Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Қанайналым жүйесі ауруларының алдын алу

  03.11.2022
Қанайналым жүйесі ауруларының алдын алу

Тіркелген  контингент қатарындағы мемлекеттік қызметшілер үшін салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру және аурулардың алдын алуға арналған «САЛАУАТТЫ САНДАРҒА ЖЕТ!» атты бағдарламаны іске асыру шеңберінде 2022 жылғы 3 қарашада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері БМСК 2-бөлімшесінің невролог дәрігерімен бірлесіп Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне арналған іс-шара өткізді.

Заманауи медицинада XXI ғасыр «Қанайналым жүйесі ауруларының дәуірі» (ҚЖА) деп аталататындықтан бұл іс-шараның рөлі маңызды. Бүкіл әлем бойынша ҚЖА «№1 өлімге әкелетін» ауру болып табылады және жыл сайын 17 миллионнан астам адамның өмірін қияды.

Бүгінгі таңда еңбекке қабілетті жастағы әр 10-шы қазақстандық ҚЖА-ның біреуіне шалдыққан, сонымен қатар еліміздегі әр екінші өлім осы аурулардың салдарынан болады.

Ең бастысы, өмір салтын дұрыс жаққа өзгерту арқылы ҚЖА-дан болатын өлім-жітімнің төрттен үш бөлігінің алдын алуға болады!

Іс-шара барысында невролог Ырысты Сүтбаева қатысушыларға «Инсульттің бастапқы және қайталама профилактикасы. Мигрень» тақырыбында презентация ұсынып, барлық сұрақтарға жауап берді.

СӨСҚ орталығының дәрігер-әдіскер Гүлнар Сақанова қантамыр ауруларының алдын алу мақсатындағы дене шынықтыру жаттығулары бойынша практикалық дағдылармен бөлісті.

Дәрігер-әдіскер Гүлнар Турдунова «Тамақтану ҚЖА-ның басқарылатын факторы ретінде» атты баяндамасында ҚЖА дамуының ең маңызды қауіп факторы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Барлық қатысушыларға «Инсульт туралы не білу керек», «Тамақтану – ҚЖА басқарылатын факторы», «Темекі шегу туралы фактілер», «Көп отыратын өмір салты», «Тұзды тұтыну туралы не білген жөн» және т.б. тақырыптағы буклет, жаднама түріндегі ақпараттық материалдар таратылды.






Аурухана серіктестері