Иконка Call Center

Иконка для слабовидящих

Тіркелу

МЕТАБОЛИЗМДІК СИНДРОМ

  20.06.2025
МЕТАБОЛИЗМДІК СИНДРОМ

Метаболизмдік синдром (МС) – бұл зат алмасудың кешенді бұзылысы, ол жүрек-қантамырлары аурулары мен 2 типтегі қантты диабеттің даму қаупін арттырады. Ересектер арасында МС таралуы 20-35% аралығында (әйелдерде бұл ер адамдарға қарағанда 2,5 есе жиі кездеседі).

 МС дамуының қауіп факторлары:

  • Мінез-құлық факторлары: аз қозғалысты өмір салты, тағам рационында жоғары калориялы майлы тағамдардың басым болуы;
  • Әйелдерде бел шеңбері 80см және>, ер адамдарда 94 см және> одан жоғары болуы;
  • Генетикалық бейімділік;
  • Қан қысымының 130/85 мм жоғары болуы.
  • Әйелдердегі менопауза кезеңі;

МС диагностикалық белгілері:

 Негізгі:

  • Абдоминалдық семіздік: бел шеңбері әйелдерде 88 см-ден, ал ер адамдарда 102 см-ден асады;

 Қосымша:

  • Қан қысымының 140/90 мм жоғары болуы;
  • Гипергликемия: қандағы глюкоза концентрациясының >6,1 ммоль/л жоғары болуы;
  • Дислипидемия: қандағы триглицеридтердің жоғары болуы> 1,7 ммоль/л, қандағы жалпы холестериннің
    жоғары болуы>5 ммоль/л (HDL тығыздығы жоғары липопротеидтердің төмен болуы<1,0 ммоль/л және LDL тығыздығы төмен липопротеидтердің жоғары болуы >3,0 ммоль/л);

Негізгі белгінің және 2 қосымша белгінің болуы МС диагнозын қою үшін диагностикалық критерий болып табылады.

Әрбір жағдай жеке-жеке қауіпті, сонымен бірге адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін бірқатар патологиялық бұзылулар басталады. Метаболизмдік синдром тәуелсіз ауру болып саналмайды, бұл жиі кездесетін симптомдар және олар бірге неғұрлым ауыр бұзылулардың даму қаупін арттырады.

 МС несімен қауіпті?

  • Инсульт
  • Жүрек ұстамасы
  • 2 типтегі қантты диабет
  • Бүйрек және бауыр аурулары
  • Егде жастағы адамдарда есте сақтау қабілетінің нашарлауы

Қауіп тобы

  • Семіздікке шалдыққан адамдар
  • Қимыл-қозғалысы аз өмір салтын ұстанатындар
  • Қантты диабет және жүрек-қантамырлары аурулары бойынша тұқым қуалаушылық бейімділігі бар адамдар.

Метаболизмдік синдромды анықтау үшін қауіп топтарына аурудың бастапқы белгілері де, оның асқынулары да бар адамдар жатады, мысалы:

Артериалық гипертония;

2 типтегі қантты диабет (немесе предиабет);

Артық салмақ және семіздік;

ЖИА болуы, перифериялық жүрек-қантамырлары ауруы, атеросклерозбен байланысты цереброваскулярлық аурулар;

Тікелей туыстарында гиперлипидемия, семіздік, қант диабеті немесе ЖИА бар болуы;

Аз қозғалысты өмір салты;

Анабез поликистозы синдромы;

Эректильді дисфункция;

Несеп қышқылы алмасуының бұзылуы (гиперурикемия немесе подагра);

Әйелдердегі менопауза кезеңі.

МС алдын алу:

  • Орташа, бірақ тұрақты физикалық белсенділік (күніне кемінде 30 минут);
  • Дененің салмағын бақылау (салмақты тек 3-5% төмендету МС даму қаупін төмендетуі мүмкін);
  • Теңгерімді тамақтану: көбірек көкөністер мен жемістер (күніне, кемінде 500 гр.) және тұтас дәнді дақылдар;

жеткілікті мөлшерде ақуыз (дене салмағының 1 г/кг); тұзды күнделікті тұтынуды 2-5г. дейін азайту), қаныққан және транс майлар, сондай-ақ ақ нан және газдалған сусындарды азайту;

  • Темекі шегуді және алкогольді шамадан тыс пайдаланудан бас тарту;
  • МС даму қаупі бар адамдар үшін тұрақты профилактикалық медициналық тексерулерден өту.

Маңызды: Егер сізде МС бар болса және қан қысымын, липидтер мен қандағы қант деңгейін төмендететін дәрі-дәрмектерді қабылдап жүрсеңіз, емдеуші дәрігердің ұсыныстарына сәйкес оларды тұрақты қабылдау қажет, өйткені онсыз МС-пен күресе алмайсыз.

Есіңізде болсын! Физикалық белсенділіктің төмендеуі және жоғары калориялы тамақтану МС дамуының және проблемасы бар адамдар санының өсуінің негізгі себептері болып табылады.


Аурухана серіктестері