МҚЖБ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУІҢІЗ КЕРЕК ЖӘНЕ ҚАЙТА СОҚҚЫНЫ ҚАЛАЙ БОЛДЫРМАУҒА БОЛАДЫ

29 қазанда Дүниежүзілік Инсультпен күрес күні атап өтіледі, оның мақсаты ми инсульті проблемасына халықтың назарын аудару болып табылады.
Ми қан айналымының жіті бұзылуы (МҚЖБ) — бұл мидың қанмен қамтамасыз етілуінің кенеттен нашарлауы, нәтижесінде нерв жасушаларының зақымдануы немесе өлуі және олар жауап беретін организм функцияларының бұзылуы.
Қарапайым тілмен айтқанда, бұл ми қан мен оттегінің жеткілікті мөлшерін алуды тоқтататын жіті жағдай.
|
МҚЖБ ТҮРЛЕРІ |
||
|
Ишемиялық инсульт – бұл тамырдың қан ұйығышымен бітелуі немесе түйілуі, нәтижесінде мидың бір бөлігін қан ағымынсыз қалады |
Геморрагиялық инсульт – тамырдың жарылуы және миға қан құйылу. |
Өтпелі ишемиялық шабуыл (ӨИШ) — тұрақты салдары жоқ, бірақ инсульт қаупі жоғары қысқа мерзімді қан айналымының бұзылуы. |
Негізгі белгілері:
- кенеттен әлсіздік немесе қолдың, аяқтың, беттің ұюы (көбінесе бір жағынан);
- сөйлеудің, көрудің, қозғалыстың бұзылуы;
- қатты бас ауыруы.
Инсульт қайталануының алдын алу жолдары:
- Тағайындалған дәрі-дәрмекті үнемі қабылдау – қан қысымды, холестеринді төмендету және қанды сұйылту үшін.
- Қан қысымын бақылау - күнделікті өлшеу, сынап бағанасынан 140/90 мм төмен ұстау.
- Қандағы қант пен холестерин деңгейін бақылау.
- Темекі шегуден және алкогольден бас тарту.
- Дұрыс тамақтану - аз тұз, жануарлар майы, тәтті; көбірек көкөністер, балық, дәнді дақылдар.
- Қалыпты салмақты сақтау және физикалық белсенді болу — күнделікті серуендеу, дәрігердің ұсынысы бойынша емдік гимнастика.
- Стрестен аулақ болу, жеткілікті ұйықтау, күн тәртібін сақтау.
- Дәрігерде (невропатолог, терапевт, кардиолог) үнемі бақылану.
- Жүрек ырғағын бақылау - аритмия кезінде инсульттің қайталану қаупі артады.
- Алғашқы белгілер пайда болған кезде (әлсіздік, сөйлеудің бұзылуы, бет асимметриясы) — жедел жәрдем шақыру.
Есіңізде болсын, МҚЖБ - бұл қауіп белгісі!
Оны уақытында тану және тез әрекет ету маңызды!
