Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Сапа менеджменті және пациенттер қауіпсіздігі орталығының сарапшы дәрігері

1. Лауазымдық міндеттері:

Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасына сараптама жүргізеді. Халыққа көрсетілетін медициналық қызметтер көлемінің орындалуын бақылайды.

Емдеу-диагностикалық іс-шараларға ретроспективті талдау жүргізеді, Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді.

Медициналық-әлеуметтік сараптау комиссияларымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Халыққа қызмет көрсетуде инновациялық технологияларды енгізеді. Талдау нәтижелері бойынша халыққа көрсетілетін медициналық қызметтер сапасының дәрежесін зерделейді, пациенттердің проблемаларын (шағымдарын) сол жерде шешеді.

Медициналық құжаттаманың уақтылы және сапалы ресімделуін қамтамасыз етеді.

Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.

2. Білуі тиіс:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
  • медициналық ұйымның жоспарлы жұмысын ұйымдастыру;
  • ішкі аудит негіздері, медициналық қызметтің сараптамасы;
  • халықты емдеу-профилактикалық, жедел медициналық көмекті, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздері;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар;
  • төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру; Статистика халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштер;
  • аурулардың халықаралық және отандық жіктемесінің негіздері; еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы және медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері;
  • медициналық сақтандыру негіздері.

3. Біліктілікке қойылатын талаптар: "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім; тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты; жоғары біліктілік санаты тиісті мамандығы бойынша (бар болса) немесе тиісті мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 6 жыл.

4. Жеке қасиеті: жауапкершілік, жүйелі ойлау, күйзеліске тұрақтылық, командада жұмыс істей білу, жазбаша қарым-қатынас жасау дағдылары, көп мәселелік.

Мекенжай: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 80

Байланыстағы адам: Шомакова Жанат Темиркуловна

Телефон: +7 (717) 270 78 80 (ішкі: 72-53)

Электронды адрес: Shomakova@bmc.mcudp.kz


Аурухана серіктестері