логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МО ауруханасы жүрек ырғағын емдеудің жаңа технологиясын енгізді

  03.10.2024
ҚР ПІБ МО ауруханасы жүрек ырғағын емдеудің жаңа технологиясын енгізді

ҚР ПІБ МО ауруханасы 2024 жылғы 25 қыркүйек күні Орталық Азия мен посткеңестік елдер арасында алғашқылардың бірі болып электропарация тәсілімен жүрекше фибрилляциясының аблациясы – Pulsed Field Ablation жаңа технологиясын енгізді. Бұл технологияның тиімділігі жоғары, қауіпсіз және жүрек ырғағын ретке келтіру үшін аз уақытты қажет етеді. Ол пациенттерде жүрекше фибрилляциясы болғанда қолданылады.

Әлемге танымал франциялық кардиолог, профессор және Еуропалық Жүрек Ырғағы Қауымдастығының (EHRA) хатшысы Серж Боведа Аурухана дәрігерлеріне шеберлік сағатын өткізді. Ол ҚР ПІБ МО ауруханасының бас аритмологі, профессор Аян Абдрахманов және ауруханадағы басқа да аритмолог мамандармен бірге жаңа технологияны пайдалана отырып 6 пациентке операция жасады. Ота жасалған пациенттердің жағдайы жақсы.

Аз инвазиялық процедура кезінде пациенттің шаптағы тамыры арқылы катетер өтіп, жүрекке барады және электропорация арқылы абляция жасалады. Процедураның өзі шамамен бір сағатқа созылады, ал қалпына келуге 1-2 күн ғана қажет.

Жүрек-қантамыр аурулары әлемде өлімге әкелетін негізгі себептердің бірі болғандықтан мұндай технологияларды енгізудің маңызы зор. ҚР ПІБ МО ауруханасы дәрігерлері жаңа технологияны алдағы уақытта пациенттерді емдеуге пайдаланады. Сонымен қатар азаматтарға сапалы қызмет көрсету үшін емдеудің ең озық тәсілдерін үйренуді жалғастыра бермек.







Аурухана серіктестері