Иконка Call Center

Иконка для слабовидящих

Тіркелу

Нәресте өлімі мен балалар мүгедектігін азайту: Астанада шетелдің пренаталдық медицина мамандары бас қосты

  03.06.2025
Нәресте өлімі мен балалар мүгедектігін азайту: Астанада шетелдің пренаталдық медицина мамандары бас қосты

Астанада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен, ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы мен «Пренаталдық медицина мамандары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Пренаталдық медицина мамандарының Екінші Халықаралық Конгресі өтті.

Оған әлемнің түкпір-түкпірінен, атап айтсақ АҚШ, Испания, Украина, Франция, Португалия, Ресей сынды алпауыт мемлекеттердің жетекші генетик, ультрадыбыстық диагностика мамандары, молекулалық генетиктері жиналды. Іс-шараға жалпы қатысқандар саны 400 адамнан асып түскенін айта кеткен жөн.

«Салауатты ұрпақ – ұлт болашағы» ұранымен өткен Конгрестің мақсаты – нәресте өлімін және балалар арасындағы мүгедектікті азайту үшін мамандардың тәжірибесін ортаға салып, білімін біріктіру еді. Олар өзара пікір алмасып, туа біткен даму кемістіктері мен хромосомалық патологияларды пренаталдық және постнаталдық диагностикалау саласындағы жетістіктерін бөлісті.

Сонымен қатар Конгресс аясында пренаталдық скринингті жаңғырту, хромосомалық патологияларды анықтауға арналған жаңа ультрадыбыстық маркерлерді енгізу, генетикалық ауруларды ерте кезеңде диагностикалаудың заманауи тәсілдері, сондай-ақ сирек кездесетін тұқым қуалайтын ауруларды анықтау мен емдеу әдістері талқыланды. Пренаталдық диагностиканың жаңа технологияларына, репродуктивтік технологиялардың имплантацияға дейінгі тексерудегі рөліне және инвазиялық емес пренаталдық тесттің (ИЕПТ) болашағына ерекше назар аударылды. «Бір күндік клиникалар» моделін енгізу және олардың тиімділігін бағалау мәселелері де назардан тыс қалмады.

Конгресс аясында кейінгі медициналық жетістіктер мен жаңалықтар қойылған медициналық көрме ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн.


Аурухана серіктестері