Орталықтың мақсаттары мен басым бағыттары
Міндеттері:
Геронтология саласындағы ғылыми-зерттеу бағдарламаларын орындау (негізгі міндет);
Ғылыми және білім беру жобалары саласындағы бірлескен жұмыс шеңберінде жергілікті және шетелдік ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;
Халықтың қартаюының демографиялық аспектілерін зерттеу;
Жас ерекшелігі патологиясын диагностикалау, болжау және емдеу әдістерін жетілдіру мақсатында адамның генотипін зерттеу;
Геронтологияның өзекті мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізу үшін уақытша ғылыми-зерттеу топтарының жұмысын ұйымдастыру.
Ғылым зерттеулердегі басым бағыттар:
Метаболикалық синдромнан зардап шегетін адамдарда ерте қартаюдың пайда болу тәуекелдерін ерте анықтау және алдын алу үшін предиктивті медицинаны дамытуға әдіснамалық тәсілдерді әзірлеу;
Неғұрлым жиі кездесетін жас-қауымдасқан патологиялардың ерте пайда болу қаупін анықтау бойынша ғылыми негізделген бағдарлама әзірлеу және бекітілген контингентте негізгі жас-қауымдасқан аурулардың пайда болу тәуекелінің жас шкаласын (сызғыштарын) анықтау;
Биліктің әртүрлі деңгейлерінде денсаулық көрсеткіштерінде өзгерістер градиентінің бөлінуін ескере отырып, бекітілген контингенттің биологиялық және психологиялық қартаюының әлеуметтік детерминанттарын зерттеу.