Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Қазақстанда алғаш рет УДЗ бақылауымен эндоскопиялық трансбронхылық биопсия жасалды

  06.12.2021

Президенттік клиникада кеуде қуысы органдарына бірегей эндоскопиялық диагностикалық операция жасалды. Трансбронхылық аспирациялық жіңішке инелі пункция арқылы орындалатын эндобронхылық ультрасонография (EBUS TBNA) технологиясы елімізде алғаш рет қолданылып отыр. Жаңа технологияның арқасында шет елдерде диагностикалау тиімділігі 95%-ға дейін өскен, ал бұған дейін 80%-ды құраған.

Бұрындары мұндай емшаралар тек шетелдің үздік клиникаларында ғана жасалатын. Ал енді Қазақстанның кез келген азаматы аталған емшараны Президенттік клиника қабырғасында жасата алады.

Жаңа технология биопсияны нақты режимде, кеудені тілмей жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ пациенттің тез қалпына келуіне де оң әсері бар. EBUS TBNA технологиясы бойынша жасалған алғашқы операциядан кейін, пациент үш сағаттан соң тексеріліп үйіне жіберілді. Әдетте өкпеге ашық биопсия жасау кезінде пациенттің қалпына келуі үшін кем дегенде 5 күн уақыт қажет болатын.


Аурухана серіктестері