Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні

  10.10.2022
Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні

Әр адамның амандығының негізі – қабілеті мен әлеуетін жүзеге асыра алатын, өнімді жұмыс істейтін және күйзеліске төтеп бере алатын психикалық денсаулық.

Жыл сайын 10 қазанда бүкіл әлемде Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні атап өтіледі. ДДҰ мәліметтері бойынша 2019 жылы пандемия басталғанға дейін әлемдегі әр сегізінші адам психикалық денсаулығының бұзылуынан зардап шеккен. СОVID-19 пандемиясынан туындаған психикалық денсаулық дағдарысы да қысқа және ұзақ мерзімді күйзеліс тудырып, миллиондаған адамның психикалық денсаулығына нұқсан келтірді.

«Психикалық денсаулық пен амандықты жаһандық басымдыққа айналдыру» – биылғы жылдың тақырыбы.

Бұл күннің мақсаты – халықты психикалық денсаулық мәселелері, сондай-ақ оны нығайту, алдын алу және емдеу әдістері мен тәсілдері туралы хабардар ету.

Адамның физикалық және психикалық күйі бір-бірімен тығыз байланысты. Психикалық денсаулық күшті жүйке жүйесіне, ақыл-ой, рух және дене саулығына байланысты. Осылардың барлығы адамда болған жағдайда кез-келген өмірлік қиындықты жеңуге мүмкіндік болады. Ауру пайда болуының алдын алу маңызды.

«Дені саудың – жаны сау» қағидасы:

  • Қалыпты физикалық белсенділік пен дұрыс тамақтану – жүрек пен қантамырларының саулығының, күшті жүйке жүйесінің және мықты иммунитеттің кепілі.
  • Кем дегенде 7-8 сағат ұйықтау – дененің тез қалпына келуіне және стрестік жағдайларға төзімді болуға көмектеседі.
  • Хобби немесе сүйікті ісіңізбен айналысу – организмнің «қуаныш гормонын» бөлуіне әсер етеді.
  • Қызықты және позитивті адамдармен араласу оң энергиямен қуаттап, жалпы денсаулыққа жағымды әсер етеді.
  • Ішіңдегіні айта білу – ішіңдегіні түгел айтып жеткізбеу, жағымсыз эмоциялар, түсінбеушілік пен күйзеліс ауыр психикалық бұзылуларды тудыруы мүмкін.
  • Жайсаңдылық, мейірімділік пен қайырымдылық – өмірдегі қиын сәттерді жеңуге көмектесетін жағымды сезімдер.

Көмекке мұқтаж әр адам психикалық денсаулықты нығайту жолдары мен алдын алу шараларын білуі керек.

Көмекті психикалық денсаулықты қорғауға байланысты денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді.  

Қазақстанда медициналық-әлеуметтік көмекке мұқтаж пациенттерге консультациялық, психологиялық қолдау көрсету үшін психикалық денсаулық қызметінің байланыс-орталығын ашу бойынша жұмыс жүргізілуде. Көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.


Аурухана серіктестері