Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

14 қараша қант диабетімен күресу күні

  10.11.2022
14 қараша қант диабетімен күресу күні

Бүгінгі күні әлем бойынша қант диабетімен (бұдан әрі – ҚД) науқастардың саны 463 миллионнан астам адамды құрайды. Бұл мәселенің өзектілігі мен медициналық-әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, ДДҰ қант диабетін 21 ғасырдың эпидемиясы деп жариялады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда соңғы 15 жылда қант диабетімен ауыратындар саны 3,5 есеге өскен. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі (сол кездегі) Ажар Гиният 2021 жылдың қарашасында Ташкентте өткен «Қант диабеті: мониторингтен басқаруға дейін» Орталық Азиялық диабет форумында айтты.

2021 жылдың басында елімізде 382 мың адам диспансерлік есепте тұрған. 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы жағдай бойынша қант диабетімен ауыратын науқастардың саны 431 871 адамды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіштің айтарлықтай өскенін көрсетеді.

Жұқпалы емес аурулардың, оның ішінде қант диабетінің алдын алу және күресу ҚР ДСМ - нің абсолютті басымдығы болып табылады.

Жыл сайынғы қант диабетімен күрес күні аясында 14 қарашада Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында Абдрахманова Ж.Т. эндокринолог дәрігерінің қатысуымен қауіп факторлары бар науқастарға, сондай-ақ қант диабетімен ауыратындарға арналған Денсаулық мектебі өткізілді.






Аурухана серіктестері