Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы 2024 жылғы 10 айда 25 мыңнан астам науқасқа көмек көрсетті

  19.11.2024
ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы 2024 жылғы 10 айда 25 мыңнан астам науқасқа көмек көрсетті

ҚР ПІБ Медициналық орталығының көпсалалы ауруханасы азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар аясында да, ақылы негізде де медициналық көмек көрсетеді.

Аталған кезеңде Аурухана стационарында міндетті медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша 4063 пациент ем алды. Қосымша 5772 адам ақылы негізде медициналық көмекке жүгінді.

2024 жылғы 10 айда Аурухана мамандары МӘМС бойынша 3816 операция, сондай-ақ коммерциялық негізде 1916 ота жасады, бұл медициналық қызметтердің сапасына деген сенім жоғары екенін көрсетеді.

Пациенттер арасында кардиология, терапия және оториноларингология бөлімдері көбірек сұранысқа ие.

Сонымен қатар, Медорталық ауруханасының амбулаториялық-емханалық бөлімшесінде 170 мыңнан астам медициналық қызмет көрсетілді.

Осы кезеңде Аурухананың ядролық медицина орталығы мемлекеттік бағдарламалар аясында ПЭТ/КТ және БФЭКТ/КТ көмегімен 8223 пациентке диагностика жүргізді. Тағы 1698 адам ақылы негізде тексерістен өтті.

Медициналық көмектен басқа, Аурухана өңірлерде технология трансферті мен мамандарды оқытуға белсенді қатысады. Екі жылдан бері өткізіліп келе жатқан «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» акциясы аясында Медорталық ауруханасы мамандары сырқатты диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін үйрете отырып, өз тәжірибесін өңірлік дәрігерлерге бөліседі.

Эпилептология, аллергология, аритмология, кардиология, гастроэнтерология, нейрохирургия және басқа да мамандықтар бойынша жоғары білікті дәрігерлер еліміздің өңірлеріне барып, тегін консультациялар, операциялар, сондай-ақ білім беру іс-шаралары – дәрістер, семинарлар және практикалық шеберлік сағаттарын өткізеді.

Қазіргі уақытта Аурухана делегациясы Қазақстанның 13 өңіріне барды. Әріптестерімен бірге олар 2,5 мыңнан астам пациентке консультациялық-диагностикалық және медициналық көмек көрсетті, 250-ге жуық операция, оның ішінде 70-ке жуық бірегей операция жасады.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы жұмысын жалғастыра отырып, еліміздегі жетекші медициналық мекемелердің бірі болып қала бермек. Сонымен қатар барлық мұқтаж жанға сапалы медициналық көмек ұсынады.








Аурухана серіктестері