Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Организмде микроэлементтер мен дәрумендердің жетіспеушілігі туралы не білу керек?

  29.04.2022
Организмде микроэлементтер мен дәрумендердің жетіспеушілігі туралы не білу керек?

Күнделікті тамақтану рационында минералдар мен дәрумендердің жеткілікті мөлшері болуы керек, олардың ұзақ мерзімді жетіспеушілігі созылмалы аурулардың дамуына және ерте қартаюға әкелуі мүмкін. Сондықтан күнделікті дәрумен мөлшерін өңделмеген тағамдар мен тағамдық қоспалардан алған жөн. Адам организмі қандай да бір себептермен минералды заттар мен дәрумендерді жеткілікті мөлшерде қабылдамаған жағдайда олардың жетіспеушілігі пайда болады.
Әдетте микроэлементтер мен дәрумендердің жетіспеушілігі:

  1. Қатаң диета, монодиета ұстаумен;
  2. АІЖ аурулары кезінде тағам сіңуінің төмендеуімен;
  3. Физиологиялық жағдайлармен (жүктілік және емізу);
  4. Қарқынды дене белсенділігімен;
  5. Аурудан кейін жазылумен;
  6. Зиянды өндірісте жұмыс істеумен байланысты. 

Біздің организмімізде көбінесе темір, йод, D дәрумені, В12 дәрумені, кальций, магний және А дәрумендері мен микроэлементтердің жетіспеушілігі байқалады. 

Егер Сізде келесі көрсеткіштер кездескен жағдайда организмде микроэлементтер мен дәрумендердің қажетті мөлшері болуына зерттеу жүргізген дұрыс:

  • созылмалы шаршағандық (ұйқының бұзылуы, әлсіздік, ұйқышылдық, бас ауруы, тәбеттің болмауы, тез шаршағыштық);
  • терінің бұзылуы – қабыршықтану, қышу және бөртпе, шаш пен тырнақтың құрғауы мен сынғыштығы;
  • себепсіз ашушаңдық, нервоздық немесе апатиялық күй;
  • иммунитеттің төмендеуі (жиі суық тию);
  • жүктілікті жоспарлау, бедеулік;
  • ерлер денсаулығының проблемалары;
  • аллергиялық реакциялар.

Көптеген жағдайларда дұрыс үйлесімді тамақтанудың көмегімен микроэлементтер және дәрумендердің жетіспеушілігін болдырмауға болады. Организмде олардың жетіспеушілігі анықталған кезде, дұрыс тамақтанып, дәрігердің ұсынысы бойынша дәрумендер мен микроэлементтер жиынтығын қабылдау керек.


Аурухана серіктестері