Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Инсультсыз белсенді ұзақ өмір сүру!

  24.05.2016

Инсультсыз белсенді ұзақ өмір сүру!

20 мамырдан бастап 21 мамыр аралығында СӨСҚ орталығында  Денсаулық мектептерінің кезекті сабақтары өтті, оған 35 адам қатысты.

«Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімінде инсульттардың-ми қанайналымы бұзылуының алдын алу бойынша көкейтесті тақырыпта сабақ өтті. Сабақты алдын алу бөлімінің невропатологы Хадырпатша Лайла өткізді.

2016.05.20-21 1 zozh


ҚР ПІБ МО ауруханасында аталмыш ауру бойынша асқыну қаупі бар пациенттер арасында бірінші және екіншілік инсульттың алдын алу жөнінде бағдарлама өңделіп жатыр.

ДДҰ деректері бойынша дүниежүзінде 10 млн. жуық адам инсульт алады екен. 5 млн. астам адам инсульттан көз жұмады (инсульт алғандардың 50% дейін). Инсульт онкологиялық аурулардан кейін өлім –жітім көрсеткіші ішінде 2-орында тұр. Инсульт алғандардың орта жасы – 25-44 жас аралығы.

2016.05.20-21 2 zozh


МҚЖБ қауіп факторлары ішінде: артериалдық гипертония, шылым шегу, жүрек патологиясы, бастың магистраль артериясының патологиясы, липидті алмасудың бұзылуы, қант диабеті, гемостатикалық бұзылу, ішімдікке және  нашақорлыққа салыну, оральды контрацептивтер қолдану, бас сақинасы, адам жынысы, жасы, этникалық түрге жатуы, тұқым қуалаушылық.

Инсульт дамуының жоғарғы қауіп тобына:

  • инсульт немесе транзиторлық ишемиялық шабуыл (ТИШ) алған кез-келген жастағы науқастар; 

  • ЖИА, жүрек тапшылығы, оның соқпай қалуы, жүрек-қантамырының ревматикалық зақымдануымен ауыратындар;

  • ЭХОКГ деректері бойынша асқазанның сол жақ жиырылғыш функциясының төмендеуімен ауыратындар;

  • сонымен қатар 75 жастағы және одан жоғары қант диабеті және артериялық гипертензиямен ауыратындар жатады.

Инсульт дамуының орташа қауіп тобына:

  • инсульт дамуының жоғарғы қауіп тобына жатпайтын 65 жастан жоғары жастағы науқастар;

  • қант диабетін, артериялық гипертония, перифериялық артерия, ЖИА, қауіптің клиникалық мәні бар факторларын қоса алғанда 65 жастан жоғары жастағы науқастар кіреді.

Мидың (минут және сағат ішінде) зақымданған жерлеріне сәйкес неврологиялық ошақ белгілерінің кенеттен жедел дамуымен сипатталатын инсульттар клиникасымен ерекшеленеді.

Транзиторлық ишемиялық шабуыл (ТИШ) негізі шабуыл басталуынан бастап 5 минуттан 20 минутқа дейін ошақтық симптоматиканың кенеттен дамуымен сипатталады.

Ошақтық белгілер нақты неврологиялық функциялардың бұзылуымен, яғни тиесілі дене бөлігіне сәйкес, аяқ-қолдың сал ауруы, сезімталдықтың бұзылуы, бір көздің көрмей қалуы, сөйлеумен және т.б. сипатталады.

Жалпы ми симптоматикасы – бұл бас ауруы, лоқсу, құсу, сана-сезім ауырсынуы.

Менингитті белгілер (мойын бұлшықеттерінің қаттылығы, жарықтан қорқу, Керниг симптомы және т.б) .

Ишемиялық инсульт кезінде жалпы ми симптоматикасы бәсең байқалады не болмаса мүлдем болмайды, ал ол бассүйек ішіне қан құйылу кезде сыр береді.

Қай кезде инсульт алудан күдіктену керек?

Пациентте кенеттен әлсіздік пайда болуы немесе оның қолында, аяғында сезімталдықтың, әсіресе денесінің бір жағында, жойылуы кезінде.

Кенеттен көрудің бұзылуы, бір немесе екі көздің де көрмей қалу кезінде.

Тілдің күрмеленуі, сөздерді және жай сөйлемдерді түсінбеуі кезінде.

Кенеттен бас айналу, тепе-теңдікті сақтай алмау, қимылды, әсіресе тіл күрмеленуі, әлсіздік және көзге қос көріну сияқты белгілермен бір-бірімен байланыстыра, бағындыра алмау кезінде.

Пациенттің аяқ-қолы қозғалыссыз қалып, есінен танып, комаға түсуіне дейін баратын кезде.

Бас ауруының кенеттен пайда болу кезінде.

Инсультты ерте емдеген дұрыс. Емдеу базистік және спецификалық терапиядан тұрады.

Инсульттар рецидивті келеді. Инсульттың алдын алу қауіп факторларын түзету (артериалдық гипертензия, артық салмақ, гиперлипидемия және т.б.) және жоюдан, мөлшерленген физикалық жүктемеден, дұрыс тамақтанудан, кейбір жағдайларда антикоагулянттардан, тарылған ұйқы және омыртқа артериясын хирургиялық түзетуден тұрады.

ДДҰ бағалауы бойынша дүниежүзінде ересектердің 40% гипертония дамиды және де ол жылсайынғы ондаған миллион өлімнің себепшісі болып табылады.

Алғашқы алдын алу. ESO ұсыныстары:
  •  үнемі артериялық қысымды өлшеп, антигипертензивті препараттар қабылдау керек.
  • үнемі қандағы глюкоза деңгейін, холестеринді бақылап отыру керек.

  • психо-эмоциялық және шамадан тыс физикалық жүктемеден қорғану.

  • жүректің ишемиялық ауруын, аритмия, атеросклероз, қант диабетін уақытында емдеу.

  • алкоголь және темекіні мүлдем тұтынбау.

  • салмақты бақылауда ұстау, жасұныққа, жеміс пен көкөніске бай диетаны қолдану, қаныққан майлар мен ас тұзын тұтынуды шектеу.

  • дене салмағының индексі жоғары адамдарға салмақты түсіру үшін диета ұстау ұсынылады.

  • үнемі мөлшері шектелген физикалық жүктеме болу керек.

  • дәрігер жазған негізгі препараттарды күнделікті ішу: жеке адамға таңдалып алынған дәрмектерді үнемі ішіп отыру инсульттың дауын 40% төмендетеді.

Ерте кезеңде артериялық гипертонияны анықтау және емдеу, мінез-құлықтық қауіп факторларын бақылау- инсульт және жүрек аурулары арқылы болатын өлім –жітім деңгейін төмендетуге ықпалын тигізеді.

Сабақты өткізу барысында презентациялық және бейне материал қолданылды. Барлық қатысушыларға ақпараттық буклеттер мен парақшалар таратылды.


СӨС қалыптастыру орталығы.


Аурухана серіктестері