Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 Қаулысына сәйкес, тегін медициналық көмек Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі және профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды.

Пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып, әрбір азамат денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасы бойынша тегін медициналық көмектің кепілді берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде "Қазақстан Республикасы Президентінiң Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" РМК-ден төмендегі түрлер бойынша тегін медициналық көмек ала алады.

Мамандандырылған медициналық көмекті және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қамтитын, ересек тұрғындарға арналған стационарлық медициналық көмек, оның ішінде:

Ересек тұрғындарға мамандандырылған медициналық көмек "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-пен жасалған шартқа сәйкес мынадай хирургиялық бейіндер бойынша жүзеге асырылады:

* Аритмологиялық

* Гинекологиялық

* Кардиологиялық

* Кардиохирургиялық

* Нейрохирургиялық

* Отоларингологиялық

* Офтальмологиялық

* Проктологиялық

* Тамыр хирургиясы

* Травматологиялық

* Урологиялық

* Хирургиялық

* Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту: травматологиялық

Ересек тұрғындарға жоғары технологиялық медициналық қызметтер (ЖТМҚ) "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-пен жасалған шартқа сәйкес мынадай хирургиялық бейіндер бойынша жүзеге асырылады:

* Ангиохирургия

* Гинекология

* Интервенциялық аритмология

* Кардиохирургия

• ЛОР

* Нейрохирургия

* Жалпы хирургия

* Офтальмология

* Травматология

* Урология

Тәуліктік стационарға госпитализация бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – БМСК) немесе басқа денсаулық сақтау ұйымы мамандарының жолдамасы бойынша жоспарлы тәртіппен жүзеге асырылады.

Жоспарлы госпитализация пациенттің ТМККК көрсететін стационарлық ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып, госпитализация бюросы порталында жолдаманы тіркеумен жүзеге асырылады.

Бейінді бөлімшеге жоспарлы госпитализация толық тексерілгенде және қарсы көрсетілімдер болмағанда жүзеге асырылады.

Госпитализация бюросы порталында госпитализацияға жолдаманы тіркеуді БМСК немесе басқа денсаулық сақтау ұйымының жауапты маманы жүзеге асырады, ол пациентке тиісті бейіні бойынша госпитализацияны күту мерзімі аз аурухананы баламалы таңдау мүмкіндігі туралы ақпарат береді.

Жауапты маман пациентті таңдап алынған стационарға жатқызу күні және жоспарлы госпитализация белгіленген күні міндетті түрде келу қажеттілігі туралы ауызша немесе Электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде (push немесе sms-хабарлама) хабарлау арқылы хабардар етеді.

Пациент дәлелді себептер бойынша жоспарлы госпитализация белгіленген күні стационарға келуі мүмкін болмаған жағдайда БМСК ұйымына немесе госпитализацияға жіберген денсаулық сақтау ұйымына хабарлайды. Стационар госпитализацияны 3 тәуліктен аспайтын мерзімге ауыстырады.

"Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығына сәйкес жоспарлы госпитализацияның толық тәртібімен мына сайтта танысуға болады: adilet.kz сілтеме бойынша http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500012204

Жоғары технологиялық медициналық қызметті (бұдан әрі - ЖТМҚ) алу үшін пациенттерді тәуліктік стационарға жатқызу бейінді мамандар қатарынан облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылатын Жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі комиссия (бұдан әрі - ЖТМҚ комиссиясы) арқылы жүзеге асырылады.

Пациент ЖТМҚ комиссиясына ұсынылатын құжаттар топтамасын ресімдеу үшін бекітілген орны бойынша өзінің БМСК ұйымына жүгінеді.

БМСК ұйымы пациентті тиісті бейін бойынша ЖТМҚ ұсынатын денсаулық сақтау ұйымын баламалы таңдау мүмкіндігі туралы хабардар етеді.

БМСК ұйымы пациенттің құжаттар топтамасын қағаз немесе электрондық түрде Денсаулық сақтау басқармасына ЖТМҚ комиссиясының қарауына жібереді.

ЖТМҚ комиссиясына ұсынылатын құжаттар топтамасы:

1) пациенттің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 201/Е нысаны бойынша стационарға емдеуге жатқызуға жолдама;";

3) емдеуші дәрігердің, бөлімше меңгерушісінің және бас дәрігердің емдік-профилактикалық жұмыс жөніндегі орынбасарының қолымен, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымының мөрімен расталған клиникалық диагнозы көрсетілген амбулаториялық пациенттің медициналық картасының немесе стационарлық науқастың медициналық картасының көшірмесі;

4) клиникалық-диагностикалық (зертханалық, аспаптық және функциялық) зерттеулердің нәтижелері, диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес бейінді мамандардың консультациялары.

ЖТМҚ комиссиясы:

1) пациенттің құжаттар топтамасын, түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде сырттай қарайды;

2) ЖТМҚ ұсынатын, пациентті денсаулық сақтау ұйымына жіберудің негізділігін анықтайды;

3) хаттама түрінде ресімделетін шешім қабылдайды.

Оң шешім қабылданған кезде ЖТМҚ комиссиясы пациенттің құжаттар топтамасын тіркей отырып, госпитализациялау үшін порталға жолдаманы тіркейді.

Стационарға госпитализациялау үшін ЖТМҚ ұсынатын денсаулық сақтау ұйымы порталда пациенттің құжаттарымен бірге, емдеуге жатқызуға жолдама түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде күнін анықтайды.

БМСК ұйымы пациентті стационарға жатқызу күні туралы емдеуге жатқызу күні белгіленген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ЖТМҚ ұсынатын, денсаулық сақтау ұйымының жолдамасында хабардар етеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 12 бұйрығына сәйкес жоғары технологиялық медициналық қызметтерді ұсынудың егжей-тегжейлі қағидаларымен мына сайтта танысуға болады: adilet.kz сілтеме бойынша http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1700014868.

1. Стационарды алмастыратын медициналық көмек - ересек тұрғындарға "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-пен жасалған шартқа сәйкес, Амбулаториялық хирургия орталығы жағдайында мынадай хирургиялық бейіндер мен қызмет түрлері бойынша жүзеге асырылады:

* Гинекологиялық

* ЛОР

* Офтальмологиялық

* Проктологиялық

* Травматологиялық

* Урологиялық

* Хирургиялық

* Диагностикалық коронарлық артериография

* Гемодиализ

ТМККК шеңберінде стационарды алмастыратын көмек БМСК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша пациентті емдеу үшін қажетті бейінді мамандардың зертханалық, аспаптық зерттеулерінің және консультацияларының нәтижелерімен ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығына сәйкес стационарды алмастыратын көмек көрсетудің егжей-тегжейлі қағидаларымен сайтта танысуға болады: adilet.kz сілтеме бойынша http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011958.

1. Республикалық деңгейде консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі-КДК) ересек тұрғындарға "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-пен 2019 жылға арналған шартқа сәйкес, қымбат тұратын қызметтердің мынадай түрлері бойынша жүзеге асырылады:

Қызмет коды

Қызмет атауы

 

Республикалық деңгейде позитронды-эмиссиялық томография, бірфотонды эмиссиялық компьютерлік томография

1

C04.002.010

Барлық дененің позитрондық-эмиссиялық томографиясы (ПЭТ) + компьютерлік томографиясы

2

C04.002.009

Скелеттің статистикалық бірфотондық эмиссиялық компьютерлік томографиясы (1 кескінде)

3

C04.004.009

Скелеттің статистикалық бірфотондық эмиссиялық компьютерлік томографиясы – одан кейінгі әрбір кескін

4

C04.006.009

Қалқанша безінің статистикалық бірфотондық эмиссиялық компьютерлік томографиясы

5

C04.007.009

Қалқанша безінің маңындағы статистикалық бірфотондық эмиссиялық компьютерлік томографиясы

 

Компьютерлік томография

 

Иммунофенотиптеу

7

B06.570.008

Ағымды цитофлуориметрия

әдісімен қандағы "иммун статусын анықтау үшін панель" иммунофенотиптеу

 

Полимераздық тізбек реакциясы

8

B09.820.020

ПТР әдісімен биологиялық материалда C гепатиті вирусының PHK анықтау

9

B09.830.020

ПТР әдісімен биологиялық материалда D гепатитінің вирусын анықтау

10

B09.839.020

ПТР әдісімен биологиялық материалда Эпштейн – Барр вирусын (ВПГ-IV) анықтау

11

B09.840.020

Сандық ПТР әдісімен биологиялық материалда Эпштейн – Барр вирусын (ВПГ-IV) анықтау

12

B09.841.020

ПТР әдісімен биологиялық материалда B гепатиті вирусының ДНҚ анықтау

13

B09.675.020

ПТР әдісімен биологиялық материалда B гепатитінің вирустық жүктелімін сандық анықтау

14

B09.676.020

ПТР әдісімен биологиялық материалда C гепатитінің вирустық жүктемесін сандық анықтау

ТМККК шеңберінде КДК көрсету БМСК дәрігерінің жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.

Пациенттерді республикалық деңгейде КДК алуға жіберуді меншік нысанына қарамастан, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының медициналық ұйымдары медициналық ұйымдарда (бұдан әрі – МҰ комиссиясы) немесе облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Денсаулық сақтау басқармаларында (бұдан әрі – ДСБ комиссиясы) құрылған комиссиялар арқылы жүзеге асырады.

МҰ комиссиясы 2 жұмыс күні ішінде пациенттің құжаттарын қарайды және республикалық деңгейде КДК-ны алуға жіберу не бас тарту (көрсетімдер болмаған кезде) туралы шешім қабылдайды.

Пациентті республикалық деңгейде КДК алуға жіберу оң шешімі болған кезде МҰ комиссиясы пациенттің құжаттарын 2 жұмыс күні ішінде ДСБ комиссиясына жібереді.

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармалары пациенттің құжаттары келіп түскен сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде ДСБ комиссиясының шешімі негізінде медициналық ұйымға не пациентке № 907 бұйрықпен бекітілген № 021/е нысан бойынша республикалық деңгейде КДК алуға жолдама береді.

Пациентке республикалық деңгейде КДК көрсетуден бас тартқан жағдайда облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармалары жіберген медициналық ұйымға жазбаша дәлелді бас тартуды қоса бере отырып, 3 жұмыс күні ішінде құжаттарды қайтарады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 626 бұйрығына сәйкес консультациялық-диагностикалық көмек көрсетудің егжей-тегжейлі қағидаларымен мына сайтта танысуға болады: adilet.kz, сілтемесі http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011958.

Жоғары технологиялық медициналық қызметтердің тізбесі, 2019 жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде көрсетілетін қызметтер


Аурухана серіктестері