Аурухана туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Ауруханасы Қазақстан елордасын Алматыдан ауыстыруына байланысты Астанада 1997 жылы ашылған болатын. «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Ауруханасы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Аурухана) мемлекеттік қызметшілерге және тіркелген контингенттің басқа да санаттарына, сондай-ақ, пациенттерге ақылы негізде білікті, мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекті көрсетуге арналған заманауи медициналық ұйымды білдіреді.
Нақтырақ
Біздің қызметтер
Біздің аурухана ағзадағы әр түрлі патологиялық жағдайларды анықтау және емдеу бойынша қызметтерді көрсетеді. Амбулаториялық қабылдауды келесі мамандықтағы тәжірибелі дәрігерлер жүргізеді: терапевт, невропатолог, кардиолог, ревматолог, эндокринолог, гинеколог, уролог, оториноларинголог, гастроэнтеролог, офтальмолог, хирург, травматолог, ангиохирург, онколог, маммолог. Олардың арасында жоғары білікті санаттағы дәрігерлер, медициналық ғылымдарының кандидаттары және докторлары.
Нақтырақ