Аллергология орталығы
Орталық туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасы (бұдан әрі - Аурухана) Аллергология орталығының базасында барлық клиникалық-зертханалық, оның ішінде аллергиялық және иммундық тәуелді аурулары бар пациенттерді тексерудің ерекше аллергологиялық және генетикалық әдістері қолданылады (бұл – бронх демікпесі, ауыр атопиялық синдром, гипереозинофильді синдром, эозинофильді эзофагит, эозинофильді колит, жасушаларды белсендіру синдромы, дәрілік аллергия, жәндік шаққаннан пайда болатын аллергия, атопиялық дерматит, токсикодермия, ангио ісінумен қатар жүретін есекжемнің барлық түрлері, соның ішінде тұқым қуалайтын және жүре пайда болған ангионевротикалық ісіну, бастапқы және қайталама иммун тапшылығы және т.б.).
Пациенттерді көпсалалық емдеу тәсілінің шеңберінде Орталық Аурухананың барлық бөлімшелерімен өзара бірлесіп жұмыс істейді. Пациенттерді барынша тиімді емдеуді қамтамасыз ету мақсатында қажет болған жағдайда келесі мамандықтардың дәрігерлері тартылады: дерматологтар, ревматологтар, гематологтар, ЛОР-дәрігерлер, нефрологтар, гинекологтар, гастроэнтерологтар. Медициналық көмек көрсетуде Орталық мамандары ұлттық және халықаралық клиникалық хаттамаларды, аллергиялық ауруларды диагностикалау және емдеу жөніндегі ұсынымдарды басшылыққа алады.
Көрсетімдер бойынша күндізгі немесе тәуліктік стационар жағдайында медициналық көмек көрсетіледі. Пациент ерікті медициналық сақтандыру шарты бойынша немесе ақылы негізде республикалық бюджет бойынша консультация немесе госпитализация ала алады.
Аллергология орталығында аллергияның барлық түрлерін, соның ішінде қиын диагноз қойылатын аллергия түрлерін тиімді диагностикалау, емдеу және алдын алу үшін ең заманауи зерттеу әдістері қолданылады. Біз тері аллергологиялық сынақтары үшін кешенді заманауи диагностикалық аллергендерді қолданамыз және оларды кәсіби түрде егжей-тегжейлі түсіндіреміз. Орталықтың білікті қызметкерлері тері сынақтарын сапалы және қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етеді.
Біздің орталықта сонымен қатар отандық өндірістің және Еуропадан әкелінген аллергенге тән иммунотерапияға арналған емдік вакциналар бар
Орталық құрылымы
- Аллергология және иммунологияның консультациялық-диагностикалық бөлімшесі
- Аллергология және иммунологияның күндізгі стационары
Орталық қызметтері
- «Аллергология және иммунология» бейіні бойынша ересектер мен балаларға білікті консультациялық-диагностикалық амбулаториялық және стационарлық көмек көрсету.
- Барлық аллергиялық ауруларды кешенді тексеру және емдеу (ауыр атопиялық синдром, бронх демікпесі, аллергиялық ринит және конъюнктивит, атопиялық дерматит, есекжем, дәрілік және жәндік шағуынан болған аллергия, токсикодерма, гиперэозинофильді синдром және т.б.).
- Диагноз қою қиын жағдайдағы пациенттерге консултация (аутоиммундық аллергия, онкология және аллергия іспеттес гематология).
- Пациенттерді контрастты затпен рентгенологиялық тексеру жүргізуге, хирургиялық емдеуге, әртүрлі инвазиялы медициналық манипуляцияларға дайындау.
- Анамнезінде дәрілік аллергия болған кезде ұтымды дәрілік терапия таңдау.
- Бронх демікпесінің, атопиялық дерматиттің және пайда болатын өздігінен созылмалы есекжемнің ауыр түрлеріне биологиялық терапия жүргізу.
Аллергия мен аллергиялық ауруларды диагностикалау әдістері
- Аллергологиялық сынақтар (тері сынақтары) - тамшылатып, аппликация, скарификация, тері ішілік, prick және patch сынақтары
- Көрсетімдер бойынша дәрілік препараттармен провакациялық сынақтар (препаратпен жүктеме)
- Зертханалық әдіспен аллергенге тән IgE кеңейтілген зерттеу
Қарсы көрсетімдер
- Ағымдағы аллергиялық аурудың асқынуы
- Жіті инфекциялық процесс (ЖРВИ, ангина)
- Басқа созылмалы аурудың асқынуы
- Пациенттің ауыр жағдайы
- Гормондық препараттармен ұзақ емдеу (кортикостероидтар)
- Жүктілік
Аллергологиялық тестілеу алдында жалпы клиникалық тексеру жүргізіледі. Қарсы көрсетімдер болған жағдайда, аллергия диагностикасын қан анализі арқылы жүргізуге болады. Бұдан басқа, аллергияға арналған тері тестілеуі антигистаминді препараттарды қабылдау аясында және 60 жастан асқан адамдарда жүргізілмейді.
Аллергиялық аурулардың бастапқы және қайталама алдын алу
Аллерген-спецификалық иммунотерапия (АСИТ) - аллергиялық процестің барлық буындарына әсер ететін аллергиялық ауруларды емдеудің жалғыз әдісі. Синонимдер: спецификалық иммунотерапия (СИТ), аллерген спецификалық гипосенсибилизациялық терапия, аллергендермен спецификалық вакцинация (АСВ). АСИТ клиникалық көріністердің айқындылығын азайтуға, аллергиялық аурудың асқынуының алдын алуға, аллергиялық спектрдің кеңеюін болдырмауға мүмкіндік береді. Аллергиялық ринит және поллиноз астматикалықалды аурулар болып табылады, мұндай емделушілерде уақтылы АСИТ жүргізу көп жағдайларда бронх демікпесінің дамуын болдырмауға, ал бронх демікпесі кезінде көп жылдық ремиссияға қол жеткізуге, симптомдардың жеңілдеуін едәуір азайтуға мүмкіндік береді. АСИТ әдісі 1911 жылы эмпирикалық ретінде әзірленген. Қазіргі уақытқа дейін оның иммундық жүйеге әсер етудің бірегей тетіктері ашылып келеді. АСИТ пайда болған уақыттан бастап оны клиникалық қолданудың үлкен тәжірибесі жинақталған, аллерговакциналары жетілдірілуде. АСИТ 80-90% жағдайда оң клиникалық нәтижеге жетеді. Бұл әдіс аллергияға қарсы иммунитетті қалыптастыру үшін жоғары дозаларда себеп-салдарлық аллергендерді енгізуден тұрады. 3-5 жылдық курстан кейін АСИТ аллергиялық аурудың көпжылдық ремиссиясына қол жеткізе алады. Халықаралық ұсыныстарға сәйкес, АСИТ 5 жастан бастап қолданылады.
Болжамды терапиялық әсерлер
- Себеп-маңызды аллергендерге сезімталдықтың төмендеуі
- Аллергиялық аурулардың ауыр түріне өзгеруінің алдын алу
- Толықтай жазылу
Қолдану тәсілі
- АСИТ жүргізу үшін дәрігер тері астына инъекциялар, енгізудің ингаляциялық нұсқалары, аллерговакциналардың таблеткалық түрлері схема бойынша - палинация маусымына дейін (тозаңдану, өсімдіктердің тозаңды шығаруы), сондай-ақ тозаңды, тұрмыстық (үй шаңына аллергия), эпидермалды (жануарларға аллергия), зең сенсибилизациясын емдеу үшін жыл бойы тағайындайды
- Өмірлік маңызы бар препараттармен десенситизация жүргізіледі (жүрек-қантамыр аурулары бар пациентер үшін аспирин, онкологиялық пациенттер үшін химиопрепараттар және т. б.)
Әртүрлі терапия курстары бар
- Маусым алдындағы қысқа терапия
- Маусым алдындағы толық терапия
- Жыл бойы жүргізілетін терапия
ҚР Президенті Әкімшілігінің Медициналық орталығының ауруханасының аллергология орталығында қалай кеңес алуға және/немесе емделуге болады?
Науқасты Аллергологиялық орталыққа кеңес алу және емдеу үшін МСАК дәрігері (жалпы практика дәрігері/терапевт/педиатр), аллерголог-иммунолог және басқа да мамандар жібереді:
- Міндетті медициналық сақтандыру аясында
- Ақылы негізде
Науқастар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады
Арнайы сырқаттар бойынша кеңестер:
Есекжем: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма 10:00-ден 12:00-ге дейін
Бронх демікпесі: сейсенбі, бейсенбі, жұма 12:00-ден 16:00-ге дейін
Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісіну: дүйсенбі және сәрсенбі сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін
Дәрілік заттарға жоғары сезімталдық: сейсенбі және сәрсенбі 8:00-ден 10:00-ге дейін
Тусупбекова Галия Марксовна
Медицина ғылымдарының кандидаты
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 32 жыл
Сыздыкова Айгуль Амангельдыевна
Дәрігер-аллерголог
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 24 жыл
Давлетова Ботагоз Маликовна
Дәрігер-аллерголог
Жоғары санатты дәрігер
Еңбек өтілі 22 жыл