логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Қантты диабет кезіндегі АСҚЫНУЛАР

  19.11.2024
Қантты диабет кезіндегі АСҚЫНУЛАР

Қантты диабет кезіндегі асқынулар ұзақ уақыт бойы қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы нәтижесінде пайда болады. Олар шағын және үлкен қантамырларда қан айналымы бұзылыстары түрінде көрінеді.

Қантты диабеттің ең жиі кездесетін және ауыр асқынулары:

  • Диабеттік ретинопатия – көз торының зақымдалуы (көру қабілетінің ішінара немесе толық жоғалуы)
  • Диабеттік нефропатия – бүйректің зақымдануы (жоғары қан қысымы)
  • Диабеттік нейропатия – жүйке зақымдануы (аяқ, қол сезімталдығының біртіндеп жоғалуы және ауырсыну сезімі).
  • Үлкен қантамырлардың зақымдануы (атеросклероз) стенокардияға, миокард инфарктісіне және инсультке әкелуі мүмкін.
  • Иммунитеттің төмендеуі иммундық жүйе жасушаларына жоғары қант деңгейінің әсерінен, ағзаның инфекцияларға (бактериялық, вирустық, саңырауқұлақтық) төзімділігін төмендетеді.
  • Жараның нашар жазылуы, тіпті терідегі жеңіл жарақат, әсіресе аяқта терең, тез жұғатын ойық жара тудыруы мүмкін;

Гипогликемия туралы білу маңызды - глюкоза деңгейінің 3,9 ммоль/л-ден төмен түсуі (кейде 5-6 ммоль/л.), тез, кенет дамиды және тершеңдік, әлсіздік, діріл, жүрек соғысының жиілеуімен сипатталады.

Егер гипогликемия тоқтатылмаса, пациент қандағы қантты көтеру үшін қажетті әрекеттерді өз бетінше жасай алмаған кезде гипогликемиялық комаға түсуі мүмкін.

Өршіту факторлары:

  • Қант деңгейін түсіретін препараттардың артық дозасы
  • Ұзақ мерзімді физикалық белсенділік (глюкозаны тұтынудың жоғарылауы)
  • Босанғаннан кейінгі ерте кезең
  • Бүйрек үсті безінің немесе гипофиздік жеткіліксіздігі
  • Көмірсу жетіспеушілігі, алкоголь тұтыну, салмақ тастау мақсатында тамақты шектеу (қант деңгейін төмендететін препараттардың дозасын азайтпай)

Гипогликемия кезінде не істеу керек?

Оңай сіңетін көмірсу тұтыну (суда немесе шайда 4-5 дана /20 г қантты ерітіңіз) немесе ½ стакан тәтті шырын/сусын ішіңіз.

Маңызды! Қантты диабетке шалдыққан, қант деңгейін төмендететін дәрі-дәрмек қабылдайтын науқас әрқашан өзімен бірге оңай сіңетін көмірсулар (кесек қант, сусын...) алып жүруі керек.

Ауыр гипогликемия жағдайында, науқас өзіне көмектесе алмаса, бірақ есін біліт тұрса, оған тәтті сусын ішкізу немесе тәтті нәрсе жегізу керек. Есінен танып қалған жағдайда, жедел жәрдем шақыру керек.

Гипогликемия қайталанса дәрігермен міндетті түрде кеңесу қажет!

Кетоацидоз жағдайы/комасы

Бұл жіті жағдай инсулин терапиясының жеткіліксіздігі немесе оған деген қажеттіліктің жоғарылауы салдарынан инсулиннің абсолютті немесе күрт айқын салыстырмалы жетіспеушілігінен туындаған қанттың көтерілуінен (15-17 ммоль/л-ден астам) пайда болады.

Өршіту факторлары:

  • Дозаның жеткіліксіздігі немесе инсулин инъекциясын (немесе дәрі қабылдауды) өткізіп алу
  • Глюкозаны төмендететін терапияны өз бетімен тоқтату
  • Инсулин енгізу техникасының бұзылуы
  • Басқа аурулардың қосылуы (инфекция, жарақат, операция, жүктілік, миокард инфарктісі, инсульт, стресс және т.б.)
  • Алкогольді асыра тұтыну
  • Кейбір дәрілерді қабылдау (глюкокортикостероидтар және т.б.)

Симптомдары:

  • ауыз құрғауы, шөлдеу
  • кіші дәретке жиі бару
  • салмақ тастау ықтимал (ұзақ кетоацидоз кезінде)
  • іштің қатты ауыруы, жүрек айну, құсу (жағдайдың өршуіне қарай)
  • жиі терең тыныс алу/Куссмауль тынысы, дем шығарғанда ацетон иісі (кома дамуының белгісі).

Емдеу:

  • инсулин терапиясы
  • жоғалған сұйықтықты қалпына келтіру
  • минералды және электролиттік алмасуды түзету
  • кома тудыратын ауруларды және кетоацидоздың асқынуларын емдеу.

Маңызды! Қантты диабеттің ұзақ мерзімді декомпенсациясын болдырмаңыз және дереу дәрігермен кеңесіңіз!

Есіңізде болсын! Қант, холестерин және қан қысымының деңгейін үнемі бақылау көптеген асқынудың алдын алады!


Аурухана серіктестері