің жеке бағдарламаларын таңдай отырып, ұйқы кезінде тыныс алудың күрделі бұзылыстары анықталады.
ҚР ПІБ МО ауруханасы «Астана медицина университеті» КЕАҚ, «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ, Назарбаев Университеті (UMC) резиденттерін даярлаудың клиникалық базасы болып табылады. Респираторлық медицина орталығының мамандары өз қызметі шеңберінде нәтижелерді талдау және жариялау, халықаралық және республикалық форумдарда презентациялар, баяндамалар ұсыну арқылы ғылыми-клиникалық зерттеулер жүргізеді.

ҚР өңірлерінің мамандарына көмек көрсету шеңберінде Респираторлық медицина орталығының мамандары респираторлық медицина бойынша on-line және көшпелі шеберлік сыныптарын, вебинарлар өткізеді, тыныс алу ағзалары ауруларының күрделі жағдайларына клиникалық консультациялар береді.

Респираторлық медицина орталығы мамандарының қатысуымен 2022 жылғы қарашада 1-ші Ұлттық респираторлық медицина конгресі ұйымдастырылып, өткізілді, онда ҚР ПІБ МО ауруханасы 8 баяндама ұсынды, профессор Prosch H (Австрия) қатысуымен симпозиум өткізілді. Халықаралық қатысуымен «Аллергология және иммунологияның пәнаралық мәселелері» ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды, онда ҚР ПІБ МО ауруханасының пульмонологтары мен аллергологтары 6 баяндама ұсынып, 3 семинар өткізді.

Респираторлық медицина орталығының қызметі шеңберінде бірлескен ғылыми-клиникалық жобаларды дайындау мақсатында алыс және жақын шетелдерден респираторлық медицина саласындағы жетекші мамандармен әріптестік қарым-қатынастар жолға қойылды. Орталық мамандары ҚР жетекші мамандарымен бірлесіп респираторлық медицинаның анағұрлым күрделі, аз зерттелген проблемасы болып табылатын өкпенің интерстициалды ауруларына (ӨИА) шалдыққан пациенттердің диагностикасы мен емін жақсарту, ОИА бойынша статистиканың сапасын арттыру, ОИА бойынша жағдайды болжау мүмкіндіктерін арттыру, пациенттерге көмекті жақсарту жөніндегі шараларды жоспарлау, осы патология бойынша жаңа технологияларды енгізу мақсатында Өкпенің интерстициалды ауруларының тіркелімін әзірлеуде.

Қазіргі уақытта өзара серіктестік іс-қимыл шеңберінде ҚР ДСМ ғылыми-практикалық конференциялар жоспарына сәйкес Ұлттық респираторлық медицина қоғамы және РКПК бірлесіп, ҚР ДСМ бас маманының қатысуымен респираторлық медицина жөніндегі 2-ші Ұлттық Конгресс өткізуге (2023 жылғы 9-11 қараша) дайындық жүріп жатыр.

Орталықта пульмонология саласындағы ғылыми-клиникалық зерттеулер бойынша пульмонология бөлімшесінің мамандары 2 магистрлік диссертация қорғады, ҚР ПІБ МО ауруханасы пульмонолог мамандары PhD-докторантура бағдарламасы бойынша ғылыми-клиникалық зерттеулер жүргізуге дайындалып жатыр. Респираторлық медицина орталығы мамандарының күшімен «Идиопатиялық өкпе фиброзы. Прогрессивті өкпе фиброзы» диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасы әзірленіп, сараптамалық бағалаудан өтті.

Қазір Респираторлық медицина орталығының мамандары өз қызметіне өкпенің хирургиялық биопсиясын (өкпенің видеоторакоскопиялық биопсиясы), өкпенің эндобронхиалды криобиопсиясын енгізуді, торакалды қызмет ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ Орталықтың жоспарында тәжірибе алмасу, шеберлік сыныптарын, халықаралық конференциялар өткізу, респираторлық медицина саласындағы жаңа технологияларды іздеу және енгізу мақсатында ҚР, алыс және жақын шетелдердің респираторлық қоғамдарымен (ERS, ATS, РРО, НОРМ, ЕАРО және т.б.), Еуропаның жетекші университеттік клиникаларымен белсенді өзара іс-қимыл жасау бар.

Респираторлық медицина орталығы мамандарының  біліктілігі:

  1. Р.А. Бакенова – медицина ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, жоғары санатты дәрігер, ҚР ПІБ МО ауруханасының бас терапевті, Респираторлық медицина орталығының басшысы, Өкпенің интерстициалды аурулары бойынша пәнаралық сараптама комиссиясының төрайымы.
  2. М.А. Есенгелдинова – медицина магистрі, жоғары санатты пульмонолог дәрігер, Астана қаласының бас пульмонологы.
  3. К.М. Бакиева – медицина магистрі, жоғары санатты пульмонолог дәрігер.
  4. Н.Я. Утешева – медицина магистрі, жоғары санатты дәрігер, ҚР ПІБ МО ауруханасы пульмонология бөлімшесінің меңгерушісі.
  5. И.Ә. Искаков – бірінші санатты пульмонолог дәрігер.
  6. Л.В. Душняк – м. ғ. к., жоғары санатты функционалист дәрігер.
  7. А.П. Дунь – бірінші санатты радиолог дәрігер.
  8. Ж.К. Тыңкөзиев – жоғары санатты бронхолог дәрігер.









Аурухана серіктестері