Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Маусымдық поллиноз

  19.08.2022
Маусымдық поллиноз

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша әлем халқының шамамен 30% аллергиядан зардап шегеді, ал отыз жылдан кейін бұл аурудан зардап шегетіндердің саны анағұрлым өсуі мүмкін.

Бұл жаппай аурудың негізгі себебі – өркениеттің дамуына байланысты иммундық жүйенің дисбалансы, табиғатқа араласу, ауаның ластануы, тұрмыстық химия, консерванттар, әртүрлі вирустық инфекциялар, паразиттер және дәрі-дәрмектерді ұтымсыз қолдану.

Гүлді өсімдіктерден туындаған маусымдық аллергия/поллиноз кезеңдері:

  • Алғашқы кезеңі –  көктемде, сәуір айының аяғында әр түрлі ағаш түрлері – қандыағаш, қайың және басқа да ерте бүр жаратын өсімдіктер гүлдеген кезде басталады.
  • Екінші кезеңі – мамырдан маусымға дейін созылады, терек, шалғындық шөптер және көгалдар тозаңды таратады.
  • Үшінші кезең – шілденің ортасынан басталып, қыркүйекке дейін созылады, бұл арамшөптердің гүлдену кезеңі – жусан, алабота және т.б.

Негізгі симптомдары:

  • мұрын қышуы,
  • түшкіру,
  • мұрыннан сұйық және түссіз шығындылар (ринорея),
  • жас ағу,
  • жөтел және өкпедегі сырыл,
  • тыныс алудың қиындауы

Маңызды! Өсімдіктердің гүлдену кезеңіне дейін мамандарға жүгіну және ем қабылдау -  аллергиялық реакцияларды жеңілдетеді

Тітіркендіргіштердің әсерін азайту үшін профилактикалық шаралар:

  • орынжайдағы тозаң концентрациясын бақылау (жабық терезелер мен есіктер, кондиционер, ылғалдандырғыш мен ауа тазартқыш, су шаңсорғышы)
  • ыстық желді ауа райында далаға шықпауға тырысу,
  • аллергендік тағамдарды тұтынбау,
  • газдалған сусындар мен фастфудтан бас тарту,
  • спецификалық емес тітіркендіргіштердің (лактар, бояулар, химиялық заттар) әсерін шектеу
  • таңертең ерте уақытта дене белсенділігімен айналыспау, тозаң әсіресе қарқынды бөлінген кезде (таңғы 5-тен 10-ға дейін),
  • ең қарқынды гүлдену кезеңінде демалысқа шығып, гүлдену аяқталған аймақтарға бару
  • үстіңізге тозаң қонуынан күдіктенсеңіз, душ қабылдап, шашыңызды сусабынмен жуыңыз, қолыңызды жақсылап жуып, көзіңізді жылы сумен шайыңыз.
  • үйді күнделікті ылғалды тазалау
  • гүлдену кезеңінде алкоголь тұтынудан бас тартыңыз, өйткені бұл мұрын тыныс алу жолдары қантамырларының ісінуіне әсер етеді.

Микроскопиялық саңырауқұлақтарға аллергияңыз болса:

  • күзде және көктемде бақшада, саяжайда жұмыс істемеңіз (шіріген шөп – микро саңырауқұлақтың көзі)
  • ашытқы қамыр, сыра, квас, шампан тұтынуды шектеңіз
  • егер көлікте кондиционер болса, оны қосқаннан кейін 5 минуттан кейін ғана көлікке отырыңыз (жүйеден саңырауқұлақ споралары шығуы мүмкін)
  • терінің, тырнақтың, шаштың саңырауқұлақтан болған ауруларын емдетіңіз
  • үйде бөлме өсімдіктерін өсірмеңіз, құмыраларда өсетін шегіргүл мен герань гүлдерінен аулақ болыңыз, өйткені олардың айналасында саңырауқұлақтар жиі «өмір сүреді».
  • үйіңізге, кеңселерге аквариум қоймаңыз
  • поллинозды өсімдік шикізатынан жасалған препараттармен (қайнатпалар, шөп тұнбалары, кейбір гомеопатиялық препараттар) емдеуге болмайды.

Негізгі қағида - өз бетімен емделмей,  бұл ауруды жеңуге көмектесетін білікті дәрігерге жүгіну.


Аурухана серіктестері