ЖҮКТІЛІКТІ ЖОСПАРЛАП ЖҮРГЕН ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН ДЕНСАУЛЫҚ ЧЕК-ПАРАҒЫ

Экстрагениталды аурулар (ЭГА) — бұл репродуктивті жүйеге жатпайтын, бірақ жүктілік барысына сіздің көңіл-күйіңізге, және болашақ нәрестенің денсаулығына тікелей әсер ететін аурулар. Егер сіздің «іргетасыңыз» (жүрек, бүйрек, қалқанша без) мықты болса, бүкіл ағзаңыз да сағат сияқты жұмыс істейді.
«ДЕНСАУЛЫҚ МИНИМУМЫНЫҢ» ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
· Қозғалыс: Аптасына кемінде 150 минут кез келген белсенділік (аптасына 5 рет 30 минуттан).
· Ұйқы: Қараңғы әрі салқын бөлмедегі 7–8 сағаттық ұйқы — ең жақсы тегін косметология мен эндокринология.
· Тамақтану: «Дұрыс тамақтану табағы» ережесі (1/2 — көкөністер мен көк шөптер, 1/4 — ақуыз, 1/4 — күрделі көмірсулар).
ЖҮЙЕЛЕР БОЙЫНША
Жүрек және қан тамырлары: Сіздің «қозғалтқышыңыз»
· Қысым: Қалыпты жағдайда 120/80 мм сын. бағ. жоғары болмауы керек.
· Салмақ: Дене салмағы индексі (ДСИ) 18.5 – 24.9 аралығында.
· Талдаулар: Холестерин < 5,0 ммоль/л, Глюкоза (аш қарынға) < 6,1 ммоль/л.
· Тұз: Күніне 1 шай қасықтан аз (нан мен соустардағы жасырын тұзды ескергенде).
Гормондар және зат алмасу: Сіздің «басқару орталығыңыз»
· Қалқанша без: Жылына бір рет ТТГ (без жұмысының көрсеткіші) деңгейіне қан тапсырыңыз.
· Йод: Йодталған тұзды қолданыңыз — бұл қалқанша без ауруларының қарапайым алдын алу жолы.
· Қант: Гормоналды тепе-теңдікті сақтау үшін тәтті сусындар мен фастфудты шектеңіз.
Асқазан-ішек жолдары: Сіздің «энергостанцияңыз»
· Жасұнық (клетчатка): Көкөністер мен жармалар — ішектің «тазалағыш щеткасы».
· Тәртіп: Тамақты тұрақты уақытта қабылдау, түнде артық тамақтанудан аулақ болыңыз.
· Су: Дене салмағының әр 1 кг-на 30 мл су ішу.
Қан және дәрумендер: Сіздің «жанармайыңыз»
· Темір: Жылына бір рет ферритин мен гемоглобинге қан тапсырыңыз. Гемоглобин қалыпты болса да, ферритин төмен болуы мүмкін, бұл әлсіздік пен шаштың түсуіне себеп болады.
· D дәрумені: Алдын алу дозасын қабылдаңыз (дәрігердің ұсынысымен).
· Фолий қышқылы: Жүктілікті жоспарлау кезінде 3 ай бұрын қабылдауды бастаңыз.
Иммунитет: Сіздің «қауіпсіздік қызметіңіз»
· Вакцинация: АПВ (ВПЧ), В гепатиті және қызамыққа (жүктілікті жоспарлау кезінде өте маңызды) қарсы екпелерді тексеріңіз.
· Емдеу: Инфекцияларды уақытында анықтау және емдеу.
Ментальды денсаулық: Сіздің «негізіңіз»
· Стресс-менеджмент: Күйзелісті шығару тәсілін табыңыз (спорт, медитация, хобби).
· Маңызды: Егер мазасыздық немесе көңіл-күйдің түсуі 2 аптадан артық созылса — маманға жүгініңіз.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!
Аурудың алдын алу — бұл аурухана жағалау емес, бұл Сіздің өмір сапаңыз. Жылына бір рет жасалатын жүйелі check-up сізге қалған 364 күнде сенімділік сыйлайды.
Бізбен бірге денсаулығыңызды сақтаңыз!
