Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Рамазан айында қалай дұрыс тамақтану керек – дәрігердің кеңесі

  16.03.2023

Биыл мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталып, 20 сәуірге дейін жалғасады. Алматы қаласының № 11 қалалық емханасының дәрігері Әсел Құдайбергенова «ҚазИнформ» тілшісіне Ораза кезінде қалай дұрыс тамақтану керектігі туралы айтып берді.

Рамазан айында қалай дұрыс тамақтану керек – дәрігердің кеңесі

ДӘРІГЕРДІҢ КЕҢЕСІ.

1. Ауызды құрмамен ашқан жөн. Сондай-ақ, Рамазан айында ауызашарға тамақ пісірген кезде бірінші кезекте жаңа піскен көкөністерді пайдалану керек. Жеміс таңдағанда да осыны ескеріңіз. Аш қарынға құрма мен су ішудің артықшылығы – көп тамақ ішер алдында организмнің қосымша тағамға қажеттілігі бар-жоғын түсінуге мүмкіндік береді.

2. Тамақтан кейін көбірек су ішіңіз. Ауызашарда асықпай, бірте-бірте тамақтанған дұрыс, артық тамақ ішпеңіз, әдеттегі мөлшерде тамақтаныңыз.

3. Шөлдететін тағамдарды тұтынбаңыз. Рамазан айында рационыңызды уақытша өзгертуге тура келеді. Тұздалған қияр, қызанақ, әртүрлі тұзды салаттарды және балықтарды тұтынбауға тырысыңыз. Олардың орнына көбірек жеміс жеп, суды мол ішіңіз.

4. Асықпай, баяу тамақтаныңыз. Үйреншікті тамағынан бас тартқан адам стресске ұшырауы мүмкін. Бұл әсіресе бірінші рет ораза ұстағандар үшін өте маңызды. Ең алдымен, ауызашарды құрмадан, судан немесе сорпа, ет қосылған көкөніс тағамы сияқты жеңіл тағамнан бастау керек.

5. Тәттіні шектеңіз. Мәзіріңізден тәттілерді алып тастаңыз (кондитерлік өнімдер, торт, тәтті бәліш). Өйткені бұл тағамдар денеңізді әлсіретеді, қарныңыз тез ашатын болады. Рамазан айында тәттіні көп жеу қан қысымын көтереді. Ауызашардан екі-үш сағат өткен соң ғана тәттінің орнына құрма, кепкен өрік, мейіз, жаңғақ жеңіз.

6. Кофеден бас тартыңыз. Күніңізді кофеден бастайтын болсаңыз, Рамазан айында одан уақытша бас тартуға тура келеді. Себебі кофе организмге зиянды әсер етуі мүмкін.

7. Тамақтануды қадағалаңыз. Біз әдетте күніне үш рет тамақтанамыз. Рамазан айында да осы әдісті қолданыңыз. Мысалы, ауызашар кезінде ыстық тамақ ішіңіз, майсыз тағамдар мен балықты одан кейін, ал жемістерді сәресіде тұтыныңыз. Бұл әдіс денсаулығыңыз үшін де өте маңызды.

8. Дұрыс тамақтаныңыз. Егер шай ішкенді ұнатсаңыз, осы айда жалбыз шайы мен көк шайды көбірек ішіңіз. Сүт, айран, сүзбе, йогурт, ірімшік сияқты сүт өнімдерін көбірек тұтыныңыз. Олардың құрамында нәруыз, минералдар, кальций, фосфор, мырыш және маңызды B6 мен B12 дәрумендері бар.

9. Сәресіде сергек ояну үшін ұйықтар алдында майлы тағамдарды тұтынбай, оларды жүзім, алма, алмұрт, құлпынай сияқты жемістермен алмастырыңыз. Олар мидың қалыпты жұмысына және толық демалуыңызға көмектеседі. Сәресіде де тойып тамақ ішпеңіз.

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы биылғы Рамазан айында пітір садақа сомасын белгіледі. Биыл пітір садақа 535 теңге болады.

Қасиетті Рамазан айы биыл 23 наурызда басталады. 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түні Қадыр түні болады. 21 сәуір – Ораза айт мейрамы.



Аурухана серіктестері