Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ – ТҰМАУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ СПЕЦИФИКАЛЫҚ ЕМЕС ЖОЛЫ

  09.01.2020

Спецификалық емес жолмен тұмаудың алдын алу дегеніміз – қоғамдық және жеке гигиена ережелерін сақтауды, иммунитетті нығайтуды және ағзаның күйзеліске төзімділігін арттыруды білдіреді. 

Иммунитет, қарапайым сөзбен айтқанда, адам ағзасын көптеген аурулардан, соның ішінде тұмаудан қорғайтын басты тетігі болып табылады. Бұл қорғаныстың табысты жүзеге асуы осы механизмді дұрыс пайдалана білуіңізге байланысты. 

Иммунитетті нығайтудың ең маңызды және пәрменді тәсілі, әрине, саламатты өмір салты болып табылады. Саламатты өмір салтының негізгі факторы дұрыс тамақтану болып табылатыны бәрімізге белгілі. Иммунитетті нығайтудағы нутриенттердің/ тағамдық заттардың маңыздылығын көптеген ғылыми зерттеулер дәлелдеген. 

Ең маңызды тағамдық нутриенттер және олардың тағамдардағы көздері.

Табиғатта иммунитет үшін маңызды тағамдық нутриенттер жеткілікті және олар әр түрлі азық-түлік өнімдерінде болады, яғни біздің рационымыз қаншалықты әртүрлі болса, ағзаны барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ету ықтималдығы артады. 

Сонымен, иммунитетті нығайту және арттыру үшін қажетті ең маңызды нутриенттер қатарына: нәруыздар, дәрумендер, минералды заттар, Омега-3 қанықпаған май қышқылдары, фитонцидтер және т. б. жатқызуға болады.

 

Нутриент

Иммунитетті қалыптастырудағы рөлі

Көздері

Нәруыздар

ағзаға негізгі құрылымдық элемент ретінде қажет. Олар иммуноглобулиндер синтезделінетін алмастырылмайтын амин қышқылдарының көздері болып табылады және сонымен қатар, олар микроорганизмдер зақымдаған жасушалардың қалпына келуіне ықпал етеді

балық, әсіресе теңіз балығы, ет, жұмыртқа, сүт өнімдері, қырыққабат (ақ қауданды, түрлі-түсті, брокколи), жаңғақтар, саңырауқұлақтар, бұршақ, зімбір, асқабақ тұқымы

С дәрумені

ағзаның сыртқы ортаның қолайсыз факторларына қарсы төзімділігін арттырады, ағзаны вирустардан қорғайтын интерферон мен антиденелердің өндірілуін арттырады, иммундық жасушаларды өндіруге қатысады, күшті антиоксидант болып табылады

жидектер (итмұрын, қарақат, бүлдірген, шетен, шырғанақ, мүкжидек); жемістер (апельсиндер, лимон, грейпфруттар, мандариндер, киви, хурма, алма); көкөністер (ашытылған қырыққабат, түрлі-түсті қырыққабат, брокколи, брюссель қырыққабаты, тәтті бұрыш)

А дәрумені

Фагоцит-жасушаларының жұмысын күшейтеді, осылайша ағзаның қорғаныс күштерінің белсенділігін арттырады, күшті антиоксидант болып табылады.

асқабақ, сәбіз, қызанақ, тәтті бұрыш, манго, шырғанақ, өрік, қауын, шие, жасыл көкөністер (брокколи, шпинат, жасыл пияз, жасыл бұршақ), жануарлардан алынатын өнімдер (балық майы, балық және жануарлардың бауыры, сүт, жұмыртқа, сары май, ірімшік, сүзбе).

Цинк

тимустың иммундық безінің гормондарын синтездеу үшін қажет, иммунитетті басатын кортизолдың деңгейін реттейді, фагоциттердің өндірілуіне ықпал етеді, А және С дәрімендерінің иммунокүшейткіш қасиеттерін күшейтеді

Теңіз балығы, бауыр, сұлы жармасы, жаңғақ, жұмыртқа сарысы, ірімшік, жасыл бұршақ, бұршақ

Селен

антиденелерді өндіруге қатысады, антиоксиданттық әсері бар, сонымен қатар, ағзада мырышты сақтауға көмектеседі

теңіз балығы, теңіз өнімдері, қуырылмаған жаңғақтар, тұқымдар мен дақылдар, саңырауқұлақтар

Фитонцидтер

ауру тудыратын микроорганизмдерді өлтіреді, ағзаның инфекцияларға қарсы тұруын арттырады және тіндердегі қалпына келтіру процестерін күшейтеді

пияз, сарымсақ, шалғам, ақжелкек, мойыл, қарақат, қаражидек

Омега-3 май қышқылдары

Қабыну және иммунитетті нығайту процестерін реттейді (төмендетеді)

балық майы, майлы теңіз балығы (ақсерке, тунец) және форель, теңіз өнімдері, зәйтүн майы


Осылайша, алдын алудың басқа да тәсілдерімен қатар, оның ішінде физикалық белсенділік те бар, жоғарыда келтірілген нутриенттерге бай өнімдерді үнемі пайдалана отырып, тұмауды ғана емес, басқа да көптеген аурулардың алдын ала аламыз.


Аурухана серіктестері