Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

КВИ КЕЗІНДЕГІ ӨЗІН-ӨЗІ ОҚШАУЛАУДАҒЫ ФИЗИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК!

  28.01.2022

Коронавирустың жаңа жағдайларының күн сайын расталуы халыққа қашықтан жұмыс істеуге және өзін-өзі оқшаулауға көшуді ұсынуға негіз болды.

Үйде ұзақ уақыт болу физикалық белсенділіктің сақталуын төмендетуі мүмкін. Негізінен көп отыру салдары және төмен физикалық белсенділік денсаулық пен өмір сапасына теріс әсер ететіні сөзсіз. Сонымен қатар, ол стрессті тудыруы және азаматтардың психикалық денсаулығына әсер етуі мүмкін. 

Жаттығулар мен денені бос ұстап, дұрыс тынығу карантин кезінде сабырлы болуға және денсаулықты сақтауға көмектеседі. 

ДДҰ аптасына кемінде 150 минут орташа физикалық белсенділік немесе 75 минут қарқынды физикалық белсенділік не орташа және күшті физикалық белсенділікті үйлестіруді ұсынады. 

Бұл ұсыныстарды үйде арнайы жабдықсыз және шектеулі кеңістікті ескере отырып орындауға болады.
  • Күні бойы қысқа белсенді үзілістер жасаңыз.
  • Үй шаруасымен айналысу, балалармен ойнау, би билеу де үйде физикалық белсенді болуға мүмкіндік береді.
  • Жүріңіз. Бір орында жүру немесе периметр бойынша серуендеу белсенді болуға көмектеседі.
  • Телефонмен сөйлескен кезде отырмаңыз, тұрыңыз немесе үй ішінде жүріңіз.
  • Сыртта серуендеу немесе жаттығу жасау үшін басқа адамдардан кемінде 1 метр қашықтықта тұрғаныңызға көз жеткізіңіз.
  • Отырған күйде өткізетін уақытты азайтыңыз және мүмкіндігінше, көбіне тұрып жүріңіз. Отырған және жатқан күйде 30 минуттай болыңыз. Түрегеп тұрып жұмыс істеуге мүмкіндік беретін биік аяқтары бар үстелді пайдалануды қарастырыңыз.
  • Денеңізді бос ұстап демалыс жасаңыз. Медитация, терең тыныс алу және дем шығару тыныштануға көмектеседі.
Маңызды! Денсаулықты сақтау үшін жеткілікті суды тұтыну және дұрыс тамақтану керек.


Аурухана серіктестері