ТЕМІР ТАПШЫЛЫҚТЫ АНЕМИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК?
ТЕМІР ТАПШЫЛЫҚТЫ АНЕМИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК?
Анемия - бұл қанның көлем бірлігінде гемоглобин мөлшерінің төмендеуі және эритроциттер санының азаюы, бұл тіндерде оттегінің тапшылығына әкеледі /гипокси деп аталады.
Гемоглобин (темір + ақуыз) оттегімен байланысып эритроциттер арқылы оны тіндерге тасымалдайды. Бұнда гемоглобин оттегін қалдырып көмірқышқыл газын алады. Осылайша ағза тіндеріде газалмасу процессі жүреді.
Осы функцияны орындау үшін қажетті кез-келген компоненттердің жетіспеушілігімен денеде анемия дамиды.
Ең жиі кездесетін анемия темір жетіспеушілікті болып табылады, сонымен қатар В12 немесе фолий тапшылықты (олар эритроциттердің синтезі кажетті), темірді қорға жінайтын ақуыздың жетіспеу түріде кездеседі, гемолитикалық анемия - қызыл қан жасушаларының патологиялық деструкциясы және т.б. анемия түрлері бар.
Темір тапшылықты анемияның себептері:
- темірге деген қажеттіліктің жоғарылауы жағдайы жиі әйел адамдарда кездеседі, маселен – жүктілік кезенінде, омыраумен емізуде
- қыз-келіншектерде айсайынғы қан жоғалту
- дененің белсенді өсуі мен дамуы (нарестелерде, 5 жаскадейінгі балаларда)
- ауыр физикалық жүктеме кезінде темірді шамадан тыс шығындау
- тамақтану жетіспеушілігі
- тұқым қуалайтын аурулармен,
- асқазан-ішек жолдарының әр түрлі ауруларына байланысты темір сіңірілуінің төмендеуі (ферментопатия, жіңішке ішектің аурулары онын ішінде хирургиялық операциялары)
- бүйрекпен бауырдын белкок-синтезінің қызметтерінің бұзылуы
- жасырын қан кету
- тағыда басқа себептерімен
АНЕМИЯНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Жалпы белгілері
- терінің, еріннің және шырышты қабаттардың бозаруы
- әлсіздік, шаршаудың жоғарылауы, ұйқышылдық
- бас айналу, құлақтың шуылы,
- көз алдында жыпылықтайтын «шыбындар» ұшу,
- ентігу, жүрек қағу, пульстің жиі болуы және т.б.
Ерекше клиникалық көріністері
- терінің құрғақтығы, жарықтар пайда болуы
- тырнақтармен шаштардың сынғыштығы
- ауыз бұрыштарындағы жаралар мен жарықтар,
- бұлшықет әлсіздігі
- бор, тіс пастасы, известь, шикі дәнді дақылдар жеуге, сондай-ақ белгілі бір иістерге (ацетон, лак, бензин) тәуелділік түріндегі дәмді бұрмалау.
1. Дұрыс тамақтану:
- темірге бай - бауыр, ет, балық, анар, алма, қызылша, сұлы мен қарақұмық жармаларын жиі тұтыну
- В12 дәрумен көзі - ет, құс еті, ішкі өнімдер, теңіз өнімдері, сүт, ірімшік, жұмыртқа
- фолий қышқылы - жасыл жапырақты көкөністер, брокколи, бұршақ дақылдары, апельсин, банан, өрік т.б.
- С дәрумен көзі - итмұрын, қарақат, таңқурай, бүлдірген, қырыққабат, болгар бұрышы т.б.
3. Дене белсенділігін жоғарлату (күніне 30 минуттен кем емес денешынықтыру).
4. Уақытылы профилактикалық медициналық тексеруден өту (қан анализін тапсырумен).