Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Көп ұзамай қатарға қосылады. Президенттік клиникада ММА шеберіне квотамен операция жасалды

  24.12.2021

Айдар Махмутов джиу-джитсудан әлем чемпионатының финалында жарақат алады. Бұған дейін ол Германияда ақылы ем қабылдайды. Айдардың достары оған отандық медицинаға назар аударуына кеңес береді.

Спортшының менискісі жыртылған еді. Операция квота бойынша тегін жасалды. Алдымен ол тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгініп, ондағы дәрігерлер Айдарды Президенттік клиникаға операцияға жібереді.

«25 жыл болыпты өз еліміздегі ауруханаларға жүгінбегеніме. Достарым Президенттік клиниканы ұсынды. Бұған дейін Германияда емделгенмін, сол себепті де салыстырмалы түрде айтсам, өз клиникамыз шетелдің клиникаларынан кем түспейді екен, тіпті кейбір жабдықтары мен тамағы асып түседі десем қателеспеймін», - дейді Айдар Ахметов.

Операция «тізе буынының артроскопиясы» әдісімен жасалды. Бұл заманауи және минималды инвазиялық хирургия, яғни денені аз ғана тіліп орындалады. Мұндай операциялар Президенттік клиникада «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы арқылы тегін жасалады.

«Біз мұндай операцияларды МӘМС аясында емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы ҚР азаматтарына тегін жасаймыз. Ол үшін пациент консультацияға жазылуы керек, мен сол жерде бәрін егжей-тегжейлі түсіндіріп беремін» - дейді Президенттік клиниканың травматологы Асқар Баймұхаметов.


Аурухана серіктестері