логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Тіркелу

31 МАМЫР - ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТЕМЕКІСІЗ КҮН

  22.05.2025
31 МАМЫР - ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТЕМЕКІСІЗ КҮН

ДДҰ темекі эпидемиясына және темекі шегумен байланысты салдарға, денсаулыққа қауіп-қатерлерге және темекіні тұтыну деңгейін төмендетудің тиімді шараларына жаһандық назар аудару үшін 1987 жылы Дүниежүзілік темекісіз күнді белгіледі.

Темекі тұтыну және темекі шегуге қарсы күрес бүкіл әлемде проблема болып отыр. Бұл істегі ең маңыздысы – темекі шегудің зияны туралы хабардарлықты насихаттау.  Темекі шегудің зияны туралы бәрін біле отырып, адам саналы түрде оған деген көзқарасын таңдайды, сонымен қатар оның денсаулығына тигізетін зардаптары үшін барлық жауапкершілікті саналы түрде қабылдайды.

Темекі шегу – темекі түтінін жұтумен байланысты ең көп таралған жаман әдеттердің бірі. Әлемде әр 13 секунд сайын бір адам қайтыс болады (БҰҰ мәліметтері бойынша).

Кез-келген темекі өнімін пайдалану тек темекі шегетін адамның өзі үшін ғана емес, сонымен қатар жақын адамдары үшін де қауіпті. Темекі түтіні өзінің улы және канцерогендік әсерін 10 метр радиуста сақтайды.

Темекі түтінінің организмге зиянды әсері

балаларға

жүкті әйелдерге

Балалар ересектерге қарағанда жиі тыныс алады, олардың жетілмеген организмі түтіннің көп бөлігін қабылдайды. Мұндай балалардың дамуы тежеледі, тәбеті жоғалады, шамадан тыс бәсең немесе белсенді болады, нашар ұйықтайды, көп кесірленеді, танымдық қабілеті төмендейді, зат алмасу, ас қорыту және т.б. процестер бұзылады

Темекі түтініне жұтқан жүкті әйелдерде токсикоздың пайда болу ықтималдығы әлдеқайда жоғары; босану кезінде асқыну ықтималдығы екі есе жоғары; көптеген созылмалы ауру күшейеді, бұл өлі туу жиілігінің артуына, сондай-ақ нәрестенің әлсіз және шала тууына әкеледі.

Темекі шегу токсикоманияның бір түріне жатады, психикалық және физикалық тәуелділікті дамыта отырып, организмнің созылмалы улануын тудырады.

Темекі өнімдеріндегі никотин өкпе альвеолалары арқылы қантамырларына тез енеді. Темекі түтінінде уытты заттардың – көміртегі тотығы, гидроциан қышқылы, күкіртсутек, көмірқышқыл газы, эфир майлары, аммиак, темекі қарамайының көп мөлшері бар.

Никотин орталық жүйке жүйесін қоздырады. Миға оттегі мөлшері азайған қан түседі, бұл темекі шегетін адамның психикалық белсенділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Ауыз қуысының, көмейдің, мұрынның, жұтқыншақтың және бронхының сілемейлі қабығының тітіркенуінен бастап, тыныс алу жолдарының қабынуы дамиды. Ұзақ уақыт бойы темекі шегу кезінде темекі дауыс байламдарының тітіркенуін тудырады, дауыс саңылауын тарылтады. Өкпе обырының даму қаупі артады.

Қара сілемейлі зат бөлінетін жөтел демігу және тыныс алудың қиындауын тудырады.

Темекі шегу кезінде қан қысымы көтеріледі, ми жасушаларында қан айналымы және жүрек қызметі бұзылады, бұл инфарктқа немесе инсультке әкелуі мүмкін. Асқорыту жүйесіне де қауіп төнеді – улы заттардың көп бөлігі сілекеймен бірге асқазанға түседі, тіс эмалі бұзылады, тісжегі пайда болады, дәм мен иіс сезу қабілеті төмендейді, тілде сұр өңез, ауызда жағымсыз иіс пайда болады. Асқазанда ойық жара пайда болуы мүмкін. Әсіресе 25-40 жас аралығындағы ер адамдарда жыныстық белсенділік төмендейді.

Дәрігерлер, психологтар, басқа салалардың мамандары бүгінде темекіні тастаудың көптеген жолын ұсынады: гипноз, ине қою, арнайы сағыз, жабыстырғыш. Халықтық емдеу құралдары да бар. Темекі шегетін адам темекі түтінінің организмге зиянды әсерін 15-20 жыл «темекі шегу тәжірибесінен» кейін өзі сезіне бастайды.

Темекі шегуден бас тарту – жоғарыда жазылған аурулардың алдын алудың тиімді шарасы. Әсіресе ұзақ уақыт бойы темекі шеккен адамдарда темекіні тастағаннан кейін алғашқы уақытта қақырықты жөтел күшейеді. Бұл қалыпты процесс, қақырық түсіретін дәрі қабылдап, сілтілі сусын ішу керек.

Қажет болса, темекі шегуден бас тарту тыныс алу бұзылыстарын қалпына келтіру шараларымен қамтамасыз етіледі.

Дене шынықтыру сабақтарының бөлігі ретінде дене жаттығулары ұсынылады:

  • статикалық және динамикалық сипаттағы тыныс алу жаттығулары;
  • сергітетін жаттығулар;
  • емдік массаж;
  • қозғалысты ойындар.

Профилактикалық іс-шаралар тұрақты дене шынықтыру сабақтарын (залда, ауада), жүзу, велосипед тебу, шаңғы тебу, фитнес-клубтардағы жаттығулар, туристік жорықтарды көздейді.

Темекіге тәуелділіктен арылу процесі әрдайым дерлік ұзақ уақыт алады, пациент үшін психологиялық тұрғыдан (және көбінесе физикалық) ауыр болуы мүмкін. Осы себепті, әсіресе жасөспірімдер мен жастар арасында алғашқы профилактикаға медицина қызметкері ерекше назар аударуы керек

.

Аурухана серіктестері