Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Артериялық гипертензия дамуының қаупі факторлары және алдын алу!

  11.05.2023

ДДСҰ қолдауымен Дүниежүзілік гипертензияға қарсы лиганың және Халықаралық гипертония қоғамының бастамасымен 2005 жылдан бері жыл сайын 17 мамырда бүкіл әлемде халықаралық артериялық гипертензиямен күрес күні аталып өтеді. Бұл іс-шараның мақсаты – халықтың осы ауру туралы хабардарлығын арттыру.

Артериялық қан қысымы (АҚ) — қан ағымы қантамырларының қабырғаларын қысатын күш.

Артериялық гипертензия (АГ) – қазіргі әлемде ең көп таралған аурулардың бірі, ол ұзақ уақыт бойы емделмесе жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия), жүрек және бүйрек жеткіліксіздігі және олардың асқынулары (инсульт, миокард инфарктісі) сияқты қан айналымы жүйесінің ауруларының дамуына әкеледі.

АГ қауіп факторлары:

  • Зиянды әдеттер (темекі шегу, алкогольді шамадан тыс тұтыну)
  • Рационалды емес тамақтану (соның ішінде тұзды шамадан тыс тұтыну)
  • Дене белсенділігінің төмен болуы
  • Артық дене салмағы, семіздік
  • Стресске ұшырау
  • Созылмалы шаршау
  • 35 жастан асқан адамдар
  • Тұқым қуалайтын бейімділік

АГ алдын алу:

1. Алғашқы профилактика – бұл ауру пайда болуының алдын алу (қан қысымы қалыпты дені сау адамдар үшін басқарылатын қауіп факторларын болдырмау).

  • Зиянды әдеттерден бас тарту – темекі шегуден және алкогольден толық бас тарту немесе кем дегенде алкогольді ішімдіктерді тұтынуды азайту. 
  • Қалыпты физикалық белсенділік – төзімділікті шыңдауға бағытталған жаттығулар (жалпы күш беретін тыныс алу жаттығулары, жүзу, серуендеу, жүгіру, велосипед тебу)
  • Дұрыс тамақтану – жануар өнімдеріне қарағанда көбірек өсімдік өнімдерін тұтыну, майлы, қуырылған, тұзды тағамдарды шектеу (күніне 5 грамнан аз тұз, тұзды көк шөппен, сарымсақпен және т.б. алмастыру), шұжық, шұжықша, фаст-фуд, газдалған тәтті сусындарды тұтынбау.
  • Психологиялық тынығу – стресті басқаруды үйрену (психологиялық тынығу әдістерін игеру — аутотренинг, медитация).

2. Гипертонияның екінші профилактикасы – «Артериялық гипертензия» диагнозы қойылған пациенттерге қолданылады. Негізгі мақсаты – АГ күрделі асқынуларын болдырмау (жүректің ишемиялық ауруы, миокард инфарктісі, ми инсульті).

Қайталама профилактика екі компонентті қамтиды:

Гипертонияны дәрілік емес емдеу – бастапқы профилактикаға сәйкес келеді, бірақ талаптары анағұрлым қатаң, барлық шектеулер мінез-құлық қағидаларына айналады.

Гипертензияға қарсы (дәрілік) терапия жүрек-қантамырлары асқынуларының даму қаупін азайтуға көмектесетін қан қысымының деңгейін төмендетуге және тұрақтандыруға бағытталған белгілі бір препараттар кешенін қабылдау.

Маңызды! Дәрігердің барлық ұсыныстарын қатаң сақтаңыз. Қан қысымының тұрақталуына қарамастан, дәрі-дәрмек қабылдауды тоқтатпаңыз, өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізіңіз және өз дәрігеріңізбен байқаған өзгерістерді талқылап отырыңыз.


Аурухана серіктестері