Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

«ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ: ДЕНСАУЛЫҚТЫ ТИІМДІ БАСҚАРУДЫҢ КІЛТІ»

  22.08.2024
«ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ: ДЕНСАУЛЫҚТЫ ТИІМДІ БАСҚАРУДЫҢ КІЛТІ»

Өзін-өзі басқару (өзіне-өзі көмек көрсету) - жеке адамдардың, отбасылар мен қауымдастықтардың өз бетінше немесе денсаулық сақтау мамандарының қолдауымен денсаулықты нығайту, аурулардың алдын алу, дененің қалыпты жағдайын сақтау және аурулармен күресу қабілеті.  Өзіне-өзі көмектесу тұжырымдамасы адамдардың денсаулығын қорғаудағы белсенді рөлін тануға негізделген.

Өзіне-өзі көмек көрсету шаралары жауапкершілік пен бастамашылықты арттырады, сондай-ақ адамдар мен жалпы қоғамның денсаулығы мен әл-ауқатына қатысты мүмкіндіктерін арттырады.

Өзіне - өзі көмек көрсету созылмалы ауруларды басқаруда шешуші рөл атқарады, бұл пациенттерге денсаулығын белсенді бақылауға және өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Ол салауатты өмір салтын сақтауды, дәрі-дәрмектерді, цифрлық құралдарды, диагностикалық құралдары қарастырылған дәрігердің ұсыныстарын қатаң сақтауды қамтиды.

  1. Өмір салты:
    • сіздің жасыңызға және денсаулығыңызға сәйкес келетін үнемі жаттығулар жасаңыз (кем дегенде 30 мин/д).
    • пайдалы қоректік заттарға бай дұрыс тамақтануды таңдаңыз және зиянды тағамдарды тұтынуды шектеңіз.
    • салмағыңызды бақылаңыз (ДСИ=салмақ(кг) / бой2 (м). N=18 - 25).
    • жаман әдеттерден бас тартыңыз (бар болса)
    • өзіңізді сау ұйқымен қамтамасыз етіңіз (кем дегенде 7 сағат/т, 23.00-ге дейін жату).
  2. Эмоционалды әл-ауқат:
    • эмоцияларыңызды басқарыңыз және психологиялық жайлылыққа ұмтылыңыз.
    • стресс пен жағымсыз эмоцияларды (медитация, йога, музыка, хобби және т.б.) басқарудың сізге сәйкес келетін жолдарын іздеңіз.
  3. Денсаулықты бақылау:
    • үнемі медициналық тексеруден өтіп, анализдерді тапсырыңыз
    • денсаулық көрсеткіштерін қадағалаңыз (қан қысымы, пульс, қандағы қант пен холестерин деңгейі және т.б.).
    • қазіргі денсаулық жағдайыңыз туралы хабардар болу үшін медицина мамандарына сұрақтар қоюдан тартынбаңыз.
  4. Емдеуді басқару:
    • дәрі-дәрмектерді дәрігердің нұсқауы бойынша қатаң түрде қабылдаңыз.
    • қабылданған дәрі-дәрмектер туралы жазбалар жүргізіп, олардың мерзімдерін қадағалаңыз.
    • жанама әсерлері болмаса, дәрі-дәрмектерді қабылдауды өткізіп алмаңыз.
    • дәрігердің нұсқауы бойынша барлық медициналық процедураларды орындаңыз.
  5. Қоршағандардың қолдауы:
    • жақындарыңызға денсаулығыңыз туралы айтып беріңіз және қажет болған жағдайда қолдау сұраңыз.
    • егер түсініспеушілік болса, өз уайымдарыңызды/қиындықтарыңызды отбасыңызбен және жақындарыңызбен талқылаңыз.

Есіңізде болсын! Өз денсаулығын саналы түрде басқару аурудың тұрақты жағдайына қол жеткізуге және асқыну қаупін, сондай-ақ қолайсыз нәтижені азайтуға ықпал етеді.


Аурухана серіктестері