Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МО ауруханасының бас аллергологі мен нефролог дәрігерлері Мәскеудегі конгресске қатысты

  04.11.2024
ҚР ПІБ МО ауруханасының бас аллергологі мен нефролог дәрігерлері Мәскеудегі конгресске қатысты

Ресейде Иммунология мен аллергология бойынша Алғашқы өңіраралық конгресс өтіп, оған халықаралық дәрежедегі жетекші мамандар қатысты. Қазақстан атынан ПІБ МО ауруханасының бас аллергологі және иммунологі, Аллергология орталығының басшысы Ғалия Түсіпбекова мен терапевт-дәрігер, нефролог, Аутоиммундық аурулар орталығының жетекшісі Айжан Сәрсенбаева қатысты.

Конгресте аллергология, иммунология және генетика бойынша өзекті мәселелер, заманауи зерттеулер мен емдеу әдістері талқыланғанын айта кеткен жөн.

Іс-шара барысында Ғалия Түсіпбекова созылмалы есекжемді диагностикалау мен емдеудегі алдыңғы қатарлы халықаралық орталықтар – UCARE (Urticaria Centers of Reference and Excellence) референстік орталығының жұмыс ерекшеліктері жайлы айтып, тәжірибесін бөлісті.

Ал Айжан Жақсылықова «Гиперэозинофильді синдром аясындағы Кимура ауруы» тақырыбында баяндама жасады. Айта кеткен жөн, өте сирек кездесетін Кимура ауруы Медорталық ауруханасында алғаш рет 2023 жылы диагностикаланды.

Баяндаманың бәрі тыңдаушылар арасында қызығушылық тудырып, көтерілген тақырыпқа жан-жақты талдау жасалды. Мұндай конгрестерге қатысу дәрігерлердің кәсіби дәрежесін, беделін айқындайды. ҚР ПІБ МО ауруханасы дәрігерлері үнемі шетелдерге барып, әріптестерімен тәжірибе алмасып, жаңа білім мен дағдыларды меңгеріп тұрады.




Аурухана серіктестері