Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Өт іркілуі - себебі, белгілері және алдын алу әдістері

  30.01.2024
Өт іркілуі - себебі, белгілері және алдын алу әдістері

Өт - майлардың, майда еритін дәрумендердің қорытылуына, нәруыздар мен көмірсулардың сіңуіне қажет бауыр жасушаларынан өндіріледі. Бауырдан, түтіктер арқылы қуыс ағза – өт қабына түсіп, онда жиналып, өт қоры сақталады. Майлы тағамдарды тұтынған кезде өт қабының қабырғалары жиырылып, жиналған өт түтік арқылы ұлтабарға бөлініп, ас қорытуға қатысады.

Өттің негізгі міндеті - тамақпен бірге келетін және өтпен өңделгеннен кейін май қышқылдары қанға еніп, бұлшықеттерді қоректендіруге, жасушаларды құруға және гормондарды өндіруге жіберілетін майларды ыдырату процесіне қатысу. Ыдыраған майдың ішінде майда еритін A, D, E, K дәрумендері тек май қышқылдарымен бірге тіндерге енеді. Сонымен қатар, өт ағзаға өт қышқылдарымен байланысатын және ішектерден нәжіспен бірге шығарылатын артық холестериннен құтылуға көмектеседі.

Өттің іркілуі – өт қабынан өт жеткіліксіз мөлшерде шығатын немесе мүлдем шықпайтын жағдай. Өт қабында жиналатын өт шоғырланып, ұзақ қозғалмаған жағдайда ол өте қою, қоймалжың болады. Өт бөлшектері тұнбаланып, қалдық түзеді, бұл ақырында тас пайда болуына әкеледі. Бауыр жасушалары өт шығаруды жалғастыра отырып, өт қабының жиналуына және созылуына ықпал етеді және қысымның жоғарылауына байланысты өт бауыр түтіктері арқылы кері ағып, бауырға уытты әсер етеді.

Майлар мен майда еритін дәрумендер сіңуінің бұзылуы метаболизмдік теңгерімсіздікке әкеледі, бұл дәрумен тапшылығының, дисбактериоздың, остеопороздың дамуына әкеледі. Өт жеткіліксіз болса, холестерин ішек арқылы сіңіп, қанға түседі. Қандағы холестерин деңгейінің жоғарылауы холестерин түйнектерінің пайда болуына, қантамыр атеросклерозының және жүрек ауруларының дамуына әкеледі.

Қандай қауіп факторлары өт іркілуіне ықпал етеді:

  • пассивті өмір салты және көп отыратын жұмыс
  • жыныстық фактор: жүктілік кезіндегі қауіп немесе менопауза кезіндегі гормондық өзгерістерге байланысты әйелдерде ерлерге қарағанда жиі кездеседі
  • жас ерекшелігі: егде жастағы адамдар өт іркілуіне бейім
  • рационда қаныққан майлар мен холестеринге бай тағамдардың басым болуы
  • өт жолдарының жиі инфекциялық жұқпалары
  • созылмалы бауыр аурулары
  • антибиотиктерді ұзақ қолдану
  • семіздік

Өттің іркілуінің себептері:

  • дұрыс тамақтанбау, тамақтану арасындағы тым ұзақ үзіліс
  • пайдалы майларды тұтынбай, қатаң диета ұстау
  • тамақтану сипаты (шамадан тыс тамақтану, қаныққан майларға бай майлы және қуырылған тағамдарды көп тұтыну)
  • белсенді емес өмір салты және алкогольді асыра пайдалану
  • таза суды жеткіліксіз тұтыну
  • өт жолдарының спазмына әкелетін жиі стресс және соның салдарынан өт ұлтабарға бөлінбейді

Өт қабының туа біткен және жүре пайда болған деформациялары да өттің іркілуіне әкелуі мүмкін, көбінесе бұл өт қабының мойыншағы иілуі, бұралуы және тарылуы.

Өт іркілуінің белгілері:

  • оң жақ қабырға астындағы ауырсыну – тартылу/ауырсыну немесе өткір - күшті пароксизмальды ауырсыну
  • кекіру, қыжыл, ауызға ащы дәм келуі, ауыздан жағымсыз иіс шығуы
  • диспепсия – жүрек айну, құсу, іш кебуі
  • ішек қызметінің бұзылуы, көбінесе іш қату
  • салмақ жоғалту
  • сынғыш сүйек, құрғақ тері мен шаш, сынғыш тырнақ - майда еритін дәрумендердің жетіспеушілігінің белгілері
  • созылмалы шаршау, ашушаңдық
  • асқынған жағдайларда – терінің және сілемейлі қабаттардың сарғаюы, терінің қышуы, зәрдің қараюы, нәжістің түсінің өзгеруі.

Өт іркілуінің дамуын болдырмаудың алдын алу шаралары, ең алдымен, пайдалы майлардан тұратын дұрыс диета. Бұл аз мөлшерде сары май немесе зәйтүн майы, аздап майлы ет, майлы балық, аз мөлшерде зәйтүн, жаңғақтар, авокадо, жұмыртқаның сарысы, ірімшіктер. Асқазан-ішек аурулары болмаса -  ащы өнімдер (аскөк, рукола, көк пияз, бақбақ) және ащы дәмі бар тағамдарды (балдыркөк, қырыққабат, шалғам, сарымсақ, пияз). Екіншіден, өте маңызды мәселе, күндіз кем дегенде 1,5-2 литр су, ал таңертең жылы су ішу - құрысуларды спазмды және өттің шығуына ықпал ететін пайдалы әдет. Үшіншіден, физикалық белсенділік - өт шығаруға және өт қабын босатуға көмектесетін қарапайым жаттығулар.

Осы шараларды сақтау өт іркілуін болдырмауға ғана емес, сонымен қатар артық салмақ пен семіздіктің даму қаупін азайтуға көмектеседі.

Егер өт іркілуінің себептері мен белгілері болса, профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өту және өт іркілуінің дамуын және соның салдарынан ауыр аурулардың алдын алу үшін дәрігермен кеңесу маңызды.

Өз денсаулығыңызды күтіңіз!


Аурухана серіктестері