Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Патологоанатомиялық бөлімшенің цитолог-дәрігері

  30.01.2024

1. Лауазымдық міндеттері:

Цитологиялық зерттеулер жүргізу тактикасын және оны өткізу жоспарын анықтайды.

Өткізілген цитологиялық зерттеулердің, дәлдігі мен дұрыстығы үшін, өзіне сеніп тапсырылған жабдықтың сондай-ақ олардың сақталуына, аспаптардың, жабдықтардың және зертханалық шыны ыдыстардың жұмыс істеуіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдауына жеке жауапкершілікте болады. өз тарапынан және өзіне бағынысты тұлғалар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу.

Сынақты таңдауға, зертханалық қызметтерді пайдалануға және сынақ нәтижелерін түсіндіруге қатысты клиникалық кеңес береді.

Бөлімшенің медициналық қызметкерлеріне жүктелген диагностикалық функцияларды орындауда жедел басшылықты қамтамасыз етеді.

Цитологиядағы зертханалық процестің барлық кезеңдерінде бақылауды, орындалған зерттеулердің сапасын бақылауды жүзеге асырады.

Стандарттардың талаптарына сәйкес орындалатын зерттеулердің сапасын бақылау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және енгізуді ұйымдастырады.

Жұмысын жоспарлап, жұмыс көрсеткіштерін талдайды.

Цитологиялық зерттеудің заманауи әдістерін тәжірибеге енгізеді.

Өзіне бағынысты мейірбике және кіші медицина қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырады және бақылайды.

Медициналық жазбалар мен есептерді, соның ішінде орындалған әдістердің сапасын бақылау жөніндегі құжаттаманы жүргізеді.

Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібін, өрт қауіпсіздігін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтайды.

Халық арасында сауықтыру ағарту жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді және салауатты өмір салтын насихаттайды.

2. Білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);

медициналық ұйымның жоспарлы жұмысын ұйымдастыру;

клиникалық, аспаптық және зертханалық диагностиканың жалпы принциптері мен негізгі әдістерін;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі тәртібі мен стандарттары;

аурулардың халықаралық және отандық классификациясының негізін, денсаулық сақтауды, халықты гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру; еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы және медициналық-әлеуметтік сараптама негіздері.

3. Біліктілікке қойылатын талаптар: «Денсаулық сақтау» мамандарын даярлау саласындағы жоғары білім және (немесе) тиісті мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім, «Патологиялық анатомия (цитопатология) (ересектер)», «Патологиялық анатомия (цитопатология) (ересектер, балалар)» маман сертификаты. Мүмкіндігінше жұмыс тәжірибесі мен біліктілік санаты бар.

4. Жеке қасиеті: жауапкершілік, жүйелі ойлау, күйзеліске тұрақтылық, командада жұмыс істей білу, жазбаша қарым-қатынас жасау дағдылары, көп мәселелік.

Мекенжай: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 80

Байланыстағы адам: Шомакова Жанат Темиркуловна

Телефон: +7 (717) 270 78 80 (ішкі: 72-53)

Электронды адрес: Shomakova@bmc.mcudp.kz  


Аурухана серіктестері