Превентивті медицина бөлімшесінің эндоскопист дәрігері
Еңбекақы: 470 000 бастап 570 000 тенгеге дейiн
Толық жұмыс күнi.
1. Лауазымдық міндеттері:
Клиникалық көрсетілімдерге, бекітілген хаттамаларға және операциялық емшаралар стандарттарына сәйкес эндоскопиялық зерттеулер мен емдеу шараларын жасауға;
Зерттеу хаттамаларын уақытылы және сапалы ресімдеуге;
Эндоскопиялық диагностика және емдеу мәселелері бойынша Аурухана дәрігерлеріне білікті консультациялық көмек көрсетуге;
Медициналық әдеп және деонтология қағидаттарын сақтауға, еңбек тәртібін және Аурухананың бекітілген жұмыс кестесін қатаң сақтауға;
Адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлердің мүлкінің сақталуына қатер төндіретін кезде, сондай-ақ аппараттардың бос тұрып қалуы туындаған жағдайда Аурухана басшылығына дереу баяндауға;
Сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) және JCI талаптарын сақтауға, СМЖ және JCI белгіленген талаптарына сәйкес жазбалар мен әрекеттер жасауға;
Пациенттер бойынша ақпараттың сақталуына, КМАЖ пайдаланып пациент туралы деректердің үшінші тұлғаларға рұқсатсыз берілуінің алдын алуға;
Аурухананың бейіндік ғылыми зерттеулеріне қатысуға;
Өзінің білім деңгейін арттыру және ғылыми менеджмент саласында дағдыларды игеру, тәлімгерлікті дамытуға;
Аурухананың ғылыми-практикалық іс-шараларына қатысуға;
Жетекші медициналық журналдарда баспа жұмыстарының жарияланымдарына қатысуға;
Медициналық қарап-тексеруден уақытылы өтуге;
Өндірістік қажеттілікке байланысты бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндері кезекшілік етуге міндетті;
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатынақ параттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық қужаттамада нормативтік құқықтық актілерде және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі стандарттар дасипатталған талаптарды сақтау;
2. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Денсаулық сақтау, еңбек заңнамасы саласындағы негізгі нормативтік құжаттарды;
Медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын;
Отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін;
Санитариялық қағидалар мен нормаларды, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, ішкі еңбек тәртіптемесі қағидаларын;
Эндоскопист дәрігердің қызметін регламенттейтін әдістемелік және басқа да материалдар, бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, нұсқаулықтар, нормативтік-өкімдік құжаттарды білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) тиісті мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты.
3. Жеке қасиеті: жауапкершілік, күйзеліске тұрақтылық, командада жұмыс істей білу, жазбаша қарым-қатынас жасау дағдылары, көп мәселелік, ұқыптылық.
Мекенжай: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 80
Вакансиялар туралы ақпаратты +7 (7172) 70 79 74 (Адам ресурстарын басқару қызметі) байланыс нөмірі арқылы анықтай аласыз.
Резюмеңізді musabaevas@bmc.mcudp.kz, razima@bmc.mcudp.kz немесе tursunbaeva@bmc.mcudp.kz электрондық поштасына жібере аласыз.